ЖКА-Нейтрофильді лейкоцитоз, тромбоцитопения (100*109 /л-ден аз төмендеуі ауыр преэклампсияның дамуын көрсетеді.
ЖЗА – протеинурия
БХ анализі: креатинин мен мочевинаның жоғарылауы. АЛТ, АСТ жоғарылауы-ауыр ПЭ белгісі. LDH жоғарылауы-гемолиздің белгісі. Альбуминдердің төмендеуі. Гемолиз немесе бүйректің зақымдануы салдарынан билирубиннің жоғарылауы.
1
2
9
Талдау/ Босанған әйелдің босанудан кейінгі патронажының мақсатын талдаңыз.
Босанғаннан кейінгі патронаж – босанған әйел жаңа туған сәбиді медициналық тұрғыда жүйелі бақылау болып табылады. Бұл патронаж босану күннен шыққан соң алғашқы 2-күннің ішінде, егер босану асқынып өтсе – дәрігер, ал егер босану қалырты өтсе – акушрка немесе мейірбике жүргізеді. Босанғаннан кейін патронаждың мақсаты үй жағдайында сауықтыру мен алдын – алу шараларын жүргізу, жеке бас гигиенасы ережелерін үйрету, тұрмыстық санитарлық – гигиеналық жағдайды жақсарту.
Босанудан кейінгі патронажды уақытылы жасау үшін әйелдер консультациясы босанатын стационармен тұрақты байланыста болу керек. Перзентханадан босанған әйелген екі шығару қағазын береді. Біреуі әйелге, екіншісі балаға арналған. Біріншісінде жүктілік қалай өтті, асқынулар болды ма, болса қандай және дәрігер қандай жағдайға маңызды көңіл аудару керек туралы мәліметтер болады. Осы шығару қағазы әйелдер консультациясына беріледі. Акушер-гинеколог шығару қағазын алғаннан соң патронаж жасайды. Анасының жағдайын алғашқы 3 күнде, алғашқы бірінші айында 1 рет патронаж жасалынады.
Әйелдер консультациясында мекен-жайы бойынша тіркеуде болса, жүктілік картасын уақытша тіркеуге алады. Босанудан кейінгі 42 күннен соң медициналық мекемеден тіркеуден шығарылады.
1
2
10
Талдау/ ВОЗ ұсынысы бойынша емшекпен емізудің 10 принципін талдаңыз
1. Омыраумен емізу тәжірибесі жайлы жазылулы түрде нақтыланған саясат болу қажет және мезгіл сайын медициналық қызметкерлерді ол хаттамамен таныстырып отыру керек
2. Бұл саясаттың орындалуы үшін барлық медициналық қызметкерлерді оқыту қажет
3. Барлық жүкті әйелдерді омыраумен емізу артықшылықтарымен және әдістерімен ақпараттандыру.
4. Босанғаннан кейінгі алғашқы 30 минутта омыраумен емізуге көмектесу.
5. Қалай омыраумен емізу керектігін аналарға үйрету, және баласы екеуі екі жақта болса да лактацияны сақтап қалуды үйрету.
6. Жаңа туған нәрестеге омыраумен емізуден басқа тамақ немесе сусындар бермеу керек, тек медициналық көрсеткіштер болса рұқсат етіледі.
7. Ана мен баланың палатада 24 сағат бойы бірге болуына жағдай жасау.
8. Баланың қалауы бойынша емізу.
9. Жаңа туған нәрестелерге, еметін балаларға анасының сүт безін алмастыратын немесе жұбататын жасанды заттар беруге болмайды (соски, пустышки).
10. Омыраумен емізуді қолдайтын топтардың құрылуына ат салысу және әйелдерді перзентханадан шыққаннан кейін сол топтарға жолдау.
1
2
11
Талдау/ Жаңа туылған нәрестенің біріншілік реанимациясын жүргізуді талдаңыз.
Жаңа туған нәрестенің реанимациясы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы)
Нұсқа: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Клиникалық хаттамалары – 2018ж