Мақсаты: Ғылыми - педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бағдарламасының мақсаты болашақ педагог және психологтарды ғылыми - педагогикалық зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлауға, рәсімдеуге қажетті әдісі мен тәсілдерімен таныстыру.
Міндеттері: - Ғылыми - педагогикалық зерттеу ортасында жұмыс істеу үшін керекті білім мен дағдылармен студенттерді қаруландыру;
- республикадағы ғылыми - педагогикалық зерттеу жұмысындағы педагогика және психология спецификасын, ерекшеліктерін ашатын қазақстандық авторлардың жұмысын, жастарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша ҚР заңды және нормативті актілерін оқу;
- студенттердің қажетті кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту;
- болашақ мамандардың гуманистік көзқарастарын қалыптастыру.
Пән мазмұны:Білім беру мекемелеріндегі ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмысы бойынша бастауыш мектептегі барлық пәндерден еңгізіліп жатқан бағадарламаларды, арнайы курстардың мазмұны. Болашақ педагог-психологтардың ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлау ісінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер 1. Ғылыми ізденістің жалпы әдістемесі және педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізімен танысу.
2. Ғылыми аппарат және педагогикалық зерттеудің логикалық құрылымын қолдану
3. Педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістерін дамыту.
4. Білім беру мекемелеріндегі ғылыми зерттеу жұмысына шығармашылықта іздену дағдысын және зерттеулердің бағдарламасын құру және экспертизасыжасай білуін қалыптастыру.
5. Кез келген ғылыми - педагогикалық зерттеу жұмысының нәтижесі – зерттеушінің ғылыми зерттеу әдіснамасын, зерттеудің әдіс-тәсілін дұрыс қолдана алады.
6. Зерттеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталмастан бұрын әдіснама, әдіс, тәсіл терминдерінің мағыналарын ажыратып, олардың айырмашылық-тарын біледі.
7. Ғылыми - педагогикалық жұмыс жазатын тақырып таңдау, ғылыми тақырыбына сәйкес кітаптар, сілтемелермен жұмыс істеу, ақыл-кеңес береді.
8. Ғылыми - педагогикалық зерттеу жұмысын жазу мен рәсімдеуді жоспарлау жұмысын меңгереді.