ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Психология мамандығына кіріспе»


тақырып: Психолог қызметінің бағыттары: Психологиялық диагностика ғылым саласы және практикалық әрекет ретінде

Loading...


бет3/3
Дата10.06.2017
өлшемі310.5 Kb.
1   2   3

12 тақырып: Психолог қызметінің бағыттары: Психологиялық диагностика ғылым саласы және практикалық әрекет ретінде.
1.Психодиагностика пәні.

2.Практик-психолог жұмысының бағыттарындағы психодиагностиканың алатын орны.

«Психодиагностика» ұғымы тура мағынасында «психологиялық диагноз қою» дегенді білдіреді.«Диагноз» грек тіліне аударғанда танып білу дегенді білдіреді.Ал «диагностика» - «бір нәрсені танып білдіру» дегенді білдіреді.Мысалы: медицинада – ауруды, техникада – қандай да болмасын құралдың бұзылуын т.б. білдіреді.Қазіргі кезде психодиагностика адамның жеке физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және оларды зерттеу әдістерін жасайтын психологиялық пән ретінде қарастырады. Психодиагностика түсінігінде сонымен қатар әр түрлі қасиеттерді анықтауға арналған психолог жұмысының практикалық әрекеті де енеді.

Психодиагностика дифференциалды психологиямен,психометрикамен тығыз байланысты.

Психодиагностиканың қолдану салалары:психотерапия, психологиялық кеңес беру, экспертиза, кәсіби таңдау т.б.

Психодиагностика – жеке адамның даралық психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және өлшейтін психология ғылымының бір саласы. Психодиагностика үшін математикалық-статистикалық амалдар өте маңызды, соның ішінде әсіресе – коррекция және факторлыұ талдау болды.Психометрия мүмкіндіктерін қолдану психодиагностиканың практикалық нәтижесіне маңызды әсерін тигізеді.

Теория мен практика арасындағы және сол сияқты тұлға туралы академиялық концепциялыр мен оны іс жүзінде зерттеу арасындағы байланыс психодиагностиканың негізгі міндеттерінің бірі.

Психодиагностика негіздерін білу психолог маманына психологияның математикалық аппаратын дұрыс пайдалануға, психодиагностиканың теориылқ концепцияларын орынды қолданып зерттеудың мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді дұрыс таңдауға, экспериментті ұйымдастырып жүргізуге, нәтижелержі өңдеуге және интерпретациялацға мүмкіндік береді.

Психодиагностика білімдерін меңгерген психолог маманы өзі үшін жаңа немесе жаңадан шығарылған тестті практикалық, ғылыми зерттеуге сәйкестгін тексеру үшін қандай көрсеткіштер бойынша талдау жасау керек екекнін; қандай да болмасын тесттің құрылымы, интерпретация ерекшелігі туралы, сонымен қоса нақты тест қандай парадигма шеңберінде шығарылып, пайдалануға ұсынып отырғанын біле алады. Сондықтан практикалық психолог мамандығын меңгеруде «психодиагностика негіздері» курсы негізгі дәрістердің бірі болып ессептеледі, өйткені ол тесттердің психологиялық мәнісін түсіндіруге және олардың математика тұрғысынан өңдеу әдісеріне бағытталған.
13 тақырып: Психокоррекция туралы түсінік.

1. Психокоррекцияға кіріспе.

2. Психокоррециялық әсер етудің негізгі түрлері.
«Психокоррекция» деген сөз «түзету» деген мағынаны білдіреді. Психокоррекция дегеніміз-арнаулы психологиялық әсер ету құралының көмегімен адамның мінез-құлқындағы немесе психикасындағы кемшіліктерді мақсат қоя отырып түзету.

Психотерапия- психологиялық әсер ету жолымен емдейді, ал психокоррекция қалыптасқан кемшіліктерді түзетеді. Психотерапевтің көмегін қажет ететін адамды – пациент, ал психокорректордың көмегін қажет ететін адамды- клиент деп атайды.

Клиент- бұл психикалық жағынан және дене дамуы жағынан қалыпты, денсаулығы дұрыс адам. Тек өмір барысында мәселе туындауынан және оны өздігінен шешуге қабілетсіз адам.

Психокоррециялық әсер етудің негізгі түрлері:



  • сендіру;

  • иландыру;

  • еліктеу;

  • нығайту.

Сендіру- бұл адамның психикасындағы және мінез-құлқындағы кемшіліктерді жете түсініп, ұғынып және еркімен түзетуге көзделген психокоррекциялық әсер етудің жолы. Сендіру адамға өзінде пайда болған қиыншылықтың себебін түсінуге көмектеседі, осы кемшіліктерден құтылуға деген тілегін нығайтады.

Сендіру әртүрлі болады:



  1. Адамға өзінің кемшіліктерін жете түсінуге және одан өзінің құтылуға күші бар екендігіне көмектесу.

  2. Осы кемшіліктерден құтылуға болатын тәсілдерді көрсету.

Иландыру- бұл клиенттің тарапынан болып жатқан кемшіліктерді жете түсінуді қажет етпейтін клиентке әсер етудің жолы. Клиент өзіне психикалық әсер ету болған жағдайдан күңгірт түсіне алады, бірақ соңына дейін не болып жатқанын түсіне алмайды. Иландыру кезінде адам саналы, санасыз күйде болуы мүмкін.

Еліктеу- психолог клиентке еш нәрсе түсіндірмейді, иландырмайды, оған қажетті мінез-құлық үлгісін көрсетіп, оны қайталауды ұсынады.

Нығайту- бұл әлеуметтік оқыту теорияларының негізінде құрылған бихевиористік хабары бар психотерапия жасап шығаратын тәсіл. Бұл жағдайда қажетті псикоррекциялық нәтижеге қол жеткізу үшін әрекетті ынталандырулар іске асырылады. Жазалау және мадақтау, олардың көмегімен мінез-құлықтың қажетті жақтары нығайтылады, қажетсізі алынып тасталады.

Психокоррекция практикада екі формада іске асырылады:



  1. жекелей.

  2. топтық.

Жекелей психокоррекцияда- психолог клиентін бөтен адамның қатысуынсыз, тек бір адаммен жұмыс істейді.

Топтық психокоррекцияда- психолог топ адаммен жұмыс істейді.
14 тақырыбы: Психотерапия пәні мен міндеттері

        1. Психотерапия туралы түсінік.

        2. Ғылым ретінде қалыптасып дамуы.

        3. Ғылыми – зерттеу әдістері.

«Психотерапия» грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген ұғымды білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірімен астасып жатыр.

Ю.В.Каннабих «Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану» дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психикалық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған дәрігер диагноз туралы ойы, сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған рецепті берердегі жігерлендіру сөздері т.б. жатады.

Психотерапия – грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» - термині 1872 жылы Д.Тьюктың «иллюстарция»влияние разума на тело» - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың аяғынан кең қолдана бастады.

Психотерапияның бұл күндері кең мағынада қолданылуы туралы Страсбург қаласында Европа психотерапевтер ассоцияциясының 1990 жылы қабылданған Декларациясында көрсетілген. Аталған декларацияда психотерапия «көңіл – күйдің жалпы гармониясы» - на бағытталған және төмендегі міәндеттерді қамтиды:



  • психотерапия гуманитарлық ғылым саласы ретінде мамандықтарды еркін қолданылады;

  • психотерапия білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты талап етеді.

  • психотерапия әдістердің көптеген түрлері қолданылады.

Психотерапия дегеніміз – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негіздлген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі – сөзбен әсер ету. Бірақ психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады.

Жалпы және арнайы психотерапия болады. Психотерапияның көптеген әсерлерін барлық маман дәрігерлер қолдануы керек. Психотерапияның кейбір арнайы түрлерін (гипноз, өзін - өзі жаттықтыру) тәжірибелі, бұл саланың арнайы тәселдерін игерген психотерапевтер жүргізуі керек.

Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия), оларға күн сәулесі де, есік пен желдеткішті ашып – жабуда, оларғакүн сәулесі де, әтірдің иісі де тез әсер етеді. Ауру адам сыпайылығын сақатап осыларды кейде айтпауы мүмкін. Ал мұны дәрігер түсінуі керек.

Ауру адамдарды қарау, процедуралар мен белгілеулердің орындалуында адамдардың табиғи ұялшақтығын ескеру керек. Сондықтан айтылған ерекшеліктерді естен шығармау қажет. Аурухана жағдайында мейіркештер дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқаша болған жағдайда, ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады. Қорғау режимін сақтауда қызметкерлердің өзара қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Лауазымы жоғары тұрған қызметкерлер басқаларға ауру адамның көзінше даусын көтеріп сөйлемегені, ескерту жасамағаны дұрыс.

Аурухана кафедраларын клиникалық базасы болғандықтан, олардың жағдайы мүлде ерекше. Қорғау режимі студенттердің үнемі есінде болуы керек. Егер студенттердің сыртқы пішіні жарасымды, сыпайы болса әрі олар өз ісіне ұқыпты қараса, ауру адамдардың да көңіл күйі дұрыс болары қақ. Ешбір ауру адам студенттің дөрекілігін көтермейді. Мекеменің бағытына байланысты қорғау режимінінің ерекшеліктері де түрліше болады. Ауру адамды ауруханаға қабылдау кезінде оны қай палатаға орналастырудың да мәні зор. Мұндайда ауру адамның жасы, ерекшеліктері, ақыл – ойының дамуы, ауруының күштілігі барынша ескеріледі. Ауруы асқынған адамдарды жеке палатаға жатқызған жөн.

Рентгендік тексерудің өзіндік ерекшелігі бар. Ауру адамдар (әсіресе туберкулез, жара не ісігі барлар) осы тексеруді объективті санап, үмітпен асыға күтеді. Бұл тексерудің алдында ауру адамдар түні бойы ұйықтай, мазасызданып, қобалжып, сақтанады. Сондықтан рентгенолог дәрігер, емдеуші дәрігер мен мейркеш рентген бөлмесінде абайлап сөйлеп, ауру адамның көзінше дәрігерлік тұрғыдан пікір айтпау керек. Кез келген таныс емес сөзді ауру адам өзінше түсінеді. Дәрігердің «өкпесі мөлдір» екен деген сөзіне ауру адам секем ала. Егер ауру адам түсіндіруді сұраса, оның ол сұрауын орындау қажет. Өйткені ауру адам дәрігердің журналға жазғанын өінше түсінетіндіктен, олардың өзін - өзі өлтірмекші болғаны, сөйтіп психиатриялық ауруханаға түскені туралы деректер аз емес.


15 тақырып: Психологиялық кеңес беруге кіріспе.

1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.

2. Психологиялық кеңес беру түрлері.
Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше, дербес жұмыс істеу сферасында дәстүрлі жұмыс істеу формалары – ғылыми зерттеу психологияны оқыту, пчихологиялық коррекция, психологиялық диагностика сияқты бағыттармен сипатталады. Психологиялық кеңес беру практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етуменбайланысты. Психолог кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының физикалық және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар баралды. Жоғары риск аймағы түсінігіне өмірлік ситуациялар да жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қауіпі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа физикалық және психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайлардан шыға алады. Ол тек шаршағандықты ғана сезінеді. Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер – бұлар әдетте өмірге қабілеттігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологтан кеңес алуына уақыт керек. Психологқа көбіне көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады. Және сол мәселе оны психологқа баруға мүмкіндік итермелейді.

Психолог – кеңесшіні адамдар неге іздейді? Неліктен олар оған барады? Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра, психологқа барады. өйткені олар психологтан эмоционалдық тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері өзіне сенімсіз немесе берілген мүмкіндіктің қайсысын таңдауды білмегенде барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. төртіншілері бұл көбіне жалғыз басты адамдар. Оларға біреуге ішіндегілерін шығарып, сырласу керек. бұндай адамдарда әдетте психологиялықт проблема жоқ, бірақ арасында мейірімді, зейін қойып тыңдайтын адамды іздейді.

Психолог кеңесшінің клиенттерінің арасында қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін немесе оған әдейі сұрау тастау үшін баратын адамдвар да болады. Кейбіреулері шынымен психолог – кеңесші дегенін кім екекнін, немен шұғылданатыны көру үшін барса, екіншілері бармай тұрып-ақ оның ешқандай нақты жұмыспен айланыспайтынына сенімді және психологты ыңғайсыз жағдайға қалтырып, дәлелдеуге тырысады.

Психолог – кеңесшінің маманданған позициясы, ол келегн барлық клиенттерді зейінді қош алып қарсы алу керек. және оларға не үшін келгендігіне, көңіл-күйіне қарамастан адамгершілік көзқараспен қарау қажет. ол тек психологиялық беделін сақтау үшін ғана емесе, келгендердің барлығына дәрігер сияқты көмек көрсету керек.

Психологиялық кеңес адамдаорға практикалық – психологиялық көмек берудің басқа түрлерінен мынандай негізгі ерекшеліктерімен ажыратылады. Мысалы, жекелей және топтық психотерапияға қарағанда қысқа уақытта ұсынылады. Жекелей және топтық психотерапияның әр түрі, әдетте, психологтың клиенттен үздіксіз өзара әрекетінің ұзақ уақытқа созылуына әкеледі – бірнеше аптпадан бірнеше айға дейін немесе тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Психотерапияда белмсенді рөлді клтенттің психологиялық мәселеден арылуы үшін негізінде психолог ойлайды. Клиенттің мәселесін шешуде белсенді әрекетті психолог, әлсіз рөлді клиент ойнайды. Ал психолгиялық кеңес беруде психолог – кеңес берусен шұғылданса, ал оның парктикада жүзеге асыру клиентке байланысты.



3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

«Психология мамандығына кіріспе» пәнінен семинар сабақтарының тақырыптары

Семинар сабақтарын орындауға әдістемелік нұсқау
Семинар-практикалық сабақ курстың дәріс материалдарын қайталауға және бекітуге, сонымен бірге әрбір тарау бойынша дәрісте қарастырылмайтын қосымша білімді меңгеруге бағытталған. Бұл сабақтарда көбінесе әңгімеге негізделген тапсырмалар дайындалып, олар пікір-сайыс формасында шешіледі. Сонымен қатар, семинар сабақтарын ұйымдастыруда инновациялық әдістерді: дискуссия, конференция, дөңгелек үстел, кейс технологиялары,модельдеуші ойындар және т.б. оқытудың белсенді әдістерін қолдануға болады. Аталған әдістердің көмегімен ұйымдастырылған сабақтар студенттердің өзіндік пікірін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, өздігінен ізденуіне, қарым-қатынас жасаудың негіздерін үйренуге мүмкіндіктер туғызады.

Семинар тақырыптары белгілі жоспар бойынша құрылады. Әрбір семинар сабағының мақсат, міндеттері, қолданылатын әдебиеттер көздері көрсетіледі.

Тақырыптың әр сұрағына конспект жазу қажет. Конспект – сұрақ бойынша маңызды аспектілерді көрсету, сонымен қатар сұраққа толық жауап беру. Әр сұраққа деген конспектінің көлемі 1,5 – 2 дәптердің беті. Конспект бірнеше әдебиетке негізделіп жазылуы тиіс.
Тақырып 1. Психолог мамандығын меңгерудің ерекшеліктері


  1. Жаңа қоғамдық статусқа ие болу.

  2. ЖОО-да оқыту ерекшеліктері.

  3. Дәрістер, семинарлар, коллоквиумдар.


Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 2. Психология ғылымының теориялық негіздері


  1. Пмсихология ғылымының спецификасы.

  2. Психология ғылымының салалары.

  3. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

  4. Ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 3. Психолог қызметінің ерекшеліктері


  1. Психологтар- олар кімдер?

  2. Практик- психолог қызметінің принциптері.

  3. Психологтың кәсіби позициялары.

  4. Психолог қызметінің тиімділігі.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 4. Психологтың мектепалды жасындағы балалармен жұмысының ерекшеліктері


  1. «Мектептегі оқуға дайындық» ұғымы.

  2. Мектепке даярлықты іске асыру бағыттары.

  3. Мектепке психологиялық даярлықты анықтауға арналған іс-шаралар.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 5. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсету түрлері


  1. Мектепке бейімделу мәселелері.

  2. Мектепке барумен байланысты болатын қиыншылықтар.

  3. Бастауыш сынып оқушысының психофизиологиялық ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 6. Психологтың жеткіншектермен жұмыс жасау ерекшеліктері


  1. Жеткіншектің кезең психологиясы.

  2. Жеткіншектің пубертаттық дамуының жалпы сипаттамасы.

  3. 13 жас дағдарысы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 7. Жасөспірімдік кезеңде болатын психологиялық мәселелерге сипаттама


  1. Жасөспірімдер психологиясының ерекшеліктері.

  2. Жасөспірімдердің қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

  3. Психологтың жасөспірімдермен жүргізетін кәсіби бағдар жұмысы.

  4. Алғашқы махаббат сезімі.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 8. Психологтың басқа маман иелерімен байланысы: педагог және психолог

1 Мұғалімдік мамандыққа жалпы сипаттама.

2. Мұғалім мен психологтың бірлескен әрекеті.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 9. Психолог және құқықтық практика.


  1. Заң қызметкерлерінің спецификалық ерекшеліктері.

  2. Адвокат және психолог жұмыстарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

  3. Психологтың адам мінез-құлықтарының үлгісін жасауы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 10. Дәрігер және психолог


  1. Дәрігер және психолог қызметіндегі ортақ мәселе-денсаулық сақтау.

  2. Клиент және пациент үғымдары.

  3. Психологиялық денсаулық туралы түсінік.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 11. Әлеуметтік қызметкер және психолог


  1. Әлеуметтік қызмет деген не?

  2. Әлеуметтік қызметкер жұмысының мазмұны.

  3. Әлеуметтік қызметкер және психолог.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 12. Білім саласындағы психолог қызметінің ерекшеліктері

1. Мектеп психологы қызметінің мазмұны.

2. Бала бақша психологы.

3. Балалар үйіндегі психолог қызметі.

4. ЖОО-дағы психология пәнінің оқытушысы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 13. Өндірістік саладағы психолог қызметі

1. Эргономика ұғымына сипаттама.

2. Әскери психолог (полк психологы).

3. Авиация саласындағы психолог.

5. Банк персоналымен қыызмет ететін психолог.

6. Теміржол саласындағы психолог.

7. Басқару саласындағы психодиагност.

8. Тренинг-менеджер.

9. Саясаттанушы-психолог.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 14. Денсаулық сақтау саласындағы психолог қызметі

1. Клиникалық нейропсихолог қызметі.

2. Психиатриялық клиникадағы психолог.

3. Балалар психологы.

4. «Сенім телефонындағы» кеңес беруші психолог.

5. Соттық экспертизадағы психолог.

6. Наркологиялық диспансердегі психолог.

7. Психоаналитик.

8. Гештальттерапевт.

9. психолог-ойын терапевті.

10. Психолог-перинатолог.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007
Тақырып 15. Психолог қызметінің этикалық нормалары


  1. Этикалық нормаларды сақтау ережелері.

  2. Психолог қызметіне қойылатын негізгі этикалық талаптар.

  3. Кәсіби қарым-қатынас этикасы.

  4. Психологтардың кәсіби этикалық кодекстерді сақтауда болатын қиыншылықтары.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998.

2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994.

3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988.

4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976.

6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга.

/Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009

7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007

4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.


    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
1. Ғылымдар классификациясы.

2. Психология ғылымының даму иарихы.

3. Психологтың негізгі жұмыс бағыттары

4. Мектепке психологиялық даярлық.

5. Мектепке бейімделу мәселелері.

6. 13 жас дағдарысы.

7. Алғашқы махаббат сезімдері.

8. Педагогтың психологиялық портреті.

9. Психолог құқықтыры мен міндеттері.

10. Медициналық психологияға кіріспе.

11. Әлеуметтік педагогика және психология жайлы сараптама.

12. Психодиагностқа қойылатын талаптар.

13. Психокоррекция түрлері.

14. Ойын терапиясы.



15. Кеңес беру түрлері.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
бекіту туралы
ғылым министрлігі
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
бағалауға арналған
тоқсан бойынша
мамандығына арналған
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік әкімшілік
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған әдістемелік
жиынтық бағалаудың
әдістемелік кешені
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
Қазақстан тарихы
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
мерзімді жоспар
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша
тоқсанға арналған
арналған ортақ
қатысушыларына арналған
Қазақ әдебиеті
жиынтық бағалауға
қағидаларын бекіту
Мектепке дейінгі
орналасуға жалпы
арналған жиынтық

Loading...