ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Тренингтік жұмыс технологиялары»


Тақырып: Тренингтің негізгі әдіс—тәсілдері

Loading...


бет9/10
Дата10.04.2017
өлшемі128.58 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырып: Тренингтің негізгі әдіс—тәсілдері.

Мақсаты: тренингте қолданылатын негізгі әдіс—тәсілдермен таныстыру.

Жоспар:

  1. Тренингтің негізгі әдістері.

  2. Ойын, пікір—сайыс әдістері.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: тренингтің негізгі әдістеріне тоқталу. Топтық пікір—сайыс, ойын, психожаттығу әдістерін студенттерге түсіндіру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, ойын ,психожаттығу, пікір—сайыс, топ, проективті сурет.

Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері үш үлкен салаға бөлінеді – топтық пікір-сайыс және ойындар. Бейнені жобалау және психожаттығу қосалқылар болап табылады.



Топтық пікір-сайыс тренинг әдістерінің негізгісі болып табылады. Талқыланатын пікір-сайыстың мәні негізгі үш мақсат арқылы жүзеге асады, олар: топтық процестерде кенттен пайда болатын жағдайлар топтық ойындарды өткізу нәтижесі ретінде және топтың шеңберде әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүргізудің нәтижелері ретінде. Сонымен қатар, «...топтың әр қатысушысына топтық үрдістер мен осы топтағы адамдардың оған деген көз-қарасы және топта болған уақыт аралығында өзінде болған белгілі бір нақты психологиялық жағдайды жан-жақты, әрі терең зерттеуге мүмкіндік беріледі» .

В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева топтағы пікір-сайысты сындарлы және бейсындарлы деп екіге бөледі. Сындарлы пікір-сайыстың іс-әрекеттік нәтижесі келесі қорытындылар арқылы жүзеге асады: өз ой-пікірін айту жағынан қатысушылар тең құқылы; әрқайсысы демографиялық атмосфераны сезінеді; әрбір қатысушы белсенділік көрсетеді; қатысушылар альтруистік және аффилиативті реакциялары басымды болады; бірлесе жұмыс жасау мен өзара қарым-қатынасқа қанағаттану. Топта орындалатын міндеттер әлеуметтік және тұлға аралық мәселелер; тұлғалық мәселелер; ақыл-ой міндеттер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелер пікір-сайыстың пәні болып табылады. Сонымен қатар, кәсіби жағдайда болатын жағдайлар «баллинттік топтар» пікір-сайыстың пәні болуы мүмкін – құлықтық тәрбиенің дамуын диагностикалау үшін қағиданы таңдау жағдайларын талдау. Топтық пікір-сайысты тиімді, әрі табысты өткізу үшін «қарым-қатынас ережелері» сияқты арнайы қағидаларды енгізу қажет. Пікір-сайыс жетекшісінің міндеті бұл қағидараларды түсіндіру мен бұлжытпай жүзеге асыру.

Ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық дайындық тәжірибесінде ойын әдістері операциондық және рольдік деп екіге бөлінеді. Операциондық ойындар (басқарушылық, іскерлі) өмірдегі тұлғалық аспектілерге қарағанда, құралды оқыту аспектісі әлдеқайда басымырақ, формальды және минималды. Мұндай ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кәсіби мәселелерді шешу іскерлігін қолдануға бағытталған.

Рольдік ойындар өз қалауына қарай белгілі бір рольді орындауға арналған. К.С.Станиславскийдің актерлік тренинг жүйесінде рольдік ойындарды өткізу тәжрибесі жайлы көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бұл текке емес, себебі «...театр рольдік ойындардың бастамасы, символикалық ықпалдың тұжырымдамасы, адам тұлғасының үлгісі және өзін-өзі тануда қолданатын тәсілдер, сонымен қатар, психотерапевтік драматизация және инсценизация, имагопсихотерапия және топтық белсенді әдістердің рольдік варианттары сияқты психологиялық әлеуметтік- тәжірибелік лабораторияның алғашқысы деп есептеуге болады». Психология мен театрдың байланысы Я.Мореноның «психо-драма» әдісінде көрсетілген.

Психодрамада қолданатын рольдік ойындар базалық және жағдайлық деп бөлінеді. Базалық рольдық ойындардың әмбебап психологиялық маңызы бар және олардың мазмұнына қарамастан түрлі психологиялық мәселелерде қолдануға болады.

Бұл «өзін-өзі таныстыру», «диалог», «монолог», «дубляж», «рольмен алмасу», «репликалар айту», «рольдерді орындау», «бос зал», «айна» сияқты техникалар. Жағдайлық-рольдік ойында шектеулі негіз бар, олар қарастырылатын мәселелердің ерекше мазмұнымен бір-бірімен тығыз байланысты. Оның мақсаты – сабақ барысында пайда болатын терапевтикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Н.Н.Богомолованың пікірінше, жағдайлық-рольдік ойындардың мәні қатысушыларға берілген проблемалық жағдайды импровизаялап ойнау болып табылады.



Д.Книппер рольдік ойындарға сәйкес оларды өткізуде мынадай қағидаларды ұсынды: - рольдік ойындар, нақты бейнелеу мен қоршаған ортаның жансыз жақтарына негізделу қажет;

– көрселетін іс-әрекет аутентивті, яғни дұрыс және дәлме-дәл болу керек. Өзінің іс-әрекеттерін еркін көрсетіп, ойынға толығымен қатысып, қатысушы өзінің қиыншылықтарын қазіргі жағдайда болатындай етіп көрсету қажет;

– рольдік ойындарды ойнаған кезде, ішкі үрдістерді драмалық түрде «іштен шығару» және уақытша сипаттардың өзгеруі арқылы ойындағы белгілі бөлімдердің шамасының артуы сияқты таңдаулы фокусировка болу қажет;

– рольдік ойындарда көрсетілетін эпизадтардың өзара байланысы дәйектелінеді. Мұндай қағиданың алғы шарттары ретінде, рольдік ойындар бір эпизодтан басқа эпизодтарға дәйекті көшу арқылы максималды терапевтикалық тиімділік артады және кейбір эпизодтардың өзара байланыстан құралуы болып табылады.



Я.Морено рольдік ойындарды келесідей түрлерге бөледі: импровизациялық ойын – топтағы қатысушылардың қалауы бойынша жүргізіледі және ойынға қатысушылардың қияли мен шынайы ұсыныстарына сәйкес өз бетімен өрбиді; рольдік ойындар әлеуметтік-педагогикалық қызметті орындау ретінде - бірдей рольдік тәртіпке оқыту, рольдерді интеграциялау және рольдік ебедейсіздікті алдын алу (адамның өміріне жаңа рольді енгізу); жағдайлық ойын – қиынға түскен әлеуметтік жағдайларды алдын алу іскерлігін иелену.

Психожаттығу. Сөздің көмегінсіз қарым-қатынас жасап, топтың мүшелері өздерін көрсететін қосымша әдісті білдіреді.

Жаттығулар дайындық, пантомимикалық және қорытынды бөлім деп үшке бөлінеді. Дайындық және қорытынды бөлімдер дерективті сипатта болады, ал пантомимикалық бөлімде қатысушылардың қиялы мен өз эмоцияларын көрсетуге еркіндік беріледі.

Дайындық бөлімде үш қызмет көрсетілген: жаттығулық (дененің барлық мүшесімен жаттығу жасау), релаксациялық (психологиялық дистанцияның және қорқыныштың төмендеуі), байланыс (байланыстық элементтерге дайындық, мысалы, сөзсіз сезімдерді түсіну). Бұл бөлімде қарым-қатыс, іс-әрекет және қиял өзара біріктіріледі. Мысалы, әріптесіңнің іс-әрекеттерін айнадай қайталау, мотивациялық секіру мен іс-әрекеттер (мысал ретінде, шұңқырды аттап секіру, көпшілікке жүгіру, қозғалу) жабық көзбен жүру сияқты дайындық жаттығулар болады.

Пантомимикалық бөлім ең негізгі болыпт табылады. Қатысушылар мұнда жетекші ұсынған тақырыпты өз іс-әрекетімен көрсету керек. Тақырып бір адамға, екі адамға, топтағы бірнеше адамдарға және топқа бірдей ұсынуы мүмкін. Юнова тақырыптарды төрт салаға бөлуді ұсынады, олар: дағдыланған өмірлік жағдайлар; ішкі, сыртқы және жалпы адамдық кикілжіңдер; ерекше мәселелер; топтағы интерперсоналдық өзара қарым-қатынастар.

Қорытынды бөлім белсенділік пен сергектік сезімін тудыру керек және басқа да топтың қатысушыларымен етенесіп, өзіндік күшті сезіну.

«Психожаттығу» сөздерінің астарында көптеген жаттығуларды қолдану деп толығымен айтуға болады. Б.Д.Карвасарский психожаттығудың басты ерекшелігі оның негізгі байланыс қарым-қатынастары – қозғағыштық экспрессия арқылы эмоцияларды мимика мен пантомимиканың көмегімен көрсету, сонымен қатар, тапсырылған белгілі-бір тақырып бойынша жағдайларды манипуляциялау деп ойлайды.

Кейде психожаттығудың астарында топтағы әрбір бөлек немесе тұтастай қатысушылардың жағдайын өзгертуге бағытталған жаттығулар жатыр.

Психологиялық жаттығуларды өткізген кезде мынадай жағдайларды ескеру қажет:

– топтағы әрбір қатысушы қалаған жағдайдың өзгеруін ескеріп, жаттығуларды дұрыс таңдау;

– жаттығуды дәлме-дәл және дұрыс орындау алдында жүргізуші мысал ретінде жаттығулардың қалай орындалуын мүмкіндік болғанша көрсетіп, топпен инструктаж жүргізу;

– қатысушылар жаттығулардан әсер алып, максималды қанағаттанған сезімге жеткен кезде жаттығуларды тоқтату қажет;

– орындалған психологиялық жаттығуларды талқылау.

Проективті сурет. Проективті бейненің әдістері қиын вербалды проблемаларды түсіну және шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ суреттелген бейнелердің, түстердің және сызықтардың байланысы жалпы топтық қарым-қатынастың негізгі тәсілдері болып табылады. Т.С.Яценконың пікірі бойынша, проективті сурет «...мазмұнның жағдайын түсінуге мүмкіндік беретін қарым-қатынастарды, себептерді, сезімдерді тудыруға және олардың динамикасы мен бағытын ынталандырады. Бейнелеу процестің өзі тұлғалық түстер, ішкі әлемді, кикілжіңдерді, проблемаларды және олардағы маңызды жағдайды көрсету мен тудыру сияқты маңызды материалдар жағымды болуы мүмкін».

С.Кратохвил проективті сурет сеансын екі бөлімге бөледі: сурет салу (15-30 мин.) мен пікір-сайыс. Автордың ойынша, әлдеқайда «дұрыс» интерпритацияны іздеуге бейімделу пайдасыз болып келеді. Талқылау болса, қатысушыларға көмек көрсеткен кезде және қатысушылардың жағдайының қалауы бойынша қажетті өзгеруіне алғы шарттарды тудыру кезі топ үшін өте маңызды. Дегенмен, суреттерді талдау үшін кейбір критерийлер әзерленген проективті суреттік тесттердің қажетті саны бар деп айтып кету жөн.

Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.



Тақырып: Тренингті қолданудың тиімділігі.

Мақсаты: тренингті қолданудың мәнін ашып, студенттерге түсіндіру.

Жоспар:

  1. Тренингтің артықшылықтары.

  2. Тренердің топқа психологиялық әсер етуі.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: тренингті қолданудың тиімділігін жеткізу. Тренердің топта атмосфера құрушы, жағдай туғызушы ретіндегі міндеттеріне тоқталу.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, топ, атмосфера, тренер, қатысушы, атмосфера.

Тренинг – бұл ең алдымен арнайы атмосфера болып табылады. Әсерлі, тиімді бапкер тренинг барысында қандай жағдайлардың болатынын және оларды қалай ұйымдастыратынын алдын ала болжамайды. Ол тренинг барысында ғана топтағы атмосфераны сезеді және көреді, оған сәйкес жұмыс жасайды. Мұндай топтағы атмосфераны тудыру іскерлігіне үйрету аса қиын жұмыс. Әдетте, оны суреттеген кезде, «ауыр», «тығыз», «қиын» және тағы сол сияқты метафоралар қолданылады. Атмосфера ұғымына психоэнерге-тикалық көз-қарасы әлдеқайда жақын болып келеді. Сабақ барысында пайда болған арнайы энергетикалық кеңістікті қастерлеу қажет. Сондықтан тренингтер бөлек бөлмеде өткізіледі, ал кешіккендер немесе немқұрайды

қарайтын қатысушылар энергетиканың күшін жояды.

Тренингтің басында бапкер және қатысушылар өзара қатынасқа арналған жағымды атмосфераны «тудырады», содан соң ол қатысушылардың өздеріне көмектеседі. Тренинг біткен соң, қатысушылар қайтадан сол сабақ өткен бөлмеге барғылары келеді деген көз-қарас қалыптасқан. Мүмкін, алған әсерлері бірнеше уақытқа созылады. Қалай болса да, бапкер психотехникалық жаттығуларды таңдауда «атмосфера» деген ұғымы маңызды орын атқарады. Қиналу арқылы түсіну сияқты ой қалыптасқан. Тренингте атмосфераның маңызды да, айырықша ерекшеліктерінің бірі оның эмоционалдық қанықтылығы болып табылады. Бұл әсерлі тиімділік жасау емес, керісінше, арнайы әдістемелік қағида болып табылады. Ау бастан бері тренинг білімдерді сөз арқылы емес, іс-әрекет арқылы беру үшін арналған деген пікір қалыптасқан. Мысалы, адамға велосипедті тебуді лекция арқылы үйрету мүмкін бе? Ең алдымен адам бұл велосипедке отырып, тебу тәуекелін бастан кешіреді. Бұл арқылы, онда осындай тебу кезінде қиналу сезімін басынан кешіргеннен кейін, білімдер мен іскерлік пайда болады. Ал қиын қарым-қатынас іскерлігі жайлы не айтуға болады? Тренинг – бұл қиналу арқылы түсіну мүмкіндігі деген пікір қалыптасқан.

Егер де бапкер қажетті қиналуды ұйымдастыра алмаса, онда оның сабағына қатысушылар «Дұрыс қарым-қатынас жасау» тақырыбына тек қана ақпарат алады. Болашақта, олар сыртқы ортаға бұл жайды тек сөзбен ғана айтады, ал олармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды. Қарым-қатынастың тиімсіз тәсілдерінің өзгерістерінде дербес «түзетілген» білімдердің эмоционалды тәжірибесі адамға көмек көрсетуі мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, тренингтің беймәлім нәтижелері, себебі, қатысушыларда қиналу сезімі қашан болатыны белгісіз.

«Екіжоспарлылық». Тренингке сырттай қарасақ, онда сырттан бақылайтындар онда ешқандай ерекшелікті көрмейді. Бірге отырған адамдар сөйлеседі, ойнайды, содан кейін қайтадан сөйлейді, сосын үндемейді, және т.с.с. Бұл бірнеше күнге созылады. Ал содан кейін ең соңында өздерінің уайым-қайғылары мен психологиялық жаңалықтары туралы айтады! Мүмкін, олар бәрін ойдан шығарды немесе олар алданды?

Мүлдем жоқ, олай емес. Тренингті «сыртынан» тану мүмкін емес, оны бақылайтынға орын жоқ. Осыдан тренингке деген көз-қарас әртүрлі болады, кейбіреулері тренингке қатысты, ал басқалары осы тренингке қатыс-қандардан алған әсерлерін сұрайды. Кейбіреулердің психотренингке көңілдері толмайды, кейде жағымсыз, сын көзбен қарайды. Бір жағынан оларды түсінуге болады! Егер де тренингке қатысушылар өз ойларымен бөліскен кезде, алған әсерлерін тындасаң төбе шашың тік тұрады. Мысалы – «Алдымен біз шеңберге тұрып, шегіртке жайлы өлең айттық, содан кейін, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, би биледік, содан "жылғалар" деп аталатын ойын ойнадық. Осыдан кейін, біреу шеңбердің ортасына тұрды, ал қалғандарымыз оны қолдарымызбен ұстап жоғарыға көтердік». Бұл – шындық, дегенмен, бұл – шындыққа ұқсамайды. Тренингте болған жағдайлар тек психикалық түрде шындықпен жүзеге асады .

Тренинг – бұл топтық пікір-сайыс емес, психожаттығулар мен рольдік ойын да емес. Мұның бәрі қосалқы және де жұмыс метафоралар-үлгілер болып табылады, олардың көмегімен адамның ішкі жандүниесіне ықпал тигізуге болады. Екі тас салушы жайлы тәмсіл сияқты көрінеді. Біреусі кірпіш саламын деді, екіншісі зәулім үй саламын деп жауап берді .

Бапкердің жұмысы ең аз дегені екіжоспарлы болу керек. Бір жағынан қатысушылардың бір-бірімен жаттығулар мен тәсілдер түрінде («кірпіш»)

өзара іс-әрекеттерін тікелей ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, бапкер бір уақытта қадағалап және психологиялық деңгейде пайда болатын жағдайларға «ауыстыру» қажет («зәулім үй»). Күрес жарысында сияқты, бұл жаттығулардың екінші жоспарын «ішкі стиль» деп атауға болады.

Тренинг – бұл ғылым және қатысушылардың субъективті шын болатын жағдайында топта белгілі бір оқиғаларды туғызу шеберлігі .

Жоғары деңгейлі белгісіздік. Тренингті тұтастай түрінде кейбір адамдарда белгілі бір өзгерістер болатын жағдаят деп айтуға болады.

Тренингте белгілі бір қатаң жоспар жоқ, оның жүру барысын алдын ала жоспарлау мүмкін емес, ал қатысушылардың алатын әсерлерін жағымды, не жағымсыз болатынын айту қиын. Яғни, тренигтің басқа да ерекшелігі - белгісіздіктің жоғары деңгейі болып табылады (бапкердің мамандығы мұндай жағдайда үлкен шығармашыл деңгейде). Шын мәнісінде, бапкер қатысушылардың санын, олардың жас ерекшеліктерін, білімдері мен жыныстық жағынан қатынасы, олардың алдыңғы өмірлік тәжірибесі, олардың көкейтесті жағдайы, декларацияланған және жабық ішкі мақсаттар, бөлменің жағдайы, қатысушылардың орналасуы, өзінің дербес көңіл-күйі, және тағы да басқа жағдайларды ескеру қажет. Әрине, белгісіздіктің деңгейін тренингтің міндеттеріне сай жүру барысын өзгертуге болады. Егер де сіз адамдарды жай және стандартты дағдыларға үйреткіңіз келсе, онда сіздің сабағыңызда мұндай белгісіз өзгертулер қажет емес. Бірақ та қатысушылармен терең қатынасқа жүгінсеңіз, онда бұл белгісіздіктің сізге деген көмегі артады. Бапкер өз жоспарын тым міндеттесе, онда қатысушылар оның жоспары дұрыс жүзеге асуда деп оған деген сенімдері арта түседі деген парадокс бар.



«Жасандылық». Сонымен, тренингтегі қарым-қатынас біздің күн сай-ынғы қарым-қатынасымыздан қалай ерекшеленеді? Интенсивтілік, эмоцио-налдық немесе сенімділік те арқылы емес. Тренинг – бұл айрықша ережелер арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады. Тек мұндай ережелердің кө-

мегімен топта интенсивті байланыс пайда болады. Әдетте, бапкер сабақ ал-дында қатысушыларға тренинг – бұл қарым-қатынастың ережелеріндегі кейбір шектеулері бар жағдайлар деген ақпарат береді. Бірақ, қатысушылар олардың қажеттігін түсіну үшін көптеген уақыт өту қажет. Алғашқы уақытта қатысушылар үнемі сабақтарда мұндай ережелерді бұзады .

Бапкердің міндеті - келісім бойынша қойылған шектеулерді орындай-тындарын қадағалау және оларды бақылау болып табылады. Тренингке қойылған міндеттер қатысушыларды психологиялық қауіпсіздікпен қамта-масыз ету үшін арналған. Мынадай шектеулер ең негізгілер болып табылады: тренинг барысында пайда болған жағдайларды ғана талқылауға болады («қа-зіргі уақыт» жайлы); сөйлеген кезде «Біз», не «әр адам» дегеннің орнына тек «Мен» деген есімдікті қолдану (өзінің сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап беру жайлы); такттілі іс-әрекет көрсетудің орнына адалдық көрсету («немқұрайды» қарамау, керісінше, зерттеушілік тудыру жайлы). Арнайы ат-мосфера. Себебі тренингке өте тығыз уақыт берілген, негізінде тренинг ша-мамен бір аптаға созылады, бапкерге қатысушылар топта белсенді жұмыс жа-сау үшін өте шапшаң түрде мүмкіндік туғызу керек. Біздің көз-қарасымыз бойынша, тренингте шешуші фактор, бұл қатысушылар өзара ашық қарым-қатынас жасау үшін, ерекше психологиялық климат пайда болу қажет.

«Қатысушылардың қарама-қарсы белсенділігі». Тренингті өткізуде қатысушылардың қалауы және олардың белсенділігі қажетті шарттардың бірі

болып табылады. Кейде: «Сіз өткізетін тренингтің мақсаты қандай?» деп сұ-

райды. Тренингте мақсат жоқ, ол тек қатысушылардың әрқайсысында өзіндік дербес мақсаты бар. Клиенттің енжарлылығы тек хирургта болған кезде жағымды. Тренингтің тиімділігі - бапкер жаттығулардың қандай түрлерін ұсынғанға тәуелді емес, керісінше, ең алдымен қатысушылар осындай жаттығуларды қандай көңіл-күймен жасағанға тәуелді. Мұғалімсіз оқушылар болмайды (себебі, ол олардан үйренбейді, керісінше, олар одан үйренеді), сол сияқты қатысушысыз бапкер де болмайды. Егер де қатысушылар шынымен де белсенділік көрсет се, онда жай бір жағдайдан көптеген «психологиялық жаңалықтар» алу мүмкін. Ал егер де алмаса, онда ең дұрыс деген іс-әрекеттер тиімсіз болады .

Мұнда ең маңыздысы, тренингке келгендер әлі де болса, қатысушы бола алмайды. Тренингтің алғашқы сатысында тиімсіз, нәтижесіз нұсқауларды байқауға болады. Бақылаушының «Мен тек бақылап қараймын», пайдаланушы – «Мен бұл жерге тек өзім үшін ғана келдім», ашу-ызадан жеңілдену – «Уақытты жағымды өткізіп, демалғым келеді» сияқты сылбырлы көз-қарасты бір «Маған көмектесіңізші!» деген жағымды сөзге біріктіруге болады.

Бапкер тренинг жағдайында мұндай нұсқаулар қажетсіз болатынын түсіндіру өте маңызды. Олар белсенділік көрсетпесе, өзінде қажетті мақсаттарды байқамаса қатысушы бола алмайды және ешбір нәтижеге жетпейді. Үйрену үшін, ең алдымен үйренуді білу қажет! Тренинг – бұл қатысушылардың іс-әрекеттері. Тренингке деген тағы да бір көз-қарас.

Тренингтің «дөңгелегі». Тренинг, басқа да адамдардың арасында өзара қарым-қатынасы сияқты үш элементтен құралады, олар: бапкер, қатысу-шылар және бағдарлама. Әрбір жағдайда бапкердің ынтасы, қатысушылар-дың іс-әрекеттері және тренингтің бағдарламасы бар. Бағдарлама бапкердің өзіне, қатысушылардың тәртіптеріне оның іс-әрекеттеріне байланысты, соны-мен қатар, белгілі бір нақты топқа сәйкес бағдарлама өте икемді болу керек. Мұндай тәсіл арқылы тренингте психологиялық жұмысқа қажетті қуат пайда болады. Егер тренингті дөңгелек ретінде елестетсек, онда оның үш сектор дұрыс бір бағытта айналу қажет. Осыған қоса, біршама мәселелер пайда болуы мүмкін.

Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.


3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
Тақырып 1: Тренинг— оқыту процесі ретінде.

Мақсаты: Тренинг түсінігі туралы білімдерін бағалау.

Жоспар:

Тренинг деген не?

Тренинг этаптары.

Топтық динамика

Тренингтің жүру барысында кездесетін негізгіқиындық тар, және оларды жеңу жолдары.

Тренердің құралдары.

Әдебиеттер:

И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.

Тақырып 2: Тренингке дайындалу.

Мақсаты: Тренингке дайындалу туралы білімдерін бағалау.

Жоспар:

Тренерді дайындау.

Топтың сипаттамасы.

Топ қатысушыларының статусындағы айырмашылық.

Топ қатысушыларының саны.

Өткізу орнын дайындау.

Таратылатын материалдар.

Әдебиеттер:

Пузиков В.Г. Технология ведения тренинга. СПб: Издательство «Речь», 2007.

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.

Тақырып 3: Тренингтегі жалпы процедуралар.

Мақсаты: Жалпы процедуралар туралы білімдерін бағалау.

Жоспар:


Топтық жұмыстың ережелері.

Танысу. Тереңдетілген танысулар.

Күннің аяқталуы.

Әдебиеттер:

Пузиков В.Г. Технология ведения тренинга. СПб: Издательство «Речь», 2007.

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 4: Топтың жетекшісінің тұлғасы.

Мақсаты: Психологиялық топты басқарушының тұлғасы туралы білімдерін тексеру.

Жоспар:

Топты басқарудың төрт өлшемді функциональды үлгісі.



Әсерлі жетекші (білімі, құрылымдары, өнері және техникасы).

Әдебиеттер:

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.


Тақырып 5: Жетекші нені істей алу керек?

Мақсаты: Топ жетекшісінің іс – әрекеті туралы білімдерін бағалау.

Жоспар:


Жұмысқа дайындалу.

Жетекшінің бүкіл топқа бағытталған іс –әрекеті.

Жетекшінің топтың жеке мүшесіне бағытталған іс –әрекеті.

Әдебиеттер:

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.


Тақырып 6: Тренерге арналған пайдалы материалдар.

Мақсаты: Тренерге арналған пайдалы материалдар туралы білімдерін тексеру.

Жоспар:

Сергіту жаттығулары немесе психогимнастикалар.

Тренингте сергіту жаттығулары не үшін қажет?

Үрейлер.


Әдебиеттер:

Пузиков В.Г. Технология ведения тренинга. СПб: Издательство «Речь», 2007.

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.


Тақырып 7: Интерактивті ойындар топтық психологиялық жұмыстың құралы ретінде.

Мақсаты: Интерактивті ойындар туралы түсініктерін тексеру, топтық психологиялық жұмыстардың құралы ретіндегі білімдерін анықтау.

Жоспар:

Интерактивті ойын анықтамасы.

Интерактивті ойындардың шығу тегі (ойын-сауық, әскери, экономикалық, психотерапевтік ойындар).

Инетрактивті ойындар классификациясы.

Мақсаттары. Ойынға қатысушылар саны.

Ұзақтығы. Ойынды өткізу уақыты.

Әдебиеттер:

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 8: Рөлдік ойындардың оқыту мен тренингтегі орны.

Мақсаты: Рөлдік ойындардың оқыту мен тренингтегі орны туралы білімдерін тексеру.

Жоспар:

Рөлдік ойын не үшін қажет?



Рөлдік ойындардың артықшылықтары.

Кемшіліктері.

Қолдану сфералары.

Әдебиеттер:

Менте М. ван. Эффективное использование ролевых игр в тренинге. СПб: Питер, 2001.

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 9. Тренингті ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Мақсаты: Тренингті ұйымдастыру бойынша білімдерін тексеру.

Жоспар:

Тренинг тақырыбын анықтау.



Қатысушылар санын және құрамын анықтау, топтың құрылуы.

Әдебиеттер:

И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 10. Тренинг заңдары.

Мақсаты: Тренингтегі заңдар туралы білімдерін тексеру.

Жоспар:

Тренинг заңдары не үшін қажет?

Тренинг заңдарының мақсаттары мен міндеттері.

Тренингтің негізгі заңдары.

Топ жұмысын тренинг заңдары бойынша белсендіру тәсілдері.
Әдебиеттер:

Горбушина О.П. Психологический тренинг. Секреты проведения. —СПб.: Питер,2008.

Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
бекіту туралы
ғылым министрлігі
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
бағалауға арналған
тоқсан бойынша
мамандығына арналған
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік әкімшілік
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған әдістемелік
жиынтық бағалаудың
әдістемелік кешені
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
Қазақстан тарихы
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
мерзімді жоспар
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша
тоқсанға арналған
арналған ортақ
қатысушыларына арналған
Қазақ әдебиеті
жиынтық бағалауға
қағидаларын бекіту
Мектепке дейінгі
орналасуға жалпы
арналған жиынтық

Loading...