ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар

Loading...


бет15/25
Дата05.05.2021
өлшемі303.5 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Сыныптас тыс тәрбие міндеттерін атаңыз.

2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметтеріне анықтама беріңіз.

3.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына анықтама беріңіз.

4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттерін анықтаңыз.

Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.



3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

Дәріс № 13-14 . Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің диагностикалау

.

Мақсаты: Оқушылардың дамуындағы проблемаларды анықтау жолдарын меңгерту. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі қажеттігін түсіндіру, олардың дамуын қадағалауы, тәрбиесіндегі проблемаларды көре білу жолдарын меңгерту.

Дәріс жоспары :

  1. Диагностика туралы түсінік. Сынып жетекшісі жұмысындағым диагностика

  2. Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын жетілдіруді диагностикалауға қойылатын талаптармен таныстыру.

  3. Диагностикада қолданылатын әдістерге тоқталу.


1. Мектептегі әр мұғалім балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен қатар оларды тәрбиелейді. Яғни, мектептегі барлық педагогикалық қызметкерлер тәрбиелеу қызметін атқарады. Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет: Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы. Тәрбие көптің ісі. Тәрбиеге табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсаты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасай отырып, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасау. Осы орайда сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, оның нәтижелі болуы өз оқушыларын жақсы білуіне байланысты. Яғни, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып сынып оқушыларын, сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білгені орынды. Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлағанмен жанаса бермейді. Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі. Ендеше сынып жетекшісінің тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруда диагностиканың маңызы жоғары. Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және жеке оқушыларды кешенді зерттеу)-бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика-оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.

«Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика»:






    1. Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік зерттеу тәрбиелеу процесінің нақты жағдайларымен анықталатын, келесі талаптарды есепке алып жүргізуді қажет етеді.

  1. зерттеу әр оқушының дамуындағы ерекшеліктерін анықтауға бағытталуы керек.

  2. әр оқушының және оқушылыр ұжымының диагностикасы осының алдындағы диагностика нәтижелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі оның мақсаты‑ осы уақыт аралығындағы дамудағы өзгерістерді анықтау.

  3. әр оқушыға және оқушылар ұжымына жүргізілетін диагностикалық жұмыстар, оның бүкіл мектептегі оқу жылдарында жүзеге асырылады, өйткені мектеп жылдарында бала психикасы мен мінезінде көптеген өзгерістер болады. Міне, осылардың барлығы сынып жетекші және әр мұғалім болуы керек. Егер бұл талап орындалмаса, мұғалімдегі оқушы туралы қалыптасқан алғашқы түсінік сол қалпында қалады.

  4. әр оқушының жеке басын және оқушылар ұжымын зерттеу‑ нақты педагогикалық міндетті шешуге бағытталуы керек. Сондықтан диагностикалық әдістемелер осыны есепке алып таңдалынады.

  5. зерттеу кезінде оқушылардың жасын ескеру, яғни эксперименттік тапсырмалар оқушылардың жасына сай ұйымдастырылуы қажет.

  6. оқушылыарды оқыту және тәрбиелеу процесінде зерттеп білген дұрыс.

Сонымен әр оқушының басы және оқушылыар ұжымын зерттеуге қойылатын негізгі талаптар осылар.

Мұғалім диагностикалық әдістемелердің көмегімен педагогикалық процесс жағдайы, оқыту және тәрбиелеу жұмысының сапасы, оқушылардың алған білімі мен тәрбиелік деңгейі туралы мәліметтер алады, осы мәліметтерді өңдейді, талдайды, оларды бағалайды, педагогикалық процесс пен оқушылар дамуын түзетеді және болжайды.



Қазіргі ғылым зерттеудің мынандай міндеттерін көрсетеді: бақылаушы, түзетуші, болжаушы, тәрбиелеуші. Мұның алғашқысы-мәліметтер алу және тәрбие процесіне түзету енгізуден тұрады, екіншісі-болашақтағы оқушылар дамуындағы өзгерістерді болжау, күні бұрын көре білу, үшіншісі-мұғалім диагностикалау процесінің нәтижесіне сүйеніп, оқушыларға тәрбиелік ықпал жасайды.Сынып жетекшісі диагностика нәтижелерін өз сыныбындағы оқушылармен бірігіп талдайды, соның талдау нәтижесімен алдағы уақыттағы тәрбиелеу жұмысы құрылады. Сынып жетекшісі әр оқушыны, оның отбасын, оны қоршағандарды, ол оқитын сыныпты зерттеу қажет. Диагностикалау жұмысының мазмұнына: оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметер, баланың дене дамуы және денсаулық жағдайы туралы мәліметтер, танымдық процестерінің деңгейі, оқу мотивтері, жеке бастың бағыттылығы (қызығуы, қатынасы, бағалауы, мен-концепциясы), оқушының тәртібі жатады.Бұдан басқа сынып жетекшісі ұжымды зерттейді: сыныптың құрамы, сыныптағы бірлік, ұйымшылдық, қоғамдық пікір, жеке өзара қатынастар, педагогикалық ұжыммен байланыс т.б.

3.Оқушыларды зерттеп білуде педагогикада түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Оларға жататындар: педагогикалық бақылау, оқушылармен, олардың ата-ана, жолдас-жораларымен және мұғалімдермен жеке әңгімелесу, оқушылардың түрлі жұмыстары, анкета т.б. Бақылау әдісі-бұл мұғалім үшін қолайлы, және оқушылар туралы көптеген мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Ғылыми бақылаудың күнделікті бақылаудан айырмашылығы бар.Бақылау ғылыми және психологиялық-педагогикалық болуы үшін, ол бірқатар талаптарға жауап беруі керек: 1) бақылау міндеттері анықталады, объекті бөлінеді, схемасы құрылады. 2) Нәтижесі міндетті түрде жазылады. 3) Алынған мәліметтер өңделеді.Бақылаудың тиімділігі жоғары болуы үшін ол ұзақ, жүйелі, әржақты болуы керек.Сынып жетекшісі әр оқушыны бақылағанын жазып отыру үшін күнделік бастауға болады. Әңгімелесу әдісі-бұл оқушыларды зерттеудегі ең икемдің, қолайлы әдіс. Әңгімелесу әдісін қолданғанда әңгіме мақсатын алдын-ала айқын анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды. Әңгімелесу барысында келесі жағдайларды есте сақтау қажет: -баланың жас ерекшелігін есепке алу; -сұрақтарды балаға ыңғайлы етіп қою; -жағдайды дұрыс пайдалана білу, сұрақтар мен жауап беруде тапқыр болу; -баламен жағымды қатынас орнату. Анкета әдісі- Анкетада сұрақтар беріледі, зерттелінуші оларға жауап береді. Анкета әдісі арқылы оқушының жеке бас сапалары, қатынасы, бағалауы, іс-әрекет мотивтері туралы мәлімет алуға болады.Ол уақыт жағынан тиімді, жылдам және көп адамды қамтиды. Педагогикалық зерттеулерде анкетаның екі түрі қолданылады: 1) ашық тест-оқушы өз бетінше ерікті жауап береді; 2) Жабық –онда оқушы дайын жауаптардың біреуін таңдайды. Анкета сұрақтары түсінікті, анық, балалар жасына сай болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...