Марченко А.И., марченко Л.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0. Киев: ВЕУ, 2000
Федоренко Ю. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal. Учебный курс. –СПб: Питер, 2001
irbis.vkgu.kz/portal/downloads/po5 d6f98.ppt
Практикалық жұмыс №7
Тақырыбы: Программалаудағы объектіге бағытталған жолдың маңыздылығы (Класстар). Классқа кіріспе.
Жұмыстың мақсаты: Студенттерге программалаудағы объектіге бағытталған жолы - кластың маңыздылығы жайында түсінік беріп, алған білімдерін зертханалық есептер шығару барысында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Жұмыс барысы:
Объектіге бағытталған программалаудың негізгі идеясы келесі негіздемелерге сүйенеді:
Объект параметрлер жиынымен сипатталады, олардың мәнін объектің күйі анықтайтын болады.
Объектілер арасындағы қатынас бір объектіден келесі объектіге арнайы хабарламалар тасымалдану арқылы жүргізіледі.
Бірдей параметрлер арқылы сипатталған және бірдей әрекет орындайтын объектілер бір типті объектілер класын құрайды.
Программалау тұрғысынан қарағанда объектілер класы берілгендер типі негізінде, ал жеке объект - осы типтің берілгені ретінде қарастырылады. Программалаушылардың өздері құрған кластары жеке есептерді шешуге арналады.
Объектіге бағытталған программалау жүзеге асу үшін программа құру барысында объектілер мен олардың сипатталуынан құрған кластар, қажетті объектілер көшірмесі мен олардың өзара байланысы анықталады.
Объектілер класы иерархиялық құрылымды құрады. Мысалы, "Студент" класы "1-курс студенті", "2-курс студенті", және т.б. студент ақпараттары мен қосымша қасиеттерін сипаттайтын кластар құру негізін қалыптастырады. Интерфейс құру кезінде қолданушы "терезе" деп аталатын ортақ клас объектілерін қолдана алады. Онда студенттерге қатысты ортақ ақпараттық хаттар болуы мүмкін.
Классқа кіріспе С++ программалау тілінің негізгі түсінігі - класс болып табылады. Класс - жаңа типтерді құру механизмі.
Класты сипаттау синтаксисі құрылымды сипаттау синтаксисіне ұқсас.
class Класс_аты
{
жабық элементтер - класс мүшелері
public:
ашық элементтер - класс мүшелері
};