Тақырыбы №14: ХХ ғ. 50-жылдарының екіншіжартысы мен 1991 жылдыңбасындағыҚазақстантарихнамасы.
Мақсаты: Көрсетілген кезеңдегі Қазақстан тарихының зерттеулерін сипаттау.
Сабақ мазмұны – тақырып бойынша пікірталас әдісін қолдану
1. Қазақстанда археологиялық-этнографиялық зерттеулердің дамуы Көне түріктер және қимақтар мен қыпшақтар тарихының зерттелуі
2. Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері, оны зерттеулердің негізгі кезеңдері. XVIII-XIX ғғ. әлеуметтік-экономикалық қатынастар тарихнамасы
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мәселелерін зерттеу. Қазақстандық тарихшылардың еңбектеріндегі Қазан төңкерісінің, Азамат соғысының, большевиктер қызметінің, жұмысшы тобының және өндіріс тарихының тарихнамасы
4. Ұлы Отан соғыс кезеңіндегі және соғыстан кейінгі Қазақстан тарихын зерттеу. Тың игеру тарихнамасы. Компартияның агралық саясатының мәселелерін талдау, олардың тенденциялық сипаты мен қателіктері
5. Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениеті мен мәдени дамуының тарихнамасы
6. Социализм дәуіріндегі Орта Азия мен Қазақстан тарихына арналған біріккен ғылыми сессия материалдары. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 5 томдық Қазақ ССР тарихын дайындау және шығару
7. Тарихи білімдегі өзгеше ойлауды басып-жаншу. О.Сүлейменов және О.Исмағұлов ғылыми зерттеулері бойынша пікірталастар. Қазақ демократиялық интелигенциясы көрнекті өкілдерінің есімдері мен еңбектерінің халыққа қайтарыла бастауы
Тақырыбы №15: Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы.
Мақсаты: Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының ширек ғасырлық тарихнамасын пайымдау
Сабақ мазмұны – төмендегі тақырыптарға жеке ауызша жауап беру
Тарихтың идеологияландырудан, саясаттандырудан арылуы және Қазақстанда тарихи ойдың жаңғыруы үрдісінің басталуы мен барысы
Қазақ мемлекеттілігінің, Қазақ хандығының тарихын жаңа бағыт тұрғысынан зерттеу (С.Г.Кляшторный, Т.Сұлтанов, Ә.Хасенов, М.Әусейітова, К.Хафизова, Ж.Қасымбаев еңбектері)
«Алаш» қозғалысы бойынша іргелі монографиялық туындылардың жарық көруі және алғашқы қазақ мерзімді басылымдарының тарихын зерттеу (М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, Д.Аманжолова, Қ.Атабаев, Ө.Әбдиманов)
Күштеп тәркілеу, ұжымдастыру, көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру тарихын қайта қарстыру; ХХ ғ. 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басындағы шаруа көтерілістерінің тарихын зерттеудің басталуы (М.Қозыбаев, Қ.Алдажұманов, Т.Омарбеков)
Саяси репрессиялар мен депортация тарихын зерттеудегі жетістіктер (Г.В.Кан, Г.Н.Ким). Қазақ диаспорасының тарихын зерттеу (Н.Мұхамедханұлы, Г.М.Меңдіқұлова, Х.Оралтай). Тарихи-демографиялық ізденістер (М.Тәтімов, Ә.Ғали, М.Асылбеков)
Бес томдық Қазақстан тарихының шығарылуы. «Мәдени мұра», «Тарих толқынындағы Қазақстан» бағдарламаларының аясындағы ұлттық тарихты зерттелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |