Пәні: «Философия» Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD

Loading...


бет3/18
Дата21.09.2021
өлшемі70.87 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Мырзалы С.Қ. «Философия» - Алматы: Бастау, 2010.

2. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

3. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. - 216 бет.

3 Дәріс. Философиядағы болмыс мәселесі. Онтология және метафизика

Болмыс ұғымын алғаш рет антикалық ойшыл, Парменид қолданған. Болмыс дегеніміз не? Болмыс – санадан тыс, тәуелсіз объективті әлем, материяның тіршілік етуін білдіретін философиялық ұғым.

Онтология - болмыс мәселесін зерттейтін философияның бөлімі.Грек тілінен аударғанда: ontos – барлық тіршілік, бар нәрсе; logos – сөз, ақыл, ой, ілім дегенді білдіреді. Яғни, онтология – бар дүниенің негіздері туралы ілім немесе болмыс туралы ілім болып табылады. Онтология жалпы негіздерді, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын зерттейді. Онтологияның қарастыратын екі мәселесі: болмыс мәселесі және болмыс пен сананың арақатынасы мәселесі.

Философияның қалыптасуы болмыс мәселесін зерттеуден басталды. Онтология тақырыбы антикалық философияда қалыптасты. Антикалық философияның пайда болғанынан бастап, ойшылдар бар шынайы болмыс жайында, бар нәрсенің барлығының болмысы бар екендігі туралы және оның шын мәнінде тіршілік ететіндігі жайында ойланған болатын.

Болмыстың мәні мен оның шынайылығы туралы ойлау антикалық философияда қалыптасады.

Болмыс мәселесін зерттейтін философияның орталық бөлімінің бірі онтология деп аталады, ал болмыс мәселесі – философиядағы басты мәселелердің бірі.

Ежелгі үнді, ежелгі қытай, Антикалық философия ойшылдарын бірінші кезекте онтология қызықтырды, олар болмыстың мәнін түсінуге тырысты, содан кейін философия өз пәнін кеңейтті және гносеологияны (таным туралы ілім), логиканы, өзге де философиялық мәселелерді қамтыды.

Философия тарихындағы болмысты түсінуді қарастырсақ:

Бірінші болмысты табиғат болмысы ретінде түсінген болатын. Табиғат санаға бағынышты емес. Яғни ол санадан тәуелсіз болып табылады.

Болмысты натурфилософиялық болмыс ретінде түсіндіруге болады. Яғни, табиғи құбылыстар негізінде қарастырсақ болады. Мысалы: антикалық натурфилософияны Милет мектебінің өкілдері дамытқан. Олар болмыстың негізі-табиғат элементтері : от, су, ауа, жер, эфир деп қарастырған. Қайта өрлеу дәуірінің натурфилософиясы - болмыстың негізі табиғат элементтері-күш, зат, энергия деп есептеген.

Платон «идеалдық әлем» болмысы ойын ұсынып, болмыс парадигмасының екі жағын ашты:

- «Феноменалды болмыс» - пайымдау арқылы жетуге болатын көрінетін деректі болмыс;

- «Метафеноменалды болмыс» - көрінбейтін, түсінілмейтін, дерексіз болмыс.

Аристотель: «Метафизика - ойдың эмпирикалық әлем шеңберінен шығып, метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге ұмтылуы». Ол Платонға дейінгі философиялық ойдың дамуы бағыттарын түйіндей отырып, метафизиканың 4 анықтамасын берді:

- Бастапқы немесе жоғарғы бастаулар себебін зерттеу;

- Болмысты тану;

- Субстанция туралы білім;

- Құдай туралы білім.

Болмыс мәселесі антикалық философиясында космоцентристік; Ортағасырда теоцентристік; Жаңа дәуірде ғылыми сипатқа ие болды. Неміс философы Гегель - болмыс формаларын жіктеп сапа, сан, өлшем формаларына бөлді.

Бұрын болмысты тарих арқылы түсінетін. Енді-заманауи көзқарастарға байланысты түсінеміз. Қазіргі философия болмыс туралы не біледі? «Болмыс» философиялық категориясының мазмұны қандай? Оны ашу үшін бірқатар ережелерді бөліп көрсетуге болады:

1. Қоршаған әлем, заттар, құбылыстар шын мәнінде бар;

2. Болмыстың күрделі, алуан түрлі, көп деңгейлі құрылымы бар;

3. Қоршаған әлем дамиды, оның ішкі себебі бар,ол қозғалыс көзі болып табылады;

4. Барлық құбылыстар себепке негізделген болып табылады;

5. Материя мен рух-біртұтас, бірақ қарама-қарсы мәндер бар; материя мен рух бар. Материалдық және руханилық өзара байланысты.

Кеңістік пен уақыт онтологияның іргелі категориялары. Кеңістік – материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. Уақыт – әртүрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және заңды формасы.

Материя уақыт пен кеңістікте орналасқан. Философтар уақыт пен кеңістікте материяның орналасуы жөнінде екі негізгі тәсілді ұсынды: субстанциялық және реляциялық.

Бірінші-субстанциялық тәсілдің жақтаушылары Демокрит, Эпикур болып табылады. Олар уақыт пен кеңістікті бөлек субстанция деп есептегенмен қатар жеке ақиқат деп санады, ал материя, кеңістік пен уақыт арасындағы қарым-қатынас субстанция аралық жүйе ретінде қарастырылды.

Екінші-реляциялық тәсілдің жақтаушылары (лат. Relatio-қатынас) Аристотель, Лейбниц, Гегель - уақыт пен кеңістікті материалдық объектілердің өзара әрекеттесуімен түзілетін қарым-қатынас ретінде қабылдады.

Қазіргі уақытта ғылым жетістіктерін ескере отырып, реляциялық теория сенімді әрі тиімді болып көрінеді. Бұл тәсіл бойынша:

Уақыт-материалдық объектілердің өмір сүру ұзақтығын және осы объектілердің даму процесіндегі өзгерістердің жай-күйін, орын ауыстыруының дәйектілігін көрсететін материя болмысының нысаны болып табылады;

Кеңістік-материя болмысының нысаны, ол оның ұзындығын, құрылымын, элементтердің материалдық объектілердің өзара әрекеттесуін сипаттайды.

Уақыт пен кеңістік өзара тығыз байланысқан. Кеңістікте болып жатқан жағдай, уақытта да болады, ал уақыт ішінде болып жатқан жағдай, кеңістікте де қайталанады.

ХХ ғасырдың ортасында ашылған А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы:

1.Реляциялық теорияның дұрыстығын растады. Яғни уақыт пен кеңістікті материя ішіндегі қарым-қатынас ретінде түсіндірді;

2.Уақыт пен кеңістікті мәңгі, өзгермейтін шамалар ретінде қарастырған бұрынғы көзқарастарды өзгертті.

Күрделі физика-математикалық есептеулердің көмегімен Эйнштейн, егер қандай да бір объект жарық жылдамдығынан асатын жылдамдықпен қозғалатын болса, онда осы объектінің ішінде уақыт пен кеңістік өзгереді,кеңістік материалдық объектілер кішірейеді, ал уақыт баяулайды, деп дәлелдеді.

Осылайша, кеңістік және уақыт салыстырмалы түрде қабылданады. Олар материалдық денелердің өзара іс-қимыл байланысына қарай салыстырмалы болады.

Кеңістік, уақыт, қозғалыс әрқашан бар болатын, материяның атрибуттары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...