ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен «Көліктің жалпы курсы»



бет1/4
Дата09.09.2017
өлшемі7.34 Mb.
#19803
  1   2   3   4



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМК 3 дәрежелі құжаты

ПОӘҚ

ПОӘҚ 042-18-12.1.39/03-2014

ПОӘҚ

Оқытуша арналған пән «Көліктің жалпы курсы» бойынша бағдарламасы



Баспа №__

күні _______





ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Көліктің жалпы курсы»

мамандық үшін 5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»




ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014

Алғы сөз

1 Құрастырған

Құрастырушы: _________ «___» ________ 201__ ж. А.Б. Бакиева, аға оқытушы кафедра «Ақпараттық жүйелер»
2 Талқыланды

2.1 Кафедра мәжілісінде «Ақпараттық жүйелер»

Хаттама № __ «___» ________ 201__ ж.

Кафедра меңгерушісі __________ С.К.Смағұлов

2.2 Факультетің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама № __ «__» _________ 201__ ж.

Төрағасы __________ Р.С.Бекбаева
3 бекітілді

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № __ «__» _________ 201__ ж.

ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Г.К.Искакова


4 Алғаш рет енгізілген

мазмұны

1. Глоссарий


2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы


1. глоссарий


Берілген ОӘК-те сәйкес анықтамалармен бірге келесі терминдер қолданылған:

1.1. Көлік– жолаушыларды, багаж және жүктер мен почтаны автокөлік құралдары және инфрақұрылымды пайдалану арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын экономика саласы.

1.2. Көліктік жүйе – тасымалдауды жүргізу кезіндегі өзара байланыста және тәуелділікте болатын әртүрлі көліктік кешендер. Мемлекетке, аймаққа немесе үлкен қалаға қатысты қолданылады.

1.3. Көліктік бірлік – көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік -экономикалық бірлестігін көрсетеді.

1.4. Көліктік желі (сеть) – елдің барлық мекен-жайларын және жеке аймақтарды байланыстыратын хабарламалардың барлық жолдарының жиынтығы, анықталған территорияның немесе елдің көліктік қызмет көрсету көрсеткіштерін мазмұндайды.

1.5. Жалпы қолдану көлігі – заңға сәйкес барлық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды іске асыруға міндетті көлік. Оны мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға ұсынуы мүмкін.

1.6. Дискретті көлік – тасымалданатын зат (жүк немесе жолаушы) жеке партиялар немесе топтар, тәуелсіз қозғалатын транспорттық бірліктер көмегімен (автомобиль, поезд, ұшақ, кеме) тізбектей тасымалдаушы кез-келген көлік.

1.7. Әмбебап көлік – барлық тасымалдау түрлерін (жүк және жолаушы) жүзеге асыра алатын транспорт

1.8. Теңіз көлігі — су көлігінің түрі. Теңіз көлігіне су бетінде жүзетін, әртүрлі тасымал түрлерін орындай алатын кез келген көлік түрі жатады.

1.9. Сызықтық кемелер – бірнеше порттар арасында кесте бойынша жүзетін кемелер.

1.10. Трампты кемелер - әлемдік флоттың жартысын құрайды, кез келген бос тасымалдармен айналысады.

1.11. Каналдар – грунт үйілмесінде орналасқан дұрыс пішінді жасанды құрылыс.

1.12.Қала транспорты – халық пен жүктерді қала мен қала маңы территориясында тасымалдауды жүзеге асыратын әртүрлі көлік түрлерінің кешені.

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы:


1 дәріс. «Көліктің мәні және көлік үрдісінің негіздері».

Сабақ мақсаты: жалпы терминдер және түсініктермен танысу.

Дәріс жоспары:



  1. Көліктің мәні және көлік үрдісінің негіздері.

  2. Қазіргі көлік жүйесінің сипаттамасы мен құрамы.

1. Транспорт сөзі латын тілінен аударғанда « transporto » - апарамын, жеткіземін, тасимын деген мағынасында адамдарды немесе жүктерді тасымалдау, қоғамдық материалдық өндірістің ең маңызды бір облысы болып табылады. Көлік шикізатты өңдемейді де, өнім де шығармайды. Транспорт термині көп жағдайда көлік жүйесін құрастыратын инфрақұрылымның, басқару, көлік құралдарының бірлестігін немесе экономика саласын білдіреді.

Транспорт – әртүрлі мағынада қолданылады. Оны әдетте:


  • Жүк және жолаушы тасымалдаушы деген мағынасы бар, халық шаруашылық бөлімінде;

  • Материалдық өнімнің және адамдардың орын ауыстыруын қамтамасыз ететін техникалық құралдар комплексінде;

  • Жүк немесе жолаушылардың орын ауыстыруының өзіндік процесінде;

  • Көшелер немесе жол бойынша қозғалатын бірліктер торабында;

  • Белгіленген орынға және нақты мекен-жайға жіберілген жеке жүк партиясында;

Адамдық сала түрі немесе мамандық ретінде түсінеді.

Транспорттық жүйе – тасымалдауды жүргізу кезіндегі өзара байланыста және тәуелділікте болатын әртүрлі транспорттық комплекстер (кешендер). Мемлекетке, аймаққа немесе үлкен қалаға қатысты қолданылады.

Транспорттық бірлік – транспорттың барлық түрлерінің әлеуметтік -экономикалық бірлестігін көрсетеді.

Транспорттық желі (сеть) – елдің барлық мекен-жайларын және жеке аймақтарды байланыстыратын хабарламалардың барлық жолдарының жиынтығы, анықталған территорияның немесе елдің транспорттық қызмет көрсету көрсеткіштерін мазмұндайды.

Жалпы қолдану транспорты – заңға сәйкес барлық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды іске асыруға міндетті транспорт. Оны мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға ұсынуы мүмкін.

Жеке қолданудағы транспорт – өзінің немесе кәсіпорынның тасымалдауын іске асыратын және барлық басқа клиенттердің талаптарын қанағаттандыруға міндетті емес жеке транспорт.

Магистралді транспорт – негізгі транспорттық министерстволар және ведомстволар: Хабарлама жолдарының Министерствосы, Теңіз флотының Министерствосы, азаматтық авиация Министерствосы , құрылыс және автомобиль жолдарының эксплуатациясының Министерствосы жүргізуге болатын жалпы қолдану транспорты.

Магисралды транспорт - маңызды қалалар мен елдің немесе ірі аймақтардың өндіріс орталықтарын байланыстыратын хабарлама жолдарын белгілеу үшін қолданылады.

Әмбебап транспорт – барлық тасымалдау түрлерін (жүк және жолаушы) жүзеге асыра алатын транспорт.

Дискретті транспорт – тасымалданатын зат (жүк немесе жолаушы) жеке партиялар немесе топтар, тәуелсіз қозғалатын транспорттық бірліктер көмегімен (автомобиль, поезд, ұшақ, кеме) тізбектей тасымалдаушы кез-келген транспорт.

Үзіліссіз транспорт – тасымалдау құралы үзіліссіз ағым түрінде келетін транспорт.

Дискретті және үзіліссіз транспорт принциптерін біріктіретін құрылымдар бар: кабинкалары бар арқан жолдары және т.б.

2. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауда көліктің келесі түрлері пайдаланылады:

- темір жол;



  • автомобиль;

  • ішкі су (өзен);

  • теңіз;

  • әуе;

  • қалалық электр көлігі;

  • құбырлық.

Барлық аталғандар бірыңғай көліктік жүйесіне (БКЖ) енеді

(Слайд шоу №1.)

Логистикалық менеджмент тұрғысынан қарағанда көліктің әр түрінің логистикалық жүйеде қолданатын өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.



Темір жол көлігі – үлкен тасымалдау мүмкіндіктері, жеткізудің жоғары жылдамдығы, төмен өздік құндылығы, климат жағдайларынан тәуелсіздігі; тиеу – түсіру жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуы. Салыстырмалы төмен тарифтер, транзит жөнелтілімдеріне жеңілдіктер.

Кемшіліктері: тасымалдаушылардың жетіспеушілігі; өндірістік – техникалық базаға кететін қаражаттың көп мөлшері; жүк сақтығының төмен дәрежесі.

Құбыр көлігі – мұнай мен газды тасымалдауға арналады; жоғары өткізу қабілеттілігі; арзан, үлкен көлемді. Кемшіліктері: жүк түрлерінің шектеулігі (газ, мұнай өнімдері, шикізат материалдарының эмульсиялары).

Әуе көлігі – өте жоғары жылдамдық, жоғары баға; жоғары сенімділік; сақтық.

Кемшіліктері: тасымалдаудың жоғары өзіндік құны, басқа көлік түрімен салыстырғанда жоғары тарифтер, климат жағдайларына тәуелділігі.

Ішкі су көлігі (өзен) – үйілме және ақтарма жүктерді тасымалдау үшін арналған, арзан көлік түрі, бірақ навигация кезінде ғана жұмыс істейді. Климат жағдайларына тәуелді, жүк жеткізу жылдамдығы төмен; өзен тереңдігінің біркелкіліксіздігіне және навигацияға тәуелді.

Теңіз көлігі. Артықшылықтары: континентаралық тасымалдарының мүмкіндігі, алыс қашықтық тасымалдарының төмен өзіндік құны, жоғары өткізу және тасымал қабілеттігі. Кемшіліктері: тасымалдаулар шектеулігі, жеткізудің төмен жылдамдығы; ауа райы, географиялық және навигацияға тәуелділігі; жүкті бекітуге қойылатын қатаң талаптар.

Автомобиль көлігі – темір жол көлігімен салыстырғанда жоғары маневрлі («есіктен есікке» тасымалдау), жылжымалы құрам типтерінің әр түрлілігі, қысқа арақашықтыққа арзан тарифтер. Кемшіліктер: төмен жүккөтергіштік, жоғары өзіндік құны, жылжымалы құрамға кететін металл шығыны.

Көлік – жолаушыларды, багаж және жүктер мен почтаны автокөлік құралдары және инфрақұрылымды пайдалану арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын экономика саласы.

Қорытындыласақ (1 сурет)



Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Транспорт

  2. Транспорттық жүйе

  3. Транспорттық бірлік

  4. Жалпы қолдану транспорты

  5. Әмбебап транспорт


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Закон РК «Об автомобильном транспорте», гл1.

  2. Гудков В.А. «Пассажирские автомобильные перевозки». М.: Горячая линия –Телеком. 2006 год. 448 с.


Автомобиль көлігі




Артықшылықтары:

Жоғары өтімділік және маневрлік

Жүктер мен жолаушыларды жеткізудің жоғары жылдамдығы

Автомобиль жолдарының орналастырылуы және қозғалыстың қажетті жиілігімен қамтамасыз ету



Кемшіліктері: салыстырмалы қымбат көлік түрі

Еңбек өнімділігінің төмендігі







Артықшылықтары:

Жүк және жолаушы жеткізудің салыстырмалы жоғары жылдамдығы және сенімділік

Ауа райы жағдайынан тәуелсіздік

Әмбебаптылық, маневрлік




Темір жол көлігі






Артықшылықтары:

Жоғары тасымал қабілеттілігі

Тасымалдауды ұйымдастыруға кететің шығындардың төмендігі

Кемшіліктері:

Қозғалыс жылдамдығының төмендігі

Маусымдық жұмыс

Тереңдік біркелкіліксіздігінен кемелердің төмен жүктемелігі






Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді