Презентация Тақырып: Жедел коронарлық синдром. Орындаған: Бухарбаева А. Тобы: в-жмқА-01-18 Қабылдаған



бет2/5
Дата14.09.2022
өлшемі26.86 Kb.
#290370
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жіті коронарлық синдром Бухарбаева Айдана

Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуы.Миокард инфарктысының пайда болуына атеросклерозбен зақымданған тәждік артерия қан тамырларының қуысының тарылуы себепші болады.Сонымен бірге зақымданған қан тамыр аймағындағы атеросклероздық процеске тромбоз (тамырдың бітеліп қалуы) қосылады да, нәтижесінде жүрек бұлшық етінің осы бөлігіне қанның келуі толығымен не ішінара тоқталады. Ал тромбының пайда болуы қанның ұю процесінің бұзылуына әкеліп соғады. Бұл жағдай осындай ауруларда жиі байқалады. Миокард инфарктысына қан қысымы ауруы, қант диабеті, психикалық күйзеліс, семіздік, көп шылым шегу, т.б. әсер етеді. Бұл аурумен 40 – 60 жастағы ер адамдар жиі ауырады. Миокард инфарктысының негізгі белгісі: жүректұсы немесе төстің (кеуденің) асты шаншып ұзақ ауырады. Бұл жүрек бұлшықеті бөлігінің қанды өте аз алуына байланысты қоректік заттар мен оттектің жетіспеушілігінен пайда болады. Әдетте қысып, қызып, күйіп -жанып, батып, керіп ауырады. Аурудың әсері сол қолға, сол жақ жауырынның астына тарайды, кейде адамның бүкіл кеудесі шаншиды.
Патогенезі
Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезінде келесі факторлар басты орынды алады:
  • Атеросклеротикалық түйін жарылуы немесе эрозиясы;
  • Әртүрлі сатыдағы коронарлы артерия тромбозы;
  • Коронарлы артерия спазмы;
  • Коронарлы артерия дистальды эмболизациясы;
  • Қабыну;
  • Атеросклеротикалық түйіндердің жарылуы немесе эрозиясы оның тұрақсыздығы келесі себептермен байланысты:
  • Липидтік ядроның үлкен көлемі;
  • Коллаген зақымдалуымен, жіңішке фиброзды капсула;
  • Біріңғай салалы бұлшықеттер төмен тығыздығы;
  • Макрофагтардың жоғары концентрациясы;

Жіктелуі.
Клиникалық өтуіне байланысты келесі түрге бөледі:
- ауырсынулы
-абдоминалды
-демікпелі
-аритмиялы
- цереброваскулярлы
- симптомсыз
Некроздың орналасуы бойынша:
-сол жақ қарынша инфаркті (алдыңғы, перделік, артқы)
-оң жақ қарынша инфаркті (өзіндік диагноз болып табылмайды, төменгі миокард инфарктімен бірге дамиды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде