Презентация дүниежүзілік және ірі аймактардың такырыптык карталары



бет2/3
Дата19.01.2023
өлшемі14.49 Kb.
#417100
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Дүниежүзілікжәне ірі аймактардың такырыптык карталары
Кәсіпкерлік 17.11.2022 СЖ, ДИЗИНФЕКЦИЯ, казахстан хх экономикалык дамуы

Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды. Еупадағы жетекші мемлекеттердің жаңа жерлерді бөлісуі және ықпал ету аумақтарын экономикалық, саяси жағынан басқару сипаты дүние жүзінің саяси картасының едәуір өзгеріске түсінуі алып келді. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекет құрылымы мен оны басқарудың жаңа формалары пайда болды. Біраз уақыт аса ірі отар иеленуші мемлекетттер - метрополиялар (грекше metropolis – қала) болып есептеліп келген Испания мен Португалияның қатарына кейіннен Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Германия келіп қосылды. Осылайша Америкада, Африка мен Азияда отарлық аумақтар пайда болды. Мысалы, XX ғасырдың басына қарай отарлық иеліктер Африка жерінің 90% - ын, Азия аумағының 56% - ынан астамын, Америка жерінің 27% - ын алып жатты.

 Саяси картаның мазмұны. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан