Практикалық жұмыс 1-7 апта аралығы Тақырыбы: Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық құнын анықтау Тапсырма



бет5/5
Дата22.11.2022
өлшемі215.42 Kb.
#361000
1   2   3   4   5
Байланысты:
практикалық жұмыс
Ербол Б-сыз алг-апта 11, ҚМКБ - нулевой билет-signed, УРматфиз Экз билет сұр (1), Lecture4, Теплоснабжение района города. А.К. Тихомиров, 2006, Физика, Форма заполнения, 3 Диплом Сүндет 02.06.2022, График посещения, СРЕДНЕВЕКОВЬЕ, 1-дәріс. Мәдениеттану. Мәдениет морфологиясы. pptx, Ходотайство Шынар (1), отчеть, Матан-4 тапсырма-Жумабекова, Основы предпринимательство, лидерство Силлабус. 2022-2023-окон (1)
Бос жер учаскесінің нормативтік кадастрлық бағасын есептеу үшін төлемақының базалық ставкалары, түзету коэффициенттері және жер телімінің ауданы пайдаланылады.
Жб = Бс х Тк х S (5)
Мұндағы, Жб – Жер учаскесінің бағасы;
Бс – жер үшін төлемақының базалық ставкасы;
S – жер учаскесінің ауданы.
Нұр-Сұлтан қаласында жеке меншікке беру кезінде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары бір шаршы метріне 6 683 теңге көлемінде белгіленген.
Крыша.кз сайтының статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданындағы жер учаскелерінің нарықтық бағаларына зерттеу жүргізу арқылы, бос жер учаскелерінің кадастрлық бағаларын есептеп шығарып, салыстырмалы талдау жүргізетін боламыз [24].
Крыша.кз мәліметтеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданы бойынша алынған жер учаскелеріне ортақ тиесілі мәліметтер:

  • алынған барлық жер телімдерінің ауданы 10 соток;

  • инженерлік жабдықтаумен толық қамтамасыз етілген.

  • әр аудан бойынша үш жер учаскесі алынды.

  • * - автормен құрылған кестелер.

Есептеу жолдары: 10 соток = 1000 м2
Төменде 4 аудан бойынша алынған жер учаскелерінің орташа кадастрлық және нарықтық бағасының есептеу жолдары көрсетілген. Алдымен Байқоңыр ауданы (13-кесте) бойынша Ыбырая Алтынсарина 166 - Богенбай батыра, Садовая 67 — Акан серы, Мунайшилар 40 -Жанажол ықшам аудандарындағы бос жер телімдері алынған.

13-кесте
Байқоңыр ауданы бос жер телімдерінің кадастрлық және нарықтық бағалары*





Жер учаскесінің адресі

Бөлінетін/бөлінбейтідігі

Зонасы

Нарықтық бағасы, тг

Кадастарлық бағасын есептеу жолы, тг

1

Ыбырая Алтынсарина 166 - Богенбай батыра

Бөлінбейтін ж.т.

11

17000000

Жб = 6683 х 1,5 х 1000 м2 = 10024500

2

Садовая 67 - Акан серы

Бөлінбейтін ж.т.

18

16000000

Жб = 6683 х 1,15 х 1000 м2 = 7685450

3

Мунайшилар 40 -Жанажол

Бөлінбейтін ж.т.

6

8000000

Жб = 6683 х 1,75 х 1000 м2 = 11695250

* - https://krisha.kz/ сайтын пайдалана отырып, автормен жасалған

Орташа кадастрлық баға


Орташа нарықтық баға =
Алматы ауданы бойынша (14-кесте) Кумкент, Интернациональный 1 және 11улица 50 ықшам аудандарында орналасқан бос жер телімдері алынған.

14-кесте


Алматы ауданы бос жер телімдерінің бағалары*





Жер учаскесінің адресі

Бөлінетін/бөлінбейтідігі

Зонасы

Нарықтық бағасы, тг

Кадастарлық бағасын есептеу жолы, тг

1

Кумкент

Бөлінбейтін ж.т.

7

60000000

Жб = 6683 х 1.7 х 1000 м2 = 11361100

2

Интернациональный 1

Бөлінбейтін ж.т.

14

26000000

Жб = 6683 х 1.35 х 1000 м2 = 9022050

14-кесте жалғасы



3

11улица 50

Бөлінбейтін ж.т.

1

4500000

Жб = 6683 х 2 х 1000 м2 = 13366000

* - https://krisha.kz/ сайтын пайдалана отырып, автормен жасалған

Орташа кадастрлық баға =


Орташа нарықтық баға =
Есіл ауданы (15-кесте) бойынша Тельмана — Южнее, Уркер және Уркер 454 — ул 593 орналасқан бос жер телімдері алынған.

15-кесте
Есіл ауданы бос жер телімдерінің бағалары*







Жер учаскесінің адресі

Бөлінетін/бөлінбейтідігі

Зонасы

Нарықтық бағасы, тг

Кадастарлық бағасын есептеу жолы, тг

1

Тельмана — Южнее

Бөлінбейтін ж.т.

15

35000000

Жб = 6683 х 1.3 х 1000 м2 = 8687900

2

Уркер

Бөлінетін ж.т.

17

18000000

Жб = 6683 х 1.2 х 1000 м2 = 8019600

3

Уркер 454 — ул 593

Бөлінбейтін ж.т.

17

12000000

Жб = 6683 х 1.2 х 1000 м2 = 8019600

* - https://krisha.kz/ сайтын пайдалана отырып, автормен жасалған

Орташа кадастрлық баға =


Орташа нарықтық баға =
Сарыарқа ауданы (16-кесте) Кызылжар, Маркова-Габдуллина және Аль-Фараби-Навои көшелерінде орналасқан бос жер телімдері алынған.

16-кесте
Сарыарқа ауданы бос жер телімдерінің кадастрлық және нарықтық бағалары [*]







Жер учаскесінің адресі

Бөлінетін/бөлінбейтідігі

Зонасы

Нарықтық бағасы, тг

Кадастарлық бағасын есептеу жолы, тг

1

Кызылжар

Бөлінбейтін ж.т.

6

4300000

Жб = 6683 х 1,75 х 1000 м2 = 11695250

2

Сарыарка р-н

Бөлінбейтін ж.т.

2

4500000

Жб = 6683 х 1.95 х 1000 м2 = 13031850

16-кесте жалғасы



3

Тамшалы

Бөлінбейтін ж.т.

11

10000000

Жб = 6683 х 1,5 х 1000 м2 = 10024500

* - https://krisha.kz/ сайтын пайдалана отырып, автормен жасалған

Орташа кадастрлық баға =


Орташа нарықтық баға =

Жоғарыда есептеу жолдары арқылы көрсетілген барлық аудан бойынша бос жер учаскелерінің кадастрлық және нарықтық бағасының жиынтық салыстырмалы түрін 17-кестеден көруге болады.


17-кесте
Нұр-Сұлтан қаласындағы жер учаскесінің аудандар бойынша кадастрлық және нарықтық бағасының орташа көрсеткіші, тенге*







Аудандар атауы

Кадастрлық бағасы, млн. тг

Нарықтық бағасы, млн. тг

1

Байқоңыр ауданы

9,8

13,6

2

Алматы ауданы

11,2

30,1

3

Есіл ауданы

8,2

21,6

4

Сарыарқа ауданы

11,6

6,2

* - https://krisha.kz/ сайтын пайдалана отырып, автормен жасалған

Төмендегі 3-сурет бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы аудандар бойынша жер учаскелерінің кадастрлық бағасы салыстырмалы деңгейде көрсетілген болатын. Жоғарыда көрсетілген диаграммаға талдау жүргізе келе: Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жер телімдерінің кадастрлық бағасы басқа аудандармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екендігін байқауға болады. Мысалы, Сарыарқа ауданы мен Есіл ауданының жер учаскелерінің бағаларын салыстырып көрелік. Сарыарқа ауданының жер учаскелерінің кадастрлық бағасы диаграммада 28% көрсеткішті көрсетіп тұрса, Есіл ауданы 16% көрсеткішпен Алатау ауданынан жер учаскелерінің кадастрлық бағасы жағынан 8%-ға арзан екенінің айқын дәлелін көрсетіп тұр.





3-сурет. Нұр-Сұлтан қаласындағы жер учаскесінің аудандар бойынша кадастрлық бағасының орташа салыстырмалы көрсеткіші, %


Жер учаскелерінің кадастрлық бағасы жағынан ең қымбат аудан орташа есеппен 11,6 млн теңге көрсеткішімен Сарыарқа ауданына тиесілі болып отыр. Ал жер учаскелерінің кадастрлық бағасы салыстырмалы түрде арзанырақ болып келетін ауданға Есіл және Байқоңыр аудандары жатады.


Нұр-Сұлтан қаласының жер учаскелерінің нарықтық бағасына (4-сурет) тоқталар болсақ, жоғарыда аталып өтілгендей, нарықтық баға көрсеткіштері «Крыша.кз» сайтының статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып алынған болатын. Нарықтық бағалар әрине кадастрлық бағаларға қарағанда бірнеше есе жоғары болатыны бәрімізге мәлім.



4-сурет. Нұр-Сұлтан қаласындағы жер учаскесінің аудандар бойынша нарықтық бағасының орташа көрсеткіші, теңге

Жоғырада көрсетілген кесте мен гистограммаға сәйкес, жер учаскесінің нарықтық бағасы ең жоғары аудан болып Алматы ауданының танылғанын байқауға болады. Бұл ауданнан үш жер учаскесінің нарықтық бағасының орташа көрсеткішін шығарған күннің өзінде 30,1 млн теңгені құрап отыр. Бұл басқа аудандардың жер учаскелерінің нарықтық бағаларынан әлдеқайда жоғары. Жер учаскелерінің нарықтық бағаларының қымбаттылығы бойынша екінші орында Есіл ауданының тұрғанын көруге болады. Ал нарықтық бағасы жағынан ең төмен баға Сарыарқа ауданына сәйкес келіп отыр.


Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы жер учаскелерінің нарықтық және кадастрлық бағаларын салыстырмалы талдайтын болсақ, екі диаграммадағы көрсеткіште де бағалары жағынан жоғары екі ауданды байқауға болады. Олар: Алматы және Сарыарқа аудандары. Жалпы қалада нарықтық бағасы өте төмен немесе кадастрлық бағасы өте төмен деп айталытан аймақ жоқ. Барлығы бір-біріне жақын шамада екенін байқауға болады. Ал нарықтық баға мен кадастрлық баға арасындағы айырмашылықтарға келетін болсақ, нарықтық баға кадастрлық бағадан ең кемі дегеннің өзінде 2-3 есе жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Яғни, нарықтық баға 2 ≤… есе көбірек. Мысал ретінде Алматы ауданын алып қарайық. Алматы ауданындағы жер учаскелерінің орташа кадастрлық бағасы 11,2 млн тг, ал орташа нарықтық бағасы 30,1 млн тг көрсеткішін көрсетіп отыр.
30,1 / 11,2 = 2,6875 ~ 3 (есе)
Есіл ауданындағы жер учаскелерінің орташа кадастрлық бағасы 8,2 тг, ал орташа нараықтық бағасы 21,6 млн тг.
21,6 / 8,2 = 2,6 (есе)
Яғни, Есіл ауданындағы жер учаскелерінің нарықтық бағасы кадастрлық бағадан 2,6 есе жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.
Нұр-Сұлтан қаласының жер және жылжымайтын мүліктің нарықтық және кадастрлық бағасын салыстырған кезде, «Крыша.кз» сайтының ақпарат көздеріне сүйене отырып, нарықтық бағалары кадастрлық бағадан шамадан тыс жоғары деген қорытындыға келеміз.
Әдебиттерге сілтеме:



  1. Сагинова Б.К., Бименова А.Е. «Жылжымайтын мүлік экономикасы», 2014, 6-8б.

  2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ Жер кодексі, Юрист баспасы, -12б.

  3. Блисов Т.М. «Жер кадастры», 2014ж., 30-31б.

  4. www.krisha.kz – жылжымайтын мүлік сату және сатып алу сайты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені