ПОӘК 042-18 12/01-2013 Баспа №1 18. 09. 2013 жыл


ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



бет2/5
Дата10.09.2017
өлшемі252 Kb.
#19931
1   2   3   4   5


4. ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кесте 2 - Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу


Тақырыптың атауы және оның мазмұны

Сағат саны

1МОДУЛЬ. Салық салуды құру негіздері

Тақырып 1. Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салуды құру негіздері

Қаржылық қатынастар жүйесіндегі салықтар. Салықтар маңызды қаржылық-экономикалық категория ретінде.Салықтардың таратушылық қатынастар жүйесіндегі орны. Салықтардың мемлекеттік бюджетпен өзара байланысы. Салықтардың ерекше белгілері және олардың сипаттамасы. Салықтардың объективті қажеттілігі. Салықтардың қызмет етуінің шарттары және себептері. Салықтардың мәні туралы концепциялар.

Салық салу принціптері, сипаттамасы жіне салық жүйесін құрудағы ролі. А.Смиттің классикалық принціптері. Вагнера принціптері. Салық салу жүйесінің құрамы мен құрылымын анықтайтын принціптер.

Салықтардың эономикалық принціптері. Заңдылық принціптері. Салық жүйесінің ұйымдастырушылық принціптері.

Салық функциялары. Салық салу принціптерінің нарықтық экономика жағдайында іске асырылуы.

Салықтардың экономикалық мәні, функциялары, принціптерін ашу. Салық элементтерінің сипаттамасы.Салық элементі ұғымы.Салық объектісі және субъектілері. Салық ставкасы ұғымы және оның салық жүйесінде

гі орны.Салық ставкаларының түрлері.

Салықтардың факультативті элементтері. Салықтық жеңілдіктер: мәні және түрлері. Негізгі салықтық терминология.




2

Тақырып 2. ҚР салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама.

Салық жүйесі туралы ұғым. Салықтардың жіктелуі.Салық жүйесін құру принціптері.

Тура және жанама салықтар, олардың өзара қатынасы. Табысқа және мүлікке салынатын салықтар. Заңды және жеке тұлғалардың салықтары. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен реформалау кезеңдері. Салық жүйесінің дамуының әрбір кезеңіне баға беру. Бүгінгі салық реформасының концепциясы.


2

Тақырып 3.Салық саясаты: типтері, мақсаттары және міндеттері

Салық саясаты мемлекеттің экономикалық қаржылық және фискалдық саясатының құрамдас бөлігі. Салық саясатының экономиканы дамуы ерекшеліктері мен өзара байланысы. Қазақстанда салық саясатының қалыптасуы салық саясатының мақсаттары мен міндеттері. Салық саясатының типтері олардың нарықтық экономиканың даму үлгілерімен байланысы. Салық саясатының мемлекеттің ең негізгі экономикалық саясатын жүзеге асырудағы рөлі. Қазақстанның бүгінгі саясаты және олардың тиімділігі.



1

Тақырып 4. Салық механизмі: мазмұны, құрылымы, және элементтеріне сипаттама.

Салықтық механизм ұғымының экономикалық мәні. Салықтық механизм қаржылық механизмнің маңызды бөлімі.Мемлекеттің салықтық саясатын іске асрудағы салықтық механизмнің алатын орны. Салықтық механизм құрылымы.. Салықтық механизмнің негізгі элементтері және олардың сипаттамасы. Бюджеттік-салықтық жоспарлау және болжау. Салықтық реттеу әдістері және тәсілдері.Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың түрі ретінде. Лаффер теориясы.

Бүгінгі Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік салықтық реттеудің ерекшеліктері.


1

2МОДУЛЬ. Меншікке салықтар

Тақырып 5. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы.

Мүлік салығының экономикалық мәні, құру принціптері мен функциялары. Мүлік салығын төлеушілер, салық салу объектісі, салық ставкалары. Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайтындар. Мүлік салығының салық салу объектісіне жатпайтын объектілер. Мүлік салығы бойынша декларацияның мазмұны. Мүлік салығының есептелуі мен төлеу мерзімінің бұзылғаны үшін төлеушілердің жауапкершілігі.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойыншы салық салу базасы, салық салу объектісі, төлеушілер. Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкасы және оларды пайдалану ережесі. Салықты төлеу тәртібі мен мерзімі.. Методы денежно-кредитной политики: общие и селективные.


2

Тақырып 6. Көлік құралдарына салынатын салық.

Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен құру негіздері. Көлік салығын төлеушілер, салық салу объектісі, ставкалары. Көлік құралдарының түрлеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықты төлеу кезіндегі көлік иелерінің жауапкершілігі.



2

Тақырып 7. Жер салығы.

Жер салығының экономикалық мәні және олардың салық жүйесіндегі ролі мен дамуы. Жер салығының салық салу объектісі, төлеушілер. Жер салығын есептеу және төлеу тәртібі. Салықты төлеу бойынша жауапкершілік.



2

3МОДУЛЬ. Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар

Тақырып 8. Қосылған құнға салынатын салық.

ҚҚС экономикалық мәні мен ҚР-да енгізудің қажеттілігі мен алғышарттары. ҚҚС салық салу объектілері, төлеушілер, ставкалары. ҚҚС дұрыс есептелуіне салық төлеушілердің жауапкершілігі.



2

Тақырып 9. Акциздер.

Акциздердің экономикалық мәні, шығу эвалюциясы мен қызметі. Акциздік салық салуды құру негіздері: төлеушілер, салық салу объектісі, салық салынатын айналымды анықтау.

Отандық акцизделінентін тауар өндірушілердің өніміне және қызметіне акциздерді есептеу механизмі. Акциз ставкаларын қолдану тәртібі. Адвалорлық және нақты акциз ставкалары, сипаттамасы. Алкоголь өнімдері мен спирт бойынша акциздерді есептеу. Бензин мен дизель отыны бойынша акциздерді есептеу механизмі. Лотореяларды ұйымдастырудағы және өткізуге салық салу. Импортталатын акцизделінетін тауарлар бойынша акциз салығын есептеу ерекшеліктері. Салықты төлеу мерзімі мен жеңілдіктері.

Акциздер бойынша декларацияны толтыру және тапсыру мерзімінің тәртібі. Салық төлеушілердің акциздердің бюджетке уақытылы және толығымен түсуіне жауапкершілігі.




2

Тақырып 10. Газ конденсатын қоса алғанда экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушілер, салық салу объектісі, ставкалары, есептеу және төлеу тәртібі.




1

4МОДУЛЬ. Табысқа салынатын салықтар және салықтар бойынша әкімшілік ережелер

Тақырып 11. Корпоративтік табыс салығы.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың табысқа салық салу жүйесінің экономикалық мазмұнын құру кезендері. Корпоративтік табыс салығын құрудыњ негіздері: салықты төлеушілер, салық салу объектісі. Жылдық жиынтық табыс құрамы мен құрылымы. Салық салынатын табысты анықтау барысындағы жылдық жиынтық табыстан алынатын шегерімдер. Салық салынатын табысты есептеу. Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі. Аванстық төлемдер.

Салық төлеушілердің жеке санаттарына: сақтандыру компаниялары, коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада өз қызметін жүзеге асырушы ұйымдарға салық салу ерекшеліктері. АЭА қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емес-заңды тұлғалаға табыс салығын салу тәртібі. Резидент еместердің салық салынатын табысын анықтаудың ерекшеліктері. Тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға – резидент

еместердің таза табысына салық салу тәртібі.

Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес – заңды тұлғаларға салық салудың ерекшеліктері. Төлем көздері бойынша табыстарға салық салудың тәртібі, олардың ставкалары және төлеу мерзімдері Халықаралық келісім шарттардың жағдайлары мен қолдану тәртібі. Резидент емес-заңды тұлғалардың басқару және әкімшілік шығындарын шегерімге жатқызу әдістері. Салық салу объектілерін анықтау барысында халықаралық келісім-шарттарды пайдалану тәртібі.

Салық төлеушілердің корпорациялық табыс салығын уақытылы және толықтай төлеуге деген жауапкершілігі.


2

Тақырып 12. Қазақстанның салық жүйесіндегі салықтық преференциялар.

Инвестициялық салықтық преференциялардың экономикалық мазмұны және мәні. Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу тәртібі. АЭА-да қызметін іске асыратын ұйымдарға салық салу тәртібі. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аумағында қызметін іске асыратын ұйымдарға салық салу ерекшеліктері. Өз өндірісінің, соның ішінде сертификатталған, қосылған құн салығы жоғары тауарларын өткізетін ұйымдарға салық салу.




1

Тақырып 13. Жеке табыс салығы.

Экономикалық мәні, табыс салығын құру принциптері мен функциялары. Жеке табыс салығын төлеушілер. Салық салу объектілері. Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарының құрамы мен құрылымы. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарының құрамы мен құрылымы. Жеке тұлғалардың мүліктік табысы: құрамы салық салу механизмі.

Адвокаттар және жеке нотриустардың табысына салық салу тәртібі мен төлеу мерзімі. Жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы: есептеу және төлеу тәртібі.

Жеке табыс салығының ставкалары және оларды қолдану тәртібі. Табыс салығы бойынша әкімшілік жағдайлар.

Резидент емес –жеке тұлғалардың табысына салық салу ерекшеліктері. Табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі.


2

Тақырып 14. Еңбекақы төлеу қорынан салықтар және төлемдер.

Әлеуметтік салықтың экономикалық мазмұны. Салық салу объектісі. Әлеуметтік салық салу бойынша салық салынатын базаға жатқызылмайтын төлемдер. Салық ставкалары және оларды қолдану механизмі. Әлеуметтік салықты төлеу тәртібі мен мерзімі.

Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салығын есептеу мен төлеу ерекшеліктері. Құрылымдылық бөлімшелердің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу ерекшеліктері. Әлеуметтік салық бойынша декларация тапсыру тәртібі.

Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру қорына аударымдар есептеу мен аудару тәртібі.




1
Тақырып 15. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарының мазмұны мен қолдану ауқымы. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салық режимдеріне сипаттама.

Бонустар: мазмұны, қолдану ерекшеліктері. Роялти, роялтиді бекітудің тәртібі, салу объектісі, ставкасы. Үстеме пайда салығы: салық салу объектісі, салықты есептеу тәртібі, ставкасы.Өнімді бөлу бойынша келісім-шарт. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін анықтау.




1
Тақырып 16. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі.

Арнаулы салық режимі: экономикалық мазмұны мен қолдану аумағы. Шағын бизнес субъектілеріне арналған салық режимі.

Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимдері. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі. Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі. Бірыңғай жер салығы негізіндегі шаруа және фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі. Салық салу объектісі. Салық ставкасы. Бірыңғай жер салығы бойынша салық есептілігі. Кейбір салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу тәртібі.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданудың жалпы ережелері. Салық мерзімі. Патент беру тәртібі. Патент құнына кіретін салықтарды есептеу м ен төлеу ерекшеліктері. Патент құнына кірмейтін салықтар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі және олар бойынша салық есептілігін тапсыру ерекшеліктері. Кәсіпкерліктің кейбір түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.

Кәсіпкерліктің кейбір түрлеріне арналған арнаулы салық режимі және оның сипаты. Тіркелген жиынтық салық: салық объектісі, ставкасы, салықтарды есептеу мен төлеу тәртібі. Салық мерзімі және декларациясы. Салық салу объектілерін тіркеу.




2

Тақырып 17. Алымдар, баждар және төлемдер.

Алым туралы ұғым және оның салықтардан, баждар мен төлемдерден басты ерекшеліктері. Қазақстанның салық жүйесіндегі алымдардың түрлері және оларды аумақты бюджеттерді құрудағы ролі. Алымдарды төлеудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі төлемдер, олардың экономикалық мазмұны, ерекшелік белгілері және қолдану тәртібі. Мемлекеттік баж: экономикалық мәні, қолдану қажеттілігі мен есептеу практикасы. Мемлекеттік баждың төлеушілері және алыну объектісі. Кедендік төлемдердің экономикалық мәні және функциялары. Қазақстан Республикасында кедендік реттеудің ерекшеліктері. Кедендік төлемдердің түрлері және оларға сипаттама.


1
Тақырып 18. ҚР салық қызметі: құрылымы, құқықтық базасы, басқа да мемлекеттік органдармен өзара байланысы.

Қазақстан Республикасы салық қызметі органдары жүйесінің қалыптасу этаптары және олардың сипаттамасы. Қазақстан Республикасында салық қызметінің құрылуы және дамуы.

Мемлекеттік салық қызметінің құрылымы.Салық қызметі органдары қызмет етуінің құқықтық аспектілері.

ҚР Қаржы Министрлігі- салықтық қатынастарды және салықтық бақылауды реттеуді іске асыратын

жоғарғы орган.





1

Тақырып 19. Салықтық бақылау қажеттілігі және экономикалық мазмұны.

Салықтық бақылаудың экономикалық мәні. Салықтық бақылаудың экономикалық мазмұны. Салықтық бақылаудың негізгі принціптері және міндеттері.

Салықтық бақылау ұғымы, мақсаттары және міндеттері.Салықтық бақылауды өткізудің объективті қажеттілігі. Салықтық бақылауды өткізу мақсаттары.

Мемлекеттің салықтық заң бұзушылықпен күресу әдістері. Салықтық құпия.

Салықтық бақылау элементтері. Салықтық бақылау объектілері, субъектілері. Салықтық бақылауды өткізу принціптері. Салықтық бақылау жіктелуі.


2


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған