Н. Лебедеваның айтуынша тікелей емес стиль әлеуметтік қарым-қатынасты ғана емес, әлеуметтік әрекетті сақтайды.
Қазақ тілінде «көк» сөзі екі мағынаны білдіреді – көк және жасыл. Аспан-«көк», ал «көк» - бұл жасыл түсті; көк шөпті де білдіреді. Көк аспан – шексіздіктің символы, жасыл шөп – бұл адамның жасы – шектеудің белгісі. Бұл бір сөздің амбиваленттік мағынасын білдіреді. Ж. Каракузова көрсеткендей «Амбиваленттік тек түр-түспен анықталмайды, көк-жоғарыны, жасыл – төменді ғана көрсетпейді, көшпелі халық бұл түстерді бір-бірімен байланыстырады. Бұл мысал мифологияны еске түсіреді, «аспан» мен «жер» бір-біріне алшақ болған деген ұғымды келтіреді.
Екі жақты немесе амбиваленттік мағынаның психологиялық ойлауымен, психологиялық мінез-құлқын көруге болады.
Сол себептен вербальды қарым-қатынас тек қарым-қатынас функциясын ғана білдірмейді. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудің бір түрі; сонымен бірге сөйлесу арқылы сезімнің барлық эмоциясы білінеді; адамдардың арасындағы халықтың мәдениеті; даму, ойлау сатысын және т.б. білуге болады. Бұл адамның қоршаған ортамен этнопсихологиясын білдіреді.
Вербальды этностық қарым-қатынас ауызша емес коммуникативтік құралдарға сүйенеді; сондықтан психологияда келесі түрлер мен формаларды бөліп көрсетуге болады.
оптика-кинетикалық – бұл басқа адамның қозғалысын көзбен қабылдау (тест, мимика, пантамимика, көзбен қарым-қатынас жасау)
паралингвистикалық, ритмика-интоноциялық сөйлеу (дауыс ырғағы, диапазоны, тембрі, екпіннің күші);
адамның экстралингвистикалық, физиологиялық қарым-қатынас (үзіліс, күлкі, жылау, сөйлеу темпі, жөтел);
кеңістік-уақыттық қарым-қатынас элементтері (дистанция, уақыт);
әріптеспен динамикалық қарым-қатынас жасау (қол қысу, қол соғу, құшақтасу, сүйісу т.б.)
ольфакторлық, иіспен байланысты.
Сөйлеу каналдары арқылы таза ақпарат берілсе, вербальдық емес жолдармен әріптеске қарым-қатынастың қимылдық бағалауы бойынша вербальдық қарым-қатынас жүйесі негізгі массаның басшысы және әріптестің тура бейнесін бере алады. Вербальды емес байланыс құралдары зерттеуші А.Мейерабин 93 % ақпарат вербальдық емес қатынас каналдары арқылы беріледі десе, оның 55 %- мимика, жест арқылы, 38 %- тембр, дауыс ырғағы арқылы беріледі делінген.
Вербальды емес қатынас 700000 мимикалық жетістік, кейіптік қимылдардан тұрады деп көрсеткен.
И.Альтман және М. Говейн вервальды емес коммуникациялық екі стильді бөліп көрсетеді; жеке бағыттың стиль, жеке мәдени және жалпы-бағыттық, ұжымдық мәдениетке тән.
Қарама-қарсы әрекеттерге сай адамдар 4 негізгі вервальды емес қарым-қатынасты қарастырады:
Жеке – ашық стиль, вербальды емес әрекетке тән, жекешелікті көрсетеді. Бұл стильге экспрессивті вервальды емес стиль жатады.
Жеке-тұйық стиль, бұған пассивті тесттер жатады.
Жалпы –ашық стиль топтық норманы белгілейді.
Жалпы – тұйық стиль топтық норманы қарым-қатынас негізінде жұмсақтық пен ара қашықтықты сақтайды.
Оптика-кинетикалық байланыс құралдарына адамның көзбен көруі, тест арқылы сөйлесуі жатады, мимика – адамның бетінің бұяшық етеді арқылы ішкі жан-дүниесін білдіруі, пантомимика – сөйлеу кезіндегі адамның тұрысындағы кейпі, көзбен жасау-әріптеспен көз арқылы қатынас жасауы. Тілдік қатынас болмаған жағдайда оптика-кинетикалық құралдар негізгі қатынас құралдарына жатады. Сондықтан ақылгөйлердің айтуынша тест дене қозғалысы емес, жан қозғалысы.
Достарыңызбен бөлісу: |