Этнопсихологияның негізгі категориялары.
Бүгінгі күнгі этнопсихологияның даму деңгейі толық категориялы аппаратты детерминациялау мүмкін емес, яғни ғылымның өзі құрылу стадиясында болғандықтан жүргізілмейді. Сондықтан этнопсихологиялық білімнің одан әрі дамуы этнопсихологиялық зерттеулердің актуализациясы бұл жаңа ғылымның аппаратын дамыту мен кеңейтуге мүмкіндік береді.
Теориялық түсініктеме негізінде этнопсихология категориясының мәселесінде этнопсихологияның толық категориялық аппараты қиын көп деңгейлі жүйені құрайды.
Бірінші деңгейлі жүйе оның пайда болу түсінігімен байланысты. Бұл этнос, ұлт, этностық топ тұлға деген түсініктер.
Екінші деңгей психологиялық, философиялық, әлеуметтік, мәдениеттану әдебиеттерінде жеткілікті деңгейде зерттелген.
«Этнос» категориясы негіз болғандықтан, ғылымда көп уақытқа дейін екі түсінік беріп келді. Нақты ғылымда біреуі ғана қаралды, оны Ю.В.Бролеев қарастыра отырып, этнос-әлеуметтік мәдени көрініс деп айтты. Оның ойынша этнос – белгілі территориядағы тарихи құрастырылған адам жиынтығы, яғни жалпы соған байланысты тіл ерекшелігі, мәдениеті мен психикасы сонымен қатар өзінің бірлігі мен басқаларға ұқсамайтын, саналы фиксацияланған түсінік деп айтты.
Л.Н.Гумилев биологиялық бірлік ретіндегі «биосфера феномені» деп түсіндірді. Оның ойынша этностар – биосфера шекарасы мен әлеуметсферасында жатқан арнайы жер биосферасын құруды көздеген құрылым. Этнос түсінігіне нақты дәлел жоқ. Тіл, пайда болу, салт, материалды мәдениет, идеология, ылғи анықтау болып тұра алмайды.
Ұлттық психологиялық ерекшелік түсінігі. Этнопсихологиялық сөздікте ұлттық психологиялық ерекшелік әлеуметтік-психологиялық көрініс ретінде анықтайды, яғни әртүрлі қоғамдағы сананың болуы.
Крыско Ресей халқының көп деңгейлі формасын көрсетуде және зерттеуде, олардың арасында мотивациялық-фонды интелектуалды-танымдық, эмоциональды-еріктік, коммуникативті-қимыл әрекеттік деп қарады.
Сонымен, мотивациялық-фонды ұлттық психологиялық ерекшелік нақты этностың қоғамдағы адамдардың іс-әрекет күшінің мінездемесінің ерекшелігін айқындайды, мотивациялық анықтайды және жұмыс қабілеттілігін ашады.
Интелектуалды-танымдық ерекшелік ұлттық психиканы тасымалдаушылардағы өзіндік қабылдау мен ойлауды танымдық және интелектуалды сапада специфика түрінде алмастырып, қоршаған шындықты өз ойымен қабылдап, бағалау мен түзету жүргізіу.
Эмоциональды-еріктік ұлттық психологиялық ерекшелігі нақты көрсетілген эмоционалды және еріктік сапалардың өзіндік функциялануының сезім динамикасында көрсете отырып, сезім ерекшелігін, сонымен қатар тұрақты және созылмалы еріктік күшпен көрсетіледі.
Коммуникативті-қимыл әрекет ұлттық-психологиялық ерекшелігі мағлұматтың және тұлғааралық қарым-қатынас спецификасын анықтай отырып, сол немесе басқа этностық қоғамның адамдары арасындағы байланысын көрсетеді.
Этнопсихологияның маңызды категориясының бірі болып этностың өзіндік сана негізі дәстүрлі түрде этностық сананы екі деңгейде қарастырады: топтық деңгейінде және жеке деңгейінде көрінеді. Бірақ практика жүзінде нақты адамдарды құрайтын этностық топ.
Б.Ф. Старойвонтованың көзқарасы бойынша этностық өзіндік сананы «Адамның өзін этносқа көбірек қою». Оның ойынша, этностық өзіндік сана дәстүрлі-күнделікті қимыл таптаурын функциясын орындаудың кеш құрылымы, яғни олар көптеген қоғам қатысушыларын күнделікті өмірге қосу.
Г.У. Солдатованың айтуынша этностық өзіндік сана бұл - әлем қабылдаудың спецификалық жүйесі. Бұл белгілі әлеуметтік топтың «тномәдени шындыққа қатынасы, бұл өз халқына жататынын сезіну, өз халқының қызығын көру, мәдениет, тіл, территориясын елеу.
Этностық өзіндік сананың нақты түсінігін толықтырған Қ.Б. Жарықбаевтың айтуынша ұлттық өзіндік сана - өз түсінігіне жоғарыда аталғандарды көрсететін этнопсихологиялық феномен, сонымен қатар сол немесе басқа этностың дәстүрі, салты мен өмірлік бейнесі екенін айтты.
Қазіргі уақытта этнопсихология жақсы даму этабынан өтуде. Қазіргі кездегі авторлар өткен совет танымдылығының территориясының ерекшелігін зерттеудің стимулдау ерекшелігін этносаралық қатынастағы динамиканы, этностық идентификациялық трансформациясын және басқа да әлеуметтік-психологиялық мәселелерді зерттеуге көңіл бөлуде.
Сондықтан бүгінгі таңда этнопсихология саласының алдында «этностық негіздің жеке тұлға өмірі жайлы және бүкіл ел алдында өзіндік рөлін іздестіру мәселесі тұр».
Достарыңызбен бөлісу: |