План урока №67 Пән: Қазақ әдебиеті Мамандығы: 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Біліктілік

Loading...


Дата10.04.2020
өлшемі55.5 Kb.
түріПлан урока

Сабақтың жоспары / План урока №67

Пән: Қазақ әдебиеті


Мамандығы: 0508000 « Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Біліктілік: 0508012 «Аспазшы»

Тобы: ПК-16


Күні:09.04.20

Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин өмірі шығармашылығы «Шығанақ» романы


Сабақтың түрi/Тип урока: Аралас сабақ

Оқыту әдісі/Метод обучения: Сұрақ-жауап, баяндау жазба жұмысы

Мақсаты:

1.Бiлiмдiлiк: ХХ ғасырдағы қазақ жазба әдебиетінің алыбы, сөз зергері Ғабиден Мүстафиннің өмір жолымен таныстыру

өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп қайталай отыра, оқушылардың білімдерін толықтыру.

2.Дағды машығын ұйымдастыру: білім алушыларға бағыт сілтей отыра, әр тұлғаның ізденуіне жол ашу.ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелiк : жазушының өмір жолын, шығармаларының идеялық мазмұнын ұғындыру арқылы мейірімділікке, ерлікке, елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы

Сабақтың жабдықталуы, үлестiрiлiп берiлетiн материалдар: слайд

Әдебиеттер (негiзгi, қосымша) О.Абдиманұлы С.Дюсебаев Қазақ әдебиеті

175-186 беттер
Сабақтың барысы/ Ход урока




Сабақтың кезеңдері /Этапы урока

Уақыты/ Время

1

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, білім алушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу

2 мин

2

үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

20 мин

3

Мақсат қою кезеңі:

Оқытушының кіріспе сөзі: Бүгінгі сабағымызда әңгімелейтініміз әр түрлі жанрлардың асқан шебері, сұңғыла суреткер, классик жазушы романдардың авторы Ғабиден Мұстафин (1902 - 1985жж.)


3

4

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: лекция жазу, ауызша мәлімет беру жазба жұмысы



30 мин

5

Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі: Шығанаққа мінездеме беру



20

мин



6

Бекiту кезеңі:
1-ден оқырман қауымға еңбектену арқылы өмірдің барлық қиындығын жеңуге болатынын ашып жазып болашағына үміт ұшқынын силайды.

2-ден жазушы болашақ ұрпақты адалдыққа барлық бейнетті ақыл-парасатпен жеңуге болатынын айтады.

3-ден өзінің өмір жолы ауыр бейнетпен өткендігін білім алу үшін мүмкіндіктері аз бола тұра талпынып барлық ь кедергілерден жасқанбай өте білгендігін аңғаруға болады.

4-ден жазушы шығармаларының оқырман жүрегіне жол табатын мазмұндылығы шын дарын иесінің халық жадында мәңгіге сақталатындығына себепкер болады.


10 мин


7

Үй тапсырма беру, білім алушылар білімін бағалау кезеңі: Ғабиден Мұстафин өмірі шығармашылығы «Шығанақ» романы

Сабақ барысында белсенділік танытқан білім алушылар білімі бағаланады.


5 мин


Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин мұрасы – осынау қағиданың дәлелі мен айғағы.
Ол 1902 жылы Қарғанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді» - дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу - білім іздетеді, 1916 жылы зауыттағы орысша - қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ» - деп өкінеді кейін жазушы.
1918 - 1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жолдары оянады.
1933 жылы Ғ. Мұстафин «қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалды. Бірақ көп кешікпей қазақ тілінде «Қызыл ту» атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына ауыстырылады. Өмірлік тәжірибесі байыған, журналист ретінде қаламы төселген Ғ. Мұстафин 1938 жылы газет жабылысымен Алматыға көшіп келеді. «Бұл менің тоғыз жыл бойы жазушылықтан қол үзіп кеткен, қайта оралған шағым», - деп жазады
Астана жазушыға көп әлеуметтік - қоғамдық жағдайды жаңа биіктен бағалауына, әдеби - мәдени өмірмен етене араласуға мүмкіндік береді. Сол бір идеология майданы шиеленіскен таптық тартыстың қызу жылдарында қаламгер, өзі айтқандай, күресші өнердің шебінде болды. Оның көз алдында жалынды ақын Сәкеннің, Сәбит пен Бейімбеттің, ұлы Мұхтар мен Ғабиттің үлгі тұтар жарқын бейнелері тұрды. Дәл осы жылдары әдебиетті көп оқып, көп үйренді. Жаңа өмірдің әсерімен философиялық, эстетикалық көзқарасы қалыптасып, әдеби талғамы биіктей береді. Көптен көңілін қобалжытқан етене жақын тақырыбы – Қарағанды шахтерлерінің өмірінен «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады (1939). 1940 жылы Ғ. Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы – «Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты.
Он жыл (1939 - 1948) «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында қызмет істей жүріп (басында әдеби қызметкер, кейін редактор) ел өмірімен кең, танысып, жазушылық еңбекке біржолата бет бұрады. 1942 жылы «Айғақ» атты шағын пьеса, «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен» секілді әңгімелер жазды.
«Өмір мен өлімнен» кейін сәтті кезеңі басталады. Ауылдағы өзгерістерге арналған «Шығанақ» (1945) пен «Миллионер» (1948) жарық көрді. Көп кешікпей орыс тілінде жарияланған бұл шығармалар қаламгер есімін кеңінен танытады. Мұстафин шығармалары шет тілдерге де аударыла бастайды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті туындысына айналған «Қарағанды» романы (1952) мен жазушы шығармаларының бір шыңы – «Дауылдан кейін» (1960) романы басылып шығады. Соңғы жылдары өз басынан кешкенін, көргенін ғұмырнамалық «Көз көрген» романында жинақтайды.
Өте маңызды тақырыптарға арналған бұл романдарға кең тұрғыдан қарау керек. Жиырмасыншы жылдардағы кескілескен таптық тартыс, қалың бұқараның рухани өзгеруі, ауылдың өзгерісі ен далаға өнеркәсіп алыптарының салынуы – феодалдық құрылыстың тас - талқаны шығып, жаңа бір қоғамның қанат жаюы кең бейнеленген кең құлашты шығармаларға айналды.Қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болғаны – «Шығанақ» романы.


Жазушының кеңінен танымал алғашқы көлемді туындысы 1945 жылыдары тары өсіруден бірнеше рет әлемдік рекорд жасаған Шығанақ Берсиев жөнінде жазылған .Шығанақ неғұрлым сенімді , толыққанды жасалған замандас бейнесінің бірі болып саналады. Мінез -құлқы салмақты қарапайым еңбек адамдарының сөзін сөйлейтін адамгершілігі жоғары адам болып бейнеленеді. Сол заманда барлық қиындықты көріп, күйзелген қарапайым еңбек адамдарын қамшының астына алып, дөрекі мәнез танытып , жұмсаған Амантайға халық үшін араша болып, ақыл айтуынан осыны аңғаруға болады. «Ақтабан –шұбырындыны көрген басы байлауда , малы айдауда болған халықты жәбірлемеуін өтінеді. Ақырумен бірді , ақылмен мыңды бағындыруға болатынын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...