ПОӘК 042-18. 30 23/02-2014 Басылым. №2. 02. 09. 2014


Дәріс 16 Тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерін тұтас дамытуға бағытталған, оқытудың психологиялық негіздері Мазмұны



бет3/4
Дата10.09.2017
өлшемі347 Kb.
#20084
1   2   3   4

Дәріс 16 Тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерін тұтас дамытуға бағытталған, оқытудың психологиялық негіздері

Мазмұны:

  • тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерін тұтас дамытуға бағытталған, оқытудың психологиялық негіздері;

  • Гуманитарлық педагогикалық білім беру тұжырымдамасы;

  • Білім беруге тұлға тұрғысынан келу тұжырымдамасы;

  • Біртұтас оқу-тәрбие процесінде оқушының жеке басын қалыптастыру;

  • Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясының педагогикалық аспектілері;

  • Білім алушыларда оқытудың субъектілігін дамыту және өздігінен дамуы.

Психология-педагогикалық әдебиеттерді талдау, ақиқат дүниені оқушылардың тану процесінде олардың табиғи мүмкіндігін, қабілетін, жас ерекшелігін есепке алу және оның тұлғалық дамуы мен өздігінен дамуына қажетті жағдай жасау керектігін көрсетті.

Жеке жағдайда, психологиялық-педагогикалық ғылымда, оқытудың субъектілігі «субъектінің өзінің өмір сүру элементі» ретінде түсіндіріледі; әрекетте – болжам жасау, таңбалау және көшіру кезеңдерін жүзеге асыру ретінде; мақсат қою; жоспарлау, оқу міндетін атқару және бақылаудың саналы әрекеті ретінде көрсетіледі.

Дүниені ғылыми тану зерттеулерінде көрсетілгендей, адам психикасының, санасының, тұлғаының тінін психикалық процестер құрайды. Ғылымда психикалық процесстер деп шындықтың бейнеленуінің динамикалық әрекетін: түйсік, қаьылдау, ес, ойлау, қиял, эмоциялар яғни қоршаған дүниенің бейнеленуін, білім мен иекмділіктің қалыптасуын, өмірлік тәжірибе және әрекетті жүзеге асыруды қамтамасыз етуді түсінеді.

Педагогикада «тұлғалық бағдарлы білім беру» термині қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Тұлғалық бағдарлы білім беру негізінен соңғы нәтижеге яғни құндылықтарға бағытталады.

Осы мәселенің шетелдік педагогикадағы даму ерекшеліктеріне, теорияялық-әдіснамалық талдау жасап көрелік. Қазіргі шетелдік тұлғалық бағдарлы тұрғыдан білім беру ХХ ғасырдың 60-80 жылдары пайда болған гуманистік тәрбие мен тұлға дамуының тұжырымдамаларын жасаушыларының есімдерімен тығыз байланыста.

Осы тұжырымдамалар негізінде Абрахам Маслоудың («Гуманистік тұлға теориясы»), Карл Роджерстің (Феноменологиялық тұлға теориясы») еңбектер жатыр. А. Маслоу білім берудің гуманистік бағытта жүргізілуін қолдау арқылыоқушылардың қызығушылықтарын, психикасын, жеке ерекшеліктерін есепке алып, бала тұлғасын құрметтеу керектігін айтқан.

Психологияда өзіндік қажеттілік (ағылшынша «self-actualization») ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның «өзіндік қажеттігін тану» - өз мүмкіндігін, әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылу. Ал өз қабілетін, талантын, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам толық тұлғалық қалыптаса алады» деген пікірі аса құнды.

Оның теориясы бойынша адамның дамуы екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқасйды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялықәлеувметтік, психологиялық қажеттік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді өзін-өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші, деңгей – шығармашылық қажеттік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді. А. Маслоу пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады.



Сұрақтар

  1. 12 жылдық білім беруде тұлғаның алатын орны.

  2. Тұлғааралыұ қарым қатынас Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасы

  3. Тұлғалық бағдарлы білім берудің педагогтардың ой тұжырымдамасы


Дәріс 17,18,19,20 -4сағ. Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама.

  1. Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама.

  2. Жаңашыл педагогтар оқыту әдістері туралы ой пікірлері

Мазмұны

Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады.

Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу-тәрбие үрдісінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының құлдырап кеткендігі айтылған. Тұжырымдамада оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғарғы сатыдағы бейімдік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру делінген (Егемен Қазақстан 26 желтоқсан, 2003 жыл).

Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады.

Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді.Сондықтан оқыту әдісінің субъективті –субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту үрдісі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынассубъектісі-субъектілік негізде құрылуы керек.

Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектісі-субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады.

И.П.Подласый оқыту әдістерін бес топқа бөлді:

а) практикалық, іс тәжірибе, оқу еңбегі;

ә) көрнекілік, иллюстрация, демонстрация;

в) сөздік, түсіндіру, әңгме, дәріс, пікір-талас;

г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферат жазу, жоспар құру, конспект жазу;

д) бейне таспа әдісі, көру, «электрондық мұғалім», бақылаушы, бақылау.

Сұрақтар

Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама.

И.П.Подласый оқыту әдістерін топқа бөлуі

Дәріс 21 Жаңашыл-педагогтардың тәжірибесі

Мазмұны

Жүйенің жоғарыдағы түрі жаңашыл-педагогтардың тәжірибесінде кең қолданылады. В.Ф.Шаталов өзінің оқыту жүйесінде бұл әдістердің (ауызша, көрнекілік, практикалық) бәріне сүйенеді. Ол оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру үстінде көркем де айшықтап, есте жақсы сақталатын жұмыстарды, сөздерді қолданады. Виктор Федорович – тамаша шешен адам, өз ойын сырлы сөздермен жүйелі де нақты бере алады. Ал жаңа сабақты қысқа да қызықты етіп қайталау кезінде көрнекілік әдісіне сүйенеді. Ол өз жұмысында тірек ұғым, амалдарын пайдаланады, бірақ бұл сигналдар жалаң көрнекілік, схемалық қызмет атқарып қоймайды, ішінде логикалық себеп-салдарлық қатынастағы жаңа информацияның мазмұнын бере алатын конспект түрінде де беріледі. Тірек сүйеніш сигналдары оқушы үшін ойлану мен дәлелдің алгоритмі болып табылады. Оның барлық ықыласы айтқанды есте сақтап, қайталап беруге емес, сабақтың ішкі мәнін ұғып, ойлануға, байланыстардың себебі мен салдарын түсінуге бағытталады. Оған қоса тірек сигналдарының жоғары сатыға көтеретін жұмыстарының түрлері дет ойластырылған.

Бұл әдістің өмірдегі көрінісінің жарқын мысалы ретінде жаңашыл пеедагог Т.И.Гончарованың тәжірибесін алуға болады. Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдарын есіне түсіре отырып оқушылармен қарым-қатынасын былай суреттейді: “… Оқушылардың неше түрлі қызықты аңыз, әңгімелерді, тамаша ертегілерді айтып бергенше асық болдым. Сонша материалдарды жас тыңдаушыларыма қалай жеткізерімді, тарихи заңдылықтарды нақты дәлелдермен қалай түсіндірерімді ойлағанда қуаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Мен балаларға өзімнің бар білімімді бүгінгі мен бұрынғы туралы түсінігімді, терең ойларымды жайып салдым…”

Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тек тыңдаушы ролін атқарады.



Сұрақтар

В.Ф.Шаталов –жаңашыл педагог.

Қазақстандағы жаңашыл педагог. Идеялары
Дәріс-22 12 жылдық білім беруде мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі

1. Мұғалім қызметінің ерекшелігі

2. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі

3. Дидактикалық дайындық – кәсіби педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы.


  1. Мұғалім қызметінің ерекшелігі

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын ориы айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркьілы баланың жан д үниесіне оәсер ететін білім мен торбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуьгаың бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кезкелген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта каланбак. Сондыктан оның сипаты мен мазмүны, оқытудың оәдістері меи формалары қазіргі жағдайда жан-жак-ты тадданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оныц адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тоәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш-куаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмківдіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға ~ Үстаз. Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады.

Сұрақтар

  1. Мұғалім қызметінің ерекшелігі

  2. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі



Дәріс 23,24 2 сағ. Дидактикалық дайындық – кәсіби педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы.
Мазмұны

Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Бүл - күрделі үғым. Мүғалімдердщ дидакгикалық даярлыгына жататывдар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген бііімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы (мотивтері) мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмү." ны оны үйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асы-рудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты аньгқтайтын белгілер деуге бо-лады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бой-ында мынандай дидактикальгқ қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде үйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы. Мектсптсгі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мүғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалык. ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмүны. Оқушылардьгң ру-хани дамуына, ең алдымен, оқытудың гыльгми мазмүны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Болашақ мүгалімдердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту үрдісінің зандылықтары туралы психоло-гиялык түжырымдармен, белгілі теория-лармен қаруландыру қажет. Соңгы курс-тың студенттсрі мен мүгалімдер арнаулы пондердсн алған білім, дағдыларының са-пасы мсн деңгсйі психология, педагогика, одістемелік пондеріне қарағанда жоғары скенін айтады. Осыдан келіп болашақ мүғалімдердің дидактикалық дайыңцығы-ның ойдағыдай, ал біліктілік деңгейінің жоғары болмауының себептері айқывда-ла түседі.

Психологая, педагогика ғылымдарын оқыту барысывда болашақ мүғалімдердің дидактикалық білімдері мен дагдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің косіби қүрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардын танымдық әрекетін калып-тастырудың психологиялык, жөне әдістемелік қүралдары мен тиімді жодда-ры туралы жан-жақты білім беру міндеті туындайды. Бүл міндет ойдағыдай орын-далмаса, болашақ мүғалімдердің дидакти-калық даярлығында олқылықтардың бол-мауы мүмкін смес.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Мұғалім қызметінің ерекшелігі

  2. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі

  3. Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі


Дәріс 25 Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы.

1. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.

2. Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері.

3. Педагог шығармашылығы педпгог шеберлігін дамыту факторы ретінде.



Мазмұны

Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.

Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.

Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады.

Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты.

Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеуде сыртқы педагогикалық талаптардың адамньң өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі - жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.


Дәріс 26,27 -2сағат Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері

Мазмұны.

Адам өз бойында қандай қасиеттерді қалыптастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін нақты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады.

Адамзат тарихында өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, көпшілікке танымал болған адамдар аз емес. Бірақ ондай табысқа жету үшін ерінбей еңбектену, жалықпай жаттығу қажет. Эдисон айтқандай: «Данышпан - бұл 1 процент шабыт, 99 процент -тер төгу». Осындай адамдарды мысалға келтірсек Ольга Скороходова көзі көрмей, құлағы естімей, тілі сөйлемейтін болса да тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеу нәтижесінде төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістіктерге жеткен.

Ол кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басының ауыр жағдайына қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білді.

Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы ретінде.

Әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.

...

Дәріс №.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



1..Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде?

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

  2. Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады?

  3. Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай?

  4. Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады?

  5. Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз?


Дәріс 28,29,30 -3сағат 12 жылдық білім беру және мұғалімнің кәсіби дайындығы. Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі

Мазмұны

Мұғалім қызметінің бір ерекшелігі - ол үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуы. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі, яғни өзінің кәсіби сапаларын, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіріп отыруы керек. Педагогика ғылымының негізін салушы Я.А. Коменский "Күн астында мұғалімнен жоғары тұрған ешкім жоқ",- деп мұғалім мамндығының маңыздылығын көрсеткен.

Мұғалім өзін-өзі әрқашан дамытқан жағдайда ғана нағыз мұғалім бола алады. Көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап өткен. Белгілі швейцар педагогы  А. Дистервег "Мұғалім үшін қастерлі міндет өзінің жек басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыру деп көрсеткен". Көренекті кеңес педагогы А.С. Макаренко өз шеберлігін жетілідудегі тәжірибесіне сүйне отырып, былай деп жазған: " ... Менің педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға еш әуестенбестен кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуыға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы керек". Бұл пікірлерден педагогикалық қабілетті қалыптастыруғаболатынын байқаймыз. Ол мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуінен басталады.

 Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мақсаттар мен мотивтер арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы басталады. қарам-қайшылықтарды жеңу үшін мұғалім белсенділік танытуы қажет, белсенділік қарама-қайшылықтарды жеңетін іс-әрекеттер жүйесін таңдап алу арқылы іске асады. Мұғалім өзінің іс-әрекетін кәсіби идеалмен салыстыра отырып, өзін-өзі тәрбиелейді.

Өзін-өзі тәрбиелеу өз еркі мен мінезін тәрбиелеуден басталады. Өз еркін тәрбиелеу - өзін ұстай білу, жақсы көңіл-күйде бола білу, өзіне-өзі бұйрық беру, өзін-өзі иландыруды пайдалану, дербес күн тәртібін орындауы іс-әрекеттерінен құралады.

Педагогикалық мамандық бір уақытта өзгертуші әрі басқарушы ммандық болып табылады. Ал тұлғаның дамуын басқару үшін құзыретті болуы керек.

Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы  құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.

Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.

сұрақтар

1.Мұғалім қызметінің ерекшеліг

Құзыреттілік туралм
Практикалық сабақтар

Практикалық сабақ №1 Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік

Жоспар:

1.Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік

2.Бағдарлы және бағдаралды оқыту

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Мақсаты: Педагогикалық кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік " Бейімді-бағдарлы оқыту " мағынасын анықтау. Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі туралы айтқан педагог ғалымдардың ой-пікірлерімен таныстыру. Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі туралы түсіндіру.

№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Жоспар бойынша жұмыс жасаңыз.

12жылдық білім – қазақстан мектебінің болашағы

Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік

12-жылдық беру мәселелері,перспективасы
Практикалық сабақ №2 Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы

Жоспар:

1. Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы

оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы

2.Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде.

3.Бейімді оқытуды ұйымдастыру моделі .Бейімді оқытуды басқару мекемелері

4.Бейінді оқыту формалары

5. Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар бұл мамандар мен материалдық- техникалық, оқу-әдістемелік мүмкіндіктері кіріктірілген, толық базалық және бейіндік білім алуға негізделген, ірі білім беру орталықтарына шоғырланған ауылдағы білім беру орталығы

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3



Мақсаты:. Білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы.Базистық оқыту жүйесі вариативті жоспар

№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Жоспар бойынша жұмыс.

  2. Бір іс- әрекеттің түрін алып іс- әрекет құрылымының моделі бойынша талдап беріңіз.

  3. Педагогикалық іс - әрекеттің деңгейлеріне анықтама беріңіз.

12-жылдық беру мәселелері,перспективасы

2. К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау

Бейімді оқытудың мазмұны

Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі

Бейімді оқытудың проблемалары

3 - тақырып (сағ) Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасы. Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар .

Сұрақтар

1.Бейімді оқытуда оқушылардың өзін- өзі анықтаудың педагогикалык жағдайы . 2. Ресурс орталықтарының жұмысы


4 – тақырып (сағ) Мақсаты: 12 жылдық білім беру сатылары.Оқу жоспары.Оқу бағдарламалар оқулықтар жайында. 12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты.

12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі



Сұрақтар12 жылдық білім беруге байланысты дифференциалды ж»не жекелей оқытудың қажеттігі.12 жылдық білім жүйесінде мұғалімнің біліктілік деңгейін қалыптастыру
5 – тақырып (сағ) Мақсаты: Білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы.Базистық оқыту жүйесі вариативті жоспар.

12 жылдық білім беру үлгісі моделі.

Элективтік және селективтік жүйе дифференциациясы Базистық оқу жоспары..

Сұрақтар:

1. 12 жылдық білім беру үлгісі моделін жасау

2.Базистық оқу жоспары,оқу стандарты,бағдарлама туралы.
6 – тақырып Мақсаты: 12 жылдық білім беруге көшудегі мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі туралы педагогтардың ой-пікірлері

Сұрақтар

1. 12 жылдық білім беруге көшудегі мұғалімнің Педагогикалық құзыреттілік туралы

2.Педагогикалық құзыреттілік туралы педагогтардың ой-пікірлері Педагогикалық құзіреттілік деген ұғымға анықтама. Педагогикалык құзіреттіліктің түрлері. Кәсіби құзіреттілікті дамыту жолдары..
7-Тақырып Мақсаты:. Шет мемлекеттердегі білім беру реформалары.

Мамандық таңдау және бейімді оқыту жүйесі..



Сұрақтар Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы

оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы Шет мемлекеттердегі білім беру реформалары.

Мамандық таңдау және бейімді оқыту жүйесі.

Фасилитатор - ұстаздардың ұстазы


8-тақырып Мақсаты: Кәсіптік бағдар беру жүйесі. Кәсіби өзінөзі анықтау.. 12 жылдық мектебінде білім беру жүйесіндегі кәсіби мамандардың ролі

Сұрақтар

12 жылдық білім беру мектептер \эксперимент жургізілетін мектептер/. Семей қаласы бойынша. Эксперимент жұмысына сипаттама жетістіктері,кемшіліктері.


9-Тақырып Мақсаты: 12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты.Оқушыларға 12 жылдық білім беруде көп мәдени құзыреттіліктің маңызы.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді