Практикалық жұмыс 5 Су нысандарының экологиялық жағдайын бағалау


Тапсырма Б Судағы сульфаттарды анықтау



бет14/20
Дата11.06.2022
өлшемі94.66 Kb.
#267959
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
практикалыық жұмыс 5

Тапсырма Б Судағы сульфаттарды анықтау
Жұмыстың мақсаты: сульфаттарды судың кәдімгі компоненттері ретінде қарастырып, оларға сандық әдісті қолданып анықтау.
Сульфат анионның массалық концентрациясын анықтау әдісі, реакция бойынша барий сульфаты ерімейтін суспензиясының пайда болуымен, барий катиондармен сульфат аниондарының реакциясына негізделген
Ba2+ + SO42- = BaSO4

Сульфат иондардың концентрациясы, барий сульфаты суспензиясының саны бойынша бағаланады және ол турбидиметриялық әдіспен анықталады. Турбидиметриялық әдістің ұсынылған қарапайым нұсқалардың бірі, тұнықтылығы бойынша суспензия баған биіктігінің өзгеруіне негізделген және 30 мг/л артық емес сульфат аниондардың концентрациясы барысында қолданылады.


Анализді тұнық суда орындайды (қажеттілік туған жағдайда суды фильтрлейді). Суда, ауыз су шаруашылық суаттарда сульфаттардың ШРК-сы 500 мг/л құрайды, зиянның шекті көрсеткіші – органолептикалық.
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) Барий нитратының (қаныққан) ерітіндісі;
2) тұз қышқылының (20 пайыздық) ерітіндісі;
3) лайөлшегіш, алмұрт тәрізді рәзеңкемен (медициналық шприцпен) жалғастыратын түтік және 2 мл немесе 5 мл тамызғыш;
4) тамызғыш (капельница);
5) түбінде нүктелі суреті бар лайөлшегіш рәзеңкелі фиксатор-сақинасы бар пробиркалар;
6) тығын (лайөлшегіш пробиркаға арналған).
Анализге дайындық:
Лайөлшегіш экранды тірегішке 450 жуық бұрыш жасап орнатады. Жұмысты сиретілген жарықта (200-500 лк) жүргізеді.
Лайөлшегіштің әр саңлауына резеңке сақина кигізілген лайөлшегіш пробирканы, оның төменгі бөлігі 1 см қашықтыққа жуық лайөлшегіштің ойығына шыққандай етіп орналастыру қажет (пробирканың түбі экраннан 2 см-ге жуық қажетті қашықтықта орналасады).
Анализді орындау:
1) түбінде суреті бар 2 пробирканы лайөлшегіштің саңлауына орнатыңыз;
2) пробирканың біреуіне 100 мм (20-30 мл) биіктікке дейін суды құйыңыз;
3) пробирканың құрамына тамызғышпен тұз қышқылы ерітіндісінің 2 тамшысын және барий нитраты ерітіндісінің 14-15 тамшысын қосыңыз; Абай болыңыз: барий нитраты уытты!
4) құрамын араластыру үшін, пробирканы тығынмен дұрыстап жауып, шайқаңыз;
5) ақ тұнба (суспензия) түзілу үшін ерітіндісі бар пробирканы 5-7 мин қалдырыңыз;
6) құрамын араластыру үшін, жабық пробирканы тағы шайқаңыз;
7) бірінші пробирканың түбінде нүктесі көрінгенше, тамызғышпен пайда болған суспензияны екінші (бос) пробиркаға ауыстырады. Бірінші пробиркадағы суспензия бағанның биіктігін өлшеңіз (һ1 мм). Бақылауды суретте көрсетілгендей 450 бұрышта орнатылған, жарықты айналмалы лайөлшегіш экранға бағыттап, жүргізеді;
8) суреті көрінбейінше, суспензияны ауыстыруды жалғастыра бересіз;
9) екінші пробиркадағы суспензия бағанның биіктігін өлшеңіз (һ2 мм);
10) суспензия бағанның биіктігін орташа арифметикалық өлшеумен мына (5) формула бойынша есептеңіз
h1 + h2 (5)

11) 1.15 Кесте бойынша сульфат–анионның мг/л концентрациясын анықтаңыз.


1.15 Кесте – Сульфат-анионның массалық концентрациясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру