ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Мамандану практикумы-3» 5В050300 Психология мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пәннің бағдарламасы



Дата10.09.2017
өлшемі146.5 Kb.
#19980


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.30/01-2014



ПОӘК

«Мамандану практикумы-3» оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы



18.09.2013ж. басылым №1 орнына 11.09.2014ж. басылым №2



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мамандану практикумы-3»

5В050300 - Психология мамандығына арналған
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ










Семей

2014




Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған: 05.09.2014ж.

«Психология» кафедрасының доценті м.а. А.Ж. Едігенова
2 ҚАРАЛДЫ

2.1 «Психология» кафедрасының отырысында қаралды

05.09. 2014ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Сатиева

2.2 ЭҚГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

09.09.2014ж. Хаттама № 1

ОӘБ төрағасы_________ С.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

11.09.2014ж. Хаттама №1

ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова

4 18.09.2013ж. басылым №1 орнына 11.09.2014ж. басылым №2



Мазмұны


  1. Қолданыс аймағы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы ережелер

  4. Оқу пәнінің мазмұны (модульдері)

  5. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

  6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы

  8. Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНЫС АЙМАҒЫ

«Мамандану практикумы-3» пәнінен оқу - әдістемелік кешеннің құрамындағы оқытушыға арналған бағдарламасы 5В050300 – Психология мамандығы студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Мамандану практикумы-3» пәнінен оқу-әдістемелік кешен төмендегі құжаттардағы барлық талаптар мен ұсыныстар бойынша оқу процесінің ұйымдастыру ретін белгілеп құрастырылған:



  • 5В050300 - Психология мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 5.04.033-2011;

  • 5В050300 – Психология мамандығы бойынша типтік оқу жоспары;

  • СТУ 042-ГУ-4-2014 университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру мен безендіруге қойылатын жалпы талаптар»;

  • ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедура «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұны».


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Мамандану практикумы-3» – ол «Психология» мамандығы бойынша білім беру стандартында белгіленген, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған маңызды психология саласының бірі. «Мамандану практикумы-3» пәні «Отбасы психологиясы» курсын оқуды жоспарлаған.

Отбасының басты міндетті – ол бала тәрбиесі. Отбасы қоғам дамуымен бірге өзгереді. Бірде – бір ұлт немесе қоғам отбасынсыз бола алмайды. Қазіргі қоғам әр отбасына қамқорлық жасай отыра, ата – аналардан бала тәрбиесіне жоғары жауапгершілікпен қарауды талап етеді. Адам өз өмірінде әр түрлі әлеуметтік топтарда әлеуметтену кезеңдерінен өтеді. Бұл топтардың әрқайсысы баланың жеке тұлғасы қалыптасуына әсер етеді.

Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау және практика әлеуметтік топ ретінде баланың жеке тұлғасы қалыптасуында отбасының рөлі ерекше екенін көрсетеді. Кез – келген қоғам үшін отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты болып табылады. Ата – аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінің артуы бірқатар міндеттерді шешумен байланысты. Сондықтан болашақ мамандардың отбасы психологиясынан хабардар болуы, тиісті білімді меңгеруі қажет.


3.2 Пәннің мақсаты: студенттерді отбасы психологиясының теориялық зерттеулері және практикалық нәтижелермен таныстыру. Болашақ мамандардың отбасы психотерапиясы саласын оқып-зерттеуге бағытталған кәсіптік білім негіздерімен қаруландыру.

3.3 Пәнді оқу міндеттері:



  1. - «Отбасы психологиясы» пәнінің ерекшеліктерін талдау, құрылымын нақтылау;

  2. - Отбасындағы қарым-қатынас психологиясының ғылыми-теориялық негіздерін ашып көрсету;

  3. - Отбасын - тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде айқындау;

- Отбасы психологиясы пәнінен алынған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.
3.4 Оқу нәтижесі:

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

- отбасы психологиясы пәніне байланысты ұғымдар мазмұнын білуі керек;

- отбасы психологиясын зерттеу әдістерін меңгеруі керек;

- пәннің методологиялық, теориялық және әдістемелік негіздерін түсінуі керек;

- отбасы психологиясы бойынша шетел, ресей және отандық зерттеушілердің еңбектерін және зерттеу нәтижелерін білуі керек;

- отбасын әлеуметтендіру факторы ретінде зерттеуді ұйымдастырудың диагностикасын меңгеруі керек;

- отбасы психологиясы бойынша теориялық және практикалық материалдарды жинақтауы керек.


3.5 Курс пререквизиттері:

- Әлеуметтану

- Философия;

- Жалпы психология-1;

- Жалпы психология-2;

- Жалпы психология-3;

- Мамандыққа кіріспе;

- Басқару психологиясы;

- Жас ерекшелігі және әлеуметтік психология т.б.

3.6 Курстың постреквизиті:

- Заң психологиясы;

- Педагогикалық психология;

- Психологияны оқыту әдістемесі;

- Балалардағы психикалық ауытқушылықтың диагностикасы мен коррекциясы т.б.


3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Таблица 1




Курс

Семестр

Кредиттер


ДС

(сағ)


ТС

(сағ)


ЗС

(сағ)


БОӨЖ

(сағ)


БӨЖ

(сағ)


Барлы

ғы


Қорытынды бақылау

форма


сы

3

6

3

30

15

-

22,5

67,5

135

емтихан


4ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬДЕР)

Таблица 2




Тақырып атауы мен мазмұны

Сағат саны


1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1. Отбасы психологиясының теориялық негіздері

Отбасы психологиясы пәні мақсаты мен міндеттері

Пәнге кіріспе. Мақсаты мен міндеттері. Пәннің мазмұны. Пәннің психологиялық ғылымдар жүйесіндегі орны. Болашақ практик-психолог мамандарды даярлаудағы рөлі мен маңызы. Басқа пәндермен байланысы.



1

Отбасының әлеуметтік мәні

Отбасының жалпы сипаты. Отбасы және неке әлеуметтік институт ретінде. Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде. Отбасының түрлері және олардың негігі ерекшеліктері.



1

Қазіргі отбасының функциялары мен нормалары

Отбасының негізгі функциялары. Отбасының спецификалық және басқа функциялары. Қазіргі отбасылардың функцияларының қоғамдық маңызы. Отбасы функцияларын жүзеге асыруға әлеуметтік-экономикалық жағдаяттардың ықпалы. Қазіргі отбасының құрылу ерекшеліктері. Отбасылық өмірге даярлық.



2

Отбасының өмірлік циклінің құрылымы және оның әр кезеңдегі мәселелері

Ерлі-зайыптылық және отбасы қатынастарының кезеңдері. Баланың дүниеге келуіне даярлық. Баланың өмірге келуі және оны өмірінің бірінші жылы күту. Баланы отбасында тәрбиелеу. Отбасы өмірінің негізгі кезеңдеріндегі міндеттері, дағдарыстары, мәселелері. Қызғаныш, сексуалдық, гиперсексуалдық, салқындық мәселелері. «Бал» айындағы дағдарыс.



2

Отбасы қатынастырының этикасы

Отбасы өмірінің этикасы. Отбасындағы мораль. Адамгершілік қағидалары. Отбасы этикасының қалыптасуы және дамуы. Отбасындағы қатынастардың негізгі түрлері және белгілері. Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынасы.



2

Отбасы әлеуметтендіру факторы ретінде

Әлеуметтендіру түсінігі. Әлеуметтендіру құралдары, факторлары, агенттері. Тәрбие әлеуметтендіру институты ретінде. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері. Отбасылық әлеуметтендіру. Қазіргі отбасы жастарды отбасы қатынастарына даярлау факторы ретінде.



2

Модуль 2. Отбасымен жұмыстың психологиялық-педагогикалық негіздері

Отбасындағы конфликтілер

Отбасы сәтсіздігінің себептері. Некенің дағдарыстық кезеңдері. Қазіргі отбасындағы конфликтілер, олардың әлеуметтік және психологиялық себептері. Ажырасу әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Отбасы психикалық зақымданудың көзі ретінде.



3

Отбасын зерттеу әдістемесі

Отбасын зерттеуге қойылатын талаптар. Отбасын зерттеу әдістері: сауалнама, тест, отбасына бару, бақылау, жеке әңгімелесу. Диагностикалық әдістемер кешені. Отбасы картасын құру. Отбасы жүйесіне психологиялық талдау.



2

Ерлі-зайыптылардың сәйкестілігі

Отбасындағы қатынастарды зерттеу. Ерлі-зайыптылардың психофизиологиялық сәйкестілігі. Отбасылық қатынастардың тұрақтылығы мен сәттілігі. Отбасындағы рөлдер. Ата-аналардың жеке ерекшеліктерін зерттеу.



2

Отбасына психологиялық кеңес беру

Психологиялық кеңес беру туралы түсінік. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия. Психологиялық кеңес берудің принциптері. Кеңес берушінің әсер ету құралдары.



2

Отбасына психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу

Кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру кеңістігі. Кеңес беру уақыты. Әңгімелесу процесі: басталуы, клиентке сұрақтар қою, болжамдар, аяқтау.



2

Әңгімені өткізу техникасы

Кеңес берудегі кәсіби шеберлік. Кеңес берушінің сөздерінің анық және қысқалығы. Клиенттің эмоциялық жағдайына талдау жасау. Сұрақтар құру және қою. Интерпретацияны қолдану. Әңгіме уақытында клиентпен байланыс орнату. Вербальдық және вербальдық емес байланыстар орнату. Балалармен қатынас бойынша кеңес беру.



3

Ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелер бойынша кеңес беру мазмұны және оны ұйымдастыру

Ерлі-зайыптымен жұмыс істеудегі кеңес берудің ерекшелігі. Ерлі-зайыптымен жұмысты ұйымдастыру. Ерлі-зайыптының біреуімен жұмыс. Олардың психологқа келу себептері. Олармен жұмыс уақытының ұзақтығы.




3

Ерлі-зайыптыларға кеңес беру

Әңгіменің кезеңдері: басталуы. Жұмыс барысында оларға үйге тапсырмалар беру. Отбасындағы рөлдерді және міндеттерді бөлу ерекшеліктері және мәселелері. Отбасы міндеттерін бөлудегі тең құқылық мәселелері. Бір-біріне қоятын талаптары, олардың орындалмауы. Өзара қатынастағы сенімділік мәселесі. Олардың бір-біріне деген сезімдері. Ажырасу, себептері.



3

Тәжірибелік (семинар) сабақтары

Модуль 1. Отбасы психологиясының теориялық негіздері

Қазіргі қоғамдағы отбасы


Отбасының пайда болу тарихы. Отбасылардың пайда болуы туралы негізгі теориялар. Отбасы: анықтамасы, құрылымы мен атқаратын қызметтері. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері. Отбасы түрлері. Отбасының құрамы.

2

Неке және отбасы

Некеге дайындық: некелесу. Отбасы өмірінің сипаты. Балалардың дүниеге келуі. Ұл бала, қыз бала, егіздер.



1

Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың мәдени ортасы

Отбасының қазіргі қоғамдағы рөлі мен орны. Ата – аналар беделі және оның баланың жеке басы қалыптасуына әсері. Отбасындағы аға ұрпақ өкілдері.



1

Қазіргі отбасының функциялары мен нормалары

Отбасының негізгі функциялары. Отбасының спецификалық және басқа функциялары. Қазіргі отбасылардың функцияларының қоғамдық маңызы. Отбасы функцияларын жүзеге асыруға әлеуметтік-экономикалық жағдаяттардың ықпалы. Қазіргі отбасының құрылу ерекшеліктері. Отбасылық өмірге даярлық.



1

Модуль 2. Отбасымен жұмыстың психологиялық-педагогикалық негіздері

Психологтың отбасымен жұмыс мазмұны

Отбасымен жұмыс түрлері. Отбасы мен жұмысының негізгі бағыттары: диагностикалық жұмыс, коррекциялық және кеңес беру жұмыстары. Отбасының көмек көрсету түрлерін анықтау. Отбасы өміріне дайындық мәселелері. Ата-аналар туралы деректер қорын жасау.



2

Отбасымен психологиялық – педагогикалық ағарту жұмыстары

Лекция, семинар, семинар практикум, конференциялар. Іскерлік ойындар. Пікірсайыс және дөңгелек үстел. Конференция.



2

Отбасының өмірлік циклінің құрылымы және оның әр кезеңдегі мәселелері

Ерлі-зайыптылық және отбасы қатынастарының кезеңдері. Баланың дүниеге келуіне даярлық. Баланың өмірге келуі және оны өмірінің бірінші жылы күту. Баланы отбасында тәрбиелеу. Отбасы өмірінің негізгі кезеңдеріндегі міндеттері, дағдарыстары, мәселелері. Қызғаныш, сексуалдық, гиперсексуалдық, салқындық мәселелері. «Бал» айындағы дағдарыс.



1

Отбасының балаларды тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері

Отбасындағы балалардың жеке – психологиялық ерекшеліктері. Отбасында бала тәрбиелеудің негізгі механизмдері. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыратын жолдары. Отбасындағы тәрбие әдістері. Отбасындағы дәстүрлер мен нормалар.



1

Отбасы өміріндегі дағдарысты кезеңдер және оны шешу жолдары

Отбасы өміріндегі дағадарысты жағдайлардың сипаттамасы. Қызғаныш, сексуалдық салқындық, гиперсуалдық мәселелер. «Бал айындағы» дағдарыс. Отбасы қатынастарының бұзылуы себептері және зардаптары. Отбасы қатынастарын түзету жолдары.



1

Отбасындағы конфликтілер

Отбасы сәтсіздігінің себептері. Некенің дағдарыстық кезеңдері. Қазіргі отбасындағы конфликтілер, олардың әлеуметтік және психологиялық себептері. Ажырасу әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Отбасы психикалық зақымданудың көзі ретінде.



2

Отбасын зерттеу әдістемесі

Отбасын зерттеуге қойылатын талаптар. Отбасын зерттеу әдістері: сауалнама, тест, отбасына бару, бақылау, жеке әңгімелесу. Диагностикалық әдістемер кешені. Отбасы картасын құру. Отбасы жүйесіне психологиялық талдау.



1


5 СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1 Қазіргі заман отбасының ерекшеліктері: жалпы мәселеге шолу

5.2 Отбасы өміріндегі психологиялық жағдай.

5.3 Отбасы терапиясы.

5.4 Отбасы терапиясында қолданылатын психодрамалық техникалар

5.5 Отбасы дағдарысы.

5.6 Отбасы қарым-қатынастарының ерекшеліктері


6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Таблица 3


Тақырыптар


Тақырыптар

Көрнекіліктер, ТОҚ

Өздік оқуға арналған сұрақтар

Бақылау формасы

Дәрістер


Тәжірибелік сабақтар









1


2

3

4

5

Отбасы психологиясы пәні мақсаты мен міндеттері

Қазіргі қоғамдағы отбасы





Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасының әлеуметтік мәні

Неке және отбасы

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Қазіргі отбасының функциялары мен нормалары

Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың мәдени ортасы

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасының өмірлік циклінің құрылымы және оның әр кезеңдегі мәселелері

Қазіргі отбасының функциялары мен нормалары


Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасы қатынастырының этикасы

Психологтың отбасымен жұмыс мазмұны

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасы әлеуметтендіру факторы ретінде

Отбасымен психологиялық – педагогикалық ағарту жұмыстары

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасындағы конфликтілер

Отбасының өмірлік циклінің құрылымы және оның әр кезеңдегі мәселелері

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасын зерттеу әдістемесі

Отбасының балаларды тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ерлі-зайыптылардың сәйкестілігі

Отбасындағы конфликтілер.


Дәріс тезисі,

таблица


Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасына психологиялық кеңес беру

Отбасы өміріндегі дағдарысты кезеңдер және оны шешу жолдары

Дәріс тезисі

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Отбасына психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу

Отбасын зерттеу әдістемесі

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Әңгімені өткізу техникасы




Дәріс тезисі

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелер бойынша кеңес беру мазмұны және оны ұйымдастыру




Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ерлі-зайыптыларға кеңес беру




Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

Кесте 4



Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар атауы

Саны


Студенттер саны

Қамтамасыз ету пайызы


Жарыкбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001

10


19

50

Осипова Г.Н. Основы психокррекции. М., 2002.

5

19

25

Едігенова А.Ж. Отбасы қатынасының этикасы : Ата –аналарға арналған әдістемелік құрал, Семей 2007.

10




50

  1. Шнейдер Л.Б. Семейная психология. – Москва, 2000.

ЭУ

19

100

Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.

7

19

40

Ковальев А.А. Психология семьи. М., 1997.

10

19

50

Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание: Учебник для студ. сред. и высш. пед. учеб. заведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999.

ЭУ

19

100



8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер:

8.1.1 Жарыкбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001.

8.1.2 Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006.

8.1.3 Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013.

8.1.4 Игровая семейная психотерапия./Под ред. Шефера Ч., Кэри Л; П.,2001.

8.1.5 Едігенова А.Ж. Отбасы қатынасының этикасы : Ата –аналарға арналған әдістемелік құрал, Семей 2007.

8.1.6 Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002.

8.1.7 Осипова Г.Н. Основы психокррекции. М., 2002.

8.1.8 Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998.

8.1.9 Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи. – Москва, 1999.

8.1.10 Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.

8.1.11 Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М.,1999.

8.1.12 Славина Л.С. Трудные дети. М., Воронеж, 1998.

8.2 Қосымша әдебиеттер:

8.2.1 Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991.

8.2.2 Буянов М.И. Беседы о детской психиатрии. М., 1992.

8.2.3 Рабочая книга школьного психолога. М., 1991.

8.2.4 Семья в психологической консультаций. // Под ред. А.А. Бодалева, Столина М., 1989.

8.2.5 Гаврилова Т.П. Учитель и семья школьника М., 1988.

8.2.6 Азаров Ю.П Семейная педагогика М.,1985.

8.2.7 Бала құқығы туралы конвенция. -1989.

8.2.8 Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987.



8.2.9 Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді