«Пікір-сайыс сөз додасы» білім беру бағдарламасы білімнің гуманитарлық жүйесін нақты көздейтін жаңа бағыттағы үйірме



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі133.81 Kb.
#578124
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Дебат Күнтізбе жоспар
3 класс урок 28, 3 -класс. Цифровая грамотность. ДСП, Дублер жоспар ,бұйырық

ТҮСІНІК ХАТ
«Пікір-сайыс – сөз додасы» - білім беру бағдарламасы білімнің гуманитарлық жүйесін нақты көздейтін жаңа бағыттағы үйірме. Оқушылар мен ұстаздарды да пікір-сайыстарға араластыруға, өз бетімен ізденуге, білім алу және жалпы шығармашылық белсенділігін арттыруға көзделген. Пікір-сайыстарға дайындық барысында оқушылар белгілі – бір тақырып бойынша мәлімет жинастырып, оларды қарама – қарсы бағыттарды қолдайтын екі түрлі позицияға арналған жоспарға топтастырылады. Олар жақтау және даттау топтарының кейстері. Осының нәтижесінде оқушылар кез-келген мәселеге біржақты көзқараста болудан арылып, терең, сын тұрғысынан оқушыларды, сонымен қатар парламент мүшелерін (класс оқушыларын) бөлудің әртүрлі жолдарын қарастыруға болады. Мысалы: психологиялық тренинг, сергіту, ойын элементтері арқылы, екінші СТО элементі жуан, жіңішке стартегиясы арқылы сұрақ жетегімен бөлуге болады. Жалпы пікір- талас, талқылау, дискусия, диалог, бір мәселені көпшіліктің талқысына салу ақиқатқа жетудің ең кең тараған және оң нәтиже бере алатын формасы болып табылады. Алайда бұның да өз қыр-сырлары көп. Ең алдымен ол пікір-сайыстыратын мәселенің күрделілігі, кез-келген мәселе бойынша біріміз ақиқат деп білетін нәрсе басқаға мүлде олай емес. Пікір – талас барысында адамдар ортақ мәселе жайлы өз пікірлерін ортаға салады, олардың әр түрлі болуы заңды, пікір сайыстар арқылы тараптар ой бөлуге, өз көзқарастарының кемшіліктерін ашып, оларды ұштауға, кемелдендіруге мүмкіндік алады. Қысқасы, ақиқаттың ең озық таразысы көзқарастар бәсекесі. Бағдарлаәдебиет, тарих пәндеріндегі заман өзгеріснің өзіндік жаңаша көзқарасын сұрап тұратын тақырыптар көптің қасы.. Пікір-сайыс логикалық, психологиялық, адамгершілік және көптеген басқа аспектілерді қамтиды.Үлкен додалар өткізіп, оқушылардың лидерлерін анықтауға тигізер септігі бар.
Өзіндік көзқарасы бар, айналаны сыни тұрғыдан барлап, бағалайтын, шешім шығаруда өзгенің ойын таразылап, өз ойын өткізуге сенімді тұлға қалыптасуына септігі тиеді. Әртүрлі саладағы ғылымның теориясы мен практикасына терең бойлау былай тұрсын, оның тарихы, маңыздылығы, өміршеңдігі, пайдасы мен зиянында таразылай алатын дәрежеге жеткізеді. Білім беру бағдарламасының жан-жақты, тереңдетілген жайын ашады.. Пікір-сайыс әдеттегі пән олимпиадалары секілді. Жүйемен өткізілетін әр түрлі деңгейдегі пікір-сайыс бәсекелері арқылы жүзеге асыруға болады.
Олимпиадаларда оқушылар тек бір пән бойынша ғана білімдерін көрсете алса, пікір – сайыстарда олар жан – жақты, әр түрлі салалардағы білімдерін көрсетіп, жетілдіре алады. Пікір – сайыстардың әдеттегі олимпиадалардан айырмашылығы да, артықшылығы да осында. Үйірме оқушының тұлға, азамат ретіне жетілуіне, білім алуға деген қызығушылығының артуына зор ықпал етуі сөзсіз. Сонымен бірге пікір – сайыс бағдарламасы жаңа орта білім беру жүйесінің иядеяларымен толық үйлеседі деуге де негіз бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі