Презентация Жануарлар биотехнологиясының құралдары туралы білгендеріңізді чатта жазып көрсетіңіз

Loading...


Дата01.04.2020
өлшемі19.94 Kb.
түріПрезентация
11-зертханалық жұмыс. Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Жануарлар зертханасының құралдары.

Тапсырма1. Жануарлар биотехнологиясының арнаулы құралдарына тоқталыңыз

Презентация 1. Жануарлар биотехнологиясының құралдары туралы білгендеріңізді чатта жазып көрсетіңіз

Биотехнологиялық жұмыстар мақсатына байланысты зертхана құралдарын: жалпы және арнаулы деп екіге бөледі. Жалпы құралдар барлық зертханаларда, ал арнаулы тек арнайы зертханаларда болады. Биотехнологиялық жалпы құралдар: Дистиллятор, Термостат, Электр кептіру шкафы, Автоклав, Электр су моншасы , Тоңазытқыштар, Арнаулы зертханаларда болатын құралдар :МБС қатарлы микроскоп; Ламинарлы бокс; Микрокузница; Термостат-инкубатор. Арнаулы зертханалық құралдарға тоқталатын болсақ:

МБС қатарлы микроскоп – ұрықтарды зерттейтін құрал;

Ламинарлы бокс – гаметалар немесе ұрықтармен ауасы залалсыздандырылған жағдайда жұмыс істеуге арналған құрал.

Микрокузница – микросаймандар жасайтын құрал.

Термостат-инкубатор – гаметалар мен ұрықтарды өсіруге қолайлы (+370 градуста жұмыс істейтін, ауасының құрамында бес пайыз көмірқышқыл газы және ылғалдығы реттелетін) құрал.


Тапсырма 2. Жануарлар биотехнологиясы пәні мен зертханалық жұмыстарының ұйымдастыруы жайлы оқып шығып, жауабын төмендегі кестеге енгізу.

Кесте1




Тапсырма мақсаты

Міндеттері

Әдістері

Зерттеу объектілері

Зертхана түрлері





Жануарлар биотехнологиясының негізгі мақсаты- мал шаруашылығының түсімін арттыру жəне адам өміріне кажетті дәрі-дәрмектер алу.

Осы зертханалық сабақ мақсаты: малшаруашылықтарында биотехнологиялық зертханалық жұмыстарын ұйымдастырумен танысу.




Болашақ мамандарға жануарлар биотехнологиясы саласында сапалы және терең білім беру

Жануарлардың ұрықтары мен соматикалық клеткаларын генетикалық трансплантациясы. Қолдан ұрықтандыруы және жасанды ұрықтандыру әдістері, . Клеткалық және эмбриологиялық инженерияны қолдану, . Ұрық және жыныс клеткаларын криоконсервациялау, . Генетикалық клондау және суперовуляция жүргізу, . Аллофенді жануарлар (генетикалық химералар) алу, . Гендік инженерия және трансгенді жануарларды алу. әдістерді қауіпті биотехнологиялық icik мәселелілерін зерттеуде қолдану жəне т.б. . Азықтар және қоспаларын дайындау мал азықтық технологиялары. . Клетка культурасы және инженериясы; Бағаналы клеткаларды өсіру: Моноклональды антиденелерді алу және т.б.

Омыртқалы жануарлар: тышқан, егеуқұйрық, теңіз шошқасы, атжалман, қоян, ит, мысық, маймыл, тасбақалар, құстар, үй жануарлары т. Б

Омыртқасыз жануарлар: дрозофила шыбыны, кене, құрттар т. Б

Клеткалық культураларды модельдік жүйелер ретінде қолдану: гендер, клеткалар, ұлпалар, мүшелер т. б


Оқу зертханасы: оқу және жұмыс бөлімдерінен тұрады. Оқу бөлімі 2 бөлмеден тұрады: оқу жері, әмбебап блок. Жұмыс бөлімі 2 бөлмеден тұрады: зертханалық жануарлар тұратын виварий және дәрі – дәрмектер пен құралдар сақталатын зертханалық бөлме.

Тапсырма 3. Қазіргі кездегі виварий түрлері: видео 1. Кошкин дом: Жизнь лабораторной крысы https://www.youtube.com/watch?v=cWE1A-uYF34

– Бұл видеода негізінен лабороториялық жағыдайларда егеуқұйрықтарды өсіру, олардың жағдайын жасау және олардың не үшін өсірілетінін туралы айталған. Егеуқұйрықтарды қалай, қандай жағыдайда өсіру керектігі жөнінде,олардың өздерін қандай жағыдайда жақсы сезінеді және жайсыз сезініп тұрғандарын қалай анықтауға болатыны айтылған. Негізі қазіргі кезде бұл жануарлардың пайдасы көп пе әлде зияны көп пе деген тақырыптар көп кездеседі. Әлі күнге дейін талқыланады. Менің ойымша олардың зиянына қарағанда пайдасы көп.



Видео 2. Экспериментальная парадигма (УМКД Универ немесе МOODLE (элемент задание). «Жануарлар биотехнологиясы» зертханасының виварий-питомнигі және Экспериментальная парадигма биоэтикасы туралы қысқа бейнебаян көру және осы тақырыптарға пікірлесу.

– Жыл сайын 150 миллион тәжірибелік жануарлар азапталады және өлтіріледі. Бұл елдердің сұраулары мен есептеулерінен кейін, сондай-ақ ақпарат беруден бас тартқан елдер санын бағалау негізінде алынған. Шынында - әлдеқайда көп. «Эксперименталды парадигма» фильмі медицинадағы жаңалықтардың тарихы туралы айтады, адамдардың көпшілігінің адамзаттың осы саладағы барлық жетістіктерін жануарларға арналған эксперименттермен байланыстыратын әдеттегі стереотиптік идеяларын жояды. Бұл фильм туралы өз ойымды айтатын болсам,мен қарсымын.Жануарларға опыт қоюға,оларды адамдардың игілігі үшін дәрі- дәрмек,оқу процестерінде сонымер қатар косметикалық заттарды тексерістен өткізгенге түбегейлі қарсымын. Бұл видеода айтқандай альтернативаларын пайдаланған жөн деп санаймын. Ал дәрі дәрмектерді тексеруден өткізудің баақа да әдістері бар. Жануарларды пайдалану бұл уақытты бос өткізумен және шығынға ұшыратады.



Бақылау сұрақтары:

13.Ұрықтарды трансплантациялау жұмыстарында ең жиі қолданылатын хирургиялық саймандарды атаңыз.

Хирургиялық саймандарды ұрықтарды транспланттациялау жұмыстарына қолданады. Олар – скальпель, түзу қайшы, Купер қайшысы, қысқыштар, хирургиялық және анатомиялық пинцеттер, Микулич қысқышы, хирургиялық инелер, 5, 10, 20 мл шприцтер.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...