Практикалық жұмыс 5 Су нысандарының экологиялық жағдайын бағалау



бет18/20
Дата11.06.2022
өлшемі94.66 Kb.
#267959
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
практикалыық жұмыс 5

Реактивтерді дайындау
1) химиялық таза карбонатты 3000С температурада 1 сағат ішінде кептіреді;
2) 2,119 г навесканы алып, көмір қышқылдың қайнауынан босатылған 1 л дистилденген суда ерітеді. Нәтижесінде концентрациясы 0,02 н сода ерітіндісін аламыз;
3) фенолфталеиннің 0,1пайыздық ерітіндісі; 100 мл этил спиртінде 0,1 г фенолфталеинді ерітіп, дайындайды;
4) сегнет тұзының ерітіндісі: 50 г КnаС4Н4О6 дистилденген суда ерітіп, 100 мл-ге дейін жеткізеді;
5) минералды стандарт. 10 г СоСl2 • 6Н2О және 10 г СuSО4 • 5Н2О көлемі 1 л өлшеуіш колбада ерітеді,10 мл тұз қышқылын қосып ерітіндінің көлемін белгіге дейін жеткізіп, негізгі стандартты ерітіндіні дайындайды. Жұмысқа пайдаланатын ерітіндіні судың негізгі ерітіндісін он есе араластыру жолымен дайындайды.
Жұмыстың барысы:
1) көлемі 200 мл 2 өлшеуіш колбаны сумен шаяды. Бір колбаға суды белгіге дейін құйып, 2 мл фенолфталеин ерітіндісін қосып, тығынмен жауып, абайлап араластырады.*Егер колбада қызғылт түс пайда болса – онда үлгіде көмірқышқылдың жоқтығын білдіреді;
2) басқа колбаға 70 мл минералды стандартты құйып, белгіге дейін сумен жеткізеді;
3) интенсивтілігі стандарт түсіне сәйкес келетіндей, бірінші колбаның құрамын тұрақты бояу шыққанша, сода ерітіндісімен титрлейді.* Егер сода ерітіндісін қосқанда, су лайлана бастаса (себебі, үлкен қаттылық немесе құрамында темірдің едәуір болуы), онда титрлеудің алдынды суға 1 мл сегнет тұзының ерітіндісін қосады;
4) бос көмірқышқыл (Х) құрамын мына (8) формула бойынша есептейді

Х = 4,4 • n мг/л , (8)


мұндағы n – судың 200 мл титрлеуіне кеткен 0,02 н сода ерітіндісінің саны.


Тапсырма Ж Судың жалпы кермектілігін анықтау
Жұмыстың мақсаты: судың жалпы кермектілігін судың табиғи параметрі түрінде қарастырып, сандық әдісті қолданып анықтау.
Судың жалпы, уақытша және тұрақты кермектілігін ажыратады. Судың жалпы кермектілігі сілтілік жер металдардың екі валентті катиондардың, соның ішінде, кальций және магнийдің концентрациясын көрсетеді. Бұл элементтер табиғи жағдайда топырақтың ылғалды қабаттарында жүретін биохимиялық процестердің немесе көміртек қос қышқылының карбонатты минералдарға әсер ету салдарынан суға түседі.
Табиғи сулардың кермектілігі ақаба сулардың әсерінен немесе сутартқыш станцияларда өңдеуден өткен жағдайда өзгеруі мүмкін. Уақытша кермектілік, басқаша, шеттетілетін немесе карбонатты деп аталады. Ол ерігіш кальций және магний гидрокарбонаттарының болуына негізделген.
Тұрақты (карбонатсыз) кермектілік ерігіш кальций және магний тұздарының басқа түрлерінің (мысалға, хлоридтер, сульфаттар, нитраттар және т. б.) болуына негізделген және жалпы мен карбонаттыкермектіліктің айырмашылығы ретінде анықталады.
Жалпы кермектілік кең көлемде түрленеді, ол суат бассейнін құрайтын топырақ және жыныс типіне, сонымен қатар, жыл мезгілдеріне тәуелді болады.
Жалпы кермектіліктің өлшемі орталықтандырылған су жабдықтау көздерінде 7 ммоль экв/л, ал жеке жағдайларда санитарлы – эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісе отырып – 10 ммоль экв/л-ге дейін рұқсат етіледі.
Кермектілікті 4 ммоль экв/л-ге дейін су жұмсақ; 4 - 8 ммоль экв/л – кермектілігі орташа; 8 -12 ммоль экв/л – қатты; 12 ммоль экв/л үлкен - өте қатты деп есептеледі. Жалпы кермектілікті ауыз су, жер асты, жер үсті; ерекше жағдайларда ақаба суларда да анықтайды. Төменде судың барлық түрлерінің жалпы кермектілігін анықтаудың комплексонометриялық әдісі келтіріледі.
Судың сілтілік және жалпы кермектілік мәнін қолданып, карбонатты және карбонатсыз кермектіліктің жеке мәндерін есептеп алады.
Кермектіліктің анықтау нәтижесі 1 л суға миллиграмм – эквивалентпен немесе кермектіліктің немістің градустарымен (0Н) көрсетіледі. Судың кермектілігін анықтауда қолданылатын өлшеудің басқа бірліктері кестеде келтірілген, бұл кестені пайдаланып, қайта есептеуге мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы