Политология. Саясаттану- ғылым



Pdf көрінісі
Дата18.05.2022
өлшемі155.74 Kb.
#240387
Байланысты:
Мулдашева.Полит1
Әлеуметтану.Манипулятор.Уалхан Г, 4759, 2212, Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқ-melimde.com, срс лексикология 14 апта, дш. 2 апта, практикалық сабақ , 19 12 апта, 19 13 апта, 1550728943, тарих аралык 29.04.22, Cүлеймен Бақырғани Дариға, Практическое занятие № 2, өзін - өзі тану АБ2


Политология. 
Саясаттану- ғылым. 
1. Саясаттанудың зерттеу объектісі мен пәні. 
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде 
. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен 
дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәд
ениет, 
халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, 
нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, 
қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы 
мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. 
2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары.
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары - басқа ғылым салаларындағы сияқты 
саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен 
процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: 
"саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", 
"саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық үйымдар", "мемлекет", 
"демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", 
"сыртқы саясат" және т.б. 
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын 
пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы 
саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану 
әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, 
бихевиористік, жүйелік. 
3. Саясаттанудың функциялары.
1. 
Саяси білімдер
 жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция
. Егер 
де саясаттанудың ғылым ретіндегі 
ерекшелігін, оның пәнінің саяси білімдердің барлық 
жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін 
анық көруге болады. Сондықтан да саяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет 
ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі 
ретінде көрінеді. 
2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді 
саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер 
мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады.
3. Практикалық функция. 
Саясаттану — өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте 
үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі — саяси 
қатынастардың кең шоғырланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат 
кауымдастығының тіршілік әрекеті. Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды 
жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми кұрал. Ол нақты саяси 
процестерді, саяси катынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап 
жалпылайды, саяси институттарды, ұйымда
рды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет 


етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді. 
4. Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. 
Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады 
жөне 
саяси мәдениеттің кейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді. Сондықтан да оны 
дербес функция ретінде қарастырғанымыз жөн. Субъектілер арасындағы саяси қатынастар 
әр түрлі формада (антагонизмнен, әлеуметтік өшпенділіктен үндестік пен ынтымақтастыққа 
дейінгі аралықта) болуы мүмкін. 
4. Саяси ғылымдардың және практиканың байланысы.
Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік 
әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны 
жақтаушыларды. бихевиористер дейді . Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және 
т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді.
Бұл
Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, 
саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. 
Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория 
мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру