ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Орындаған: Алғибай Г.
Тобы: АП21 6К2
Қабылдаған: Марзуова М.
Дүние жүзінің саяси картасы - Жер шарының мемлекет шекаралары, астаналары, ірі қалалары мен жол қатынастары көрсетілген географиялық картасы. Дүние жүзінің саяси картасы - Жер шарының мемлекет шекаралары, астаналары, ірі қалалары мен жол қатынастары көрсетілген географиялық картасы.
Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны,
саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі.
Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер
: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы,
шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады.
Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның
саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің
таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара
қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен
халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға
қатысты күрделі мәселелер жатыр.
Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде.
Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді. Жер шарының бетінің жер ауданы 510,2 млн км кв.
САЯСИ КАРТАСЫ САЯСИ КАРТАСЫ Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды. Еупадағы жетекші мемлекеттердің жаңа жерлерді бөлісуі және ықпал ету аумақтарын экономикалық, саяси жағынан басқару сипаты дүние жүзінің саяси картасының едәуір өзгеріске түсінуі алып келді. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекет құрылымы мен оны басқарудың жаңа формалары пайда болды. Біраз уақыт аса ірі отар иеленуші мемлекетттер - метрополиялар (грекше metropolis – қала) болып есептеліп келген Испания мен Португалияның қатарына кейіннен Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Германия келіп қосылды. Осылайша Америкада, Африка мен Азияда отарлық аумақтар пайда болды. Мысалы, XX ғасырдың басына қарай отарлық иеліктер Африка жерінің 90% - ын, Азия аумағының 56% - ынан астамын, Америка жерінің 27% - ын алып жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |