Пәні: «Философия» Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD

Loading...


бет13/18
Дата21.09.2021
өлшемі70.87 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Реале Дж., Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней. – СПб., 2012 2.

2. Основы философии. Учебное пособие для вузов./ Отв.ред. Е.В. Попов М. 2011
11Дәріс. Өнер философиясы.

Эстетика – әсемдікті түйсіну туралы ғылым. Эстетика – өнердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы формасы, оның пайда болуының негізгі заңдылықтарын, эстетикалық сананың формаларын (сезім, қабылдау, талғам, бағалау, идеалдар т.б), табиғаттағы, өмір қалпындағы, рухани және материялдық өндірістегі әсемдіктің құрылуы мен дамуын зерттейтін ғылым.

Эстетиканың қызметі – өнертану теориясы; ұрпақтарды әсемдікке тәрбиелеу педагогикасы; өнерді қоғамдық сананың формасы ретінде зерттеу социологиясы т.б.

Әсемдік – эстетиканың кең ауқымды және негізгі категориясы. Ол кейде эстетикалық деген сөздің синонимі ретінде де қолданылады. Сондықтан эстетиканы әсемдік туралы ілім деп те атайды. Оған сұлулық, көркемдік деген сияқты ұғымдар сәйкес келеді.

Әсемдік сезімдерге баурайтын жағымды құбылыс. Оның обьективті эстетикалық санадағы құрылымдары: пішін, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесімділік т.б. Әсемдік Пифагорлықтарда «келіспейтіндердің келісімі» және олар жетілгендік пен әсемдікті теңестірді. Ал үйлесімділікті жалпы категория деп түсіндірді. Гераклит сұлулықтың салыстырмалылығын ұсынды, мысалы ең әдемі маймыл адамға қарағанда ұсқынсыз. Сократ бойынша сұлулық абсолютті емес, қатынастарға байланысты, бір нәрсеге пайдалы екендігінен туындайды.

Платонда сұлулық абсолютті, ол әрқашан өзгермейді жойылмайды. Сұлулыққа қарама-қарсы түсінік ұсқынсыздық. Ұсқынсыздық, үйлесімсіздік, өлшемсіздік, жүйесіздік, жетілгендіктің болмауы т.б.

Аса ескеруге алатын нәрсе - адам Дүниенің заңдылықтарын өз санасында тек бейнелеп қана қоймай, оны өзгертуге, жетілдіруге, кемеліне келген модельдерді қалыптастыруға, бүгінгі өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні ойлап шығаруға тырысады. Оны философия тілінде «қол астындағы болмыстың шеңберінен шығу, трансценділеу» дейді. Міне, осының арқасында коғам өмірінде болуға тиіс, яғни құндылықтар әлемі дүниеге келеді. Ол - Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат пен Шындық, Әділеттілік, Еркіндік пен Теңдік, Сүйіспеншілік, т.с.с. құндылықтар. Мұны рухтың ең биік қызметі деп айтсақ та болады. Ол тұлға өмірінің мән-мағынасын құрап, соны өмірге енгізуге бағытталған күш-жігерді тудырады.

Эстетикалық мәдениет - өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгері дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады.

Эстетика терминін 1750 жылы неміс философы А.Баумгартен енгізген болатын. Бірақ эстетикалық пайымдаулардың түптөркіні көне замандарда қалыптасқан.

Көне Грекияда өлшем, прапорционалдық, бөліктердің үйлесімділігі, көртүрліліктің бірлігі тұтастық әсемдіктің обьективті негіздері ретінде қарастырылды.

Мәселен, Пифагор математикалық тұрғыдан әлемдік үйлесілімділікті негіздеді, музыканың ғарыштық негіздегі шарттарына үңіліп, ондағы қозғалыстардан өзіндік бір үн шығады деп пайымдады. Стоиктер адам мен әлемнің үйлесімділігінің бірлігін, микрокосм идеясын ұсынды, Платон Игілік, Әсемдік, Әділеттілік, Эйдос, Демиург ұғымдарына ерекше көңіл бөле отырып, оны философиялық тұрғыдан негіздеп берді. Ал, Демокрит өнер хайуанаттарға еліктеуден туған деп баға берді: үй салу – қарлығаштардан, ән айту – құстардан т.б.

Орта ғасырда батыс Еуропада эстетика теологиялық тұрғыдан негізделді: «әсемдік пен сұлулық Құдайдан, оның өзі асқан көркем, оның жаратқанының бәрі сұлу» деген сияқты қағидаттар канонға айналды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі эстетикалық ой, әсірсе, өнер арқылы дамыды. Леанардо да Винчи, Шекспир, Сервантес т.б. атап өтуге болады. Онда табиғат пен адам өзінің мәні жағынан әсем, суретшінің міндеті осы шынайы сұлулықты жанғырту деп есептелінді. Өнер де ғылым сияқты ақиқатқа ұмтылу тиіс болды. Өнерде классика қалыптасты.

Жаңа заманда, неміс ойшылдары бұл ілімнің теориялық жақтарын негіздеді. Шиллер эстетиканың іргелі категорияларын ұсынды.

Адам рухының кемеліне келген дүниеге деген іңкәрлігі мыңдаған жылдардың шеңберінде орасан зор Өнер Әлемін тудырады. Оған әдебиет пен поэзия, қылқалам мен мүсін, сәулет пен әуен, сымбат т.с.с. өнер түрлерін жатқызуға болады. Өнер әлемі бізді аз уақыт болса да нақтылы болмыстан жоғарылатып, рухтың кереметтігін көрсетіп, жан-дүниеміздің ластанған жағын тазартады (Аристотельдің тілімен айтсақ, «катарсиске» әкеледі), біздің Ақиқат, Әсемдік, Сүйіспеншілікке деген сенімімізді нығайтады.

Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада - кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері, үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б) болып табылады және осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады.

Жекеленген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырларының қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның полифункционалдылығын тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік өз дублерлері бар: өнер - бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер - тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагогика да бар; өнер - тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер - әрекет, бірақ еңбек - әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол - адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...