Пәні: «Философия» Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD



бет11/18
Дата21.09.2021
өлшемі70.87 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Новая философская энциклопедия: в 4 т. – М., 2000-2001.

2. Франкл В. Человек в поисках смысла. – М., 1990.

3. Мырзалы С. «Философия» - Алматы: Бастау, 2014.

4. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

9 Дәріс – Этика. Құндылықтар философиясы

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Бұл философиялық ғылымның обьектісі – мораль, оның дамуы мен оның қоғамдағы ролі мен нормалары болып табылады. Ол ғылым бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:

1.Этикалық ізгіліктер.

2.Дианоэтикалық ізгіліктер.

Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық.

Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар: Ақыл мен парасат.

Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Сол мораль адамзатпен қабысып, тұтасып бірігіп этиканы құрайды.

Аристотель адам өміріндегі дұрыс пен бұрысты, жаман мен жақсыны анықтауға негіз болатын принциптер туралы ғылымды – яғни, этика туралы өз ілімін жасады. «Никомах этикасы» кітабында бейнеленген бұл ілім бақыт ұғымына негізделген. Тұлға үшін қандай өмір - жақсы өмір? Ол - бақытты өмір. «Бақыт дегеніміз - жанның нағыз ізгілікке сәйкес әрекеті». Бақыт - әрекет. Ол мақсат емес. Бақыт қандай да бір әрекетпен, амалмен қатар жүреді. Бақыт өмірдің жан-жақтылығында көрінеді. Сонда біз өзімізді қалай ұстауымыз керек? Біз өзімізді бақытқа қол жеткізетіндей деңгейде ұстауға тиіспіз.

Аристотельдің «этикасы» - өз қадір-қасиетін білетін, басқалардың да осылай мойындағанын күтетін, өздерін жетілдіруге және өздері өмір сүріп отырған қоғамға қызмет етуге уақыттары бар зерделі адамдардың дұрыс дүниетанымының кәдуілгі мысалы. Қазір Аристотельдің этикалық іліміне қызығушылық артып келеді. Бұл өзгеріс - әртекті қоғамда өзара үйлесімге, түсіністікке және құрметке негізделген жарастықты тірліктің жаңа формаларын табуға тырысқан шығу тегі, саяси және діни көзқарасы әртүрлі адамдардың көбеюіне байланысты болып отыр. Осындай үдерістерді барлық қайшылықты жағдайларда мәмілеге келумен, күрделі мәселелерді келісе отырып шешумен, өзара үйлесімге қол жеткізумен сабақтастыруға болады.

Этикалық ілімдердің тарихи типтерін нақтылай келе біз құндылықтар әлеміне келіп тірелеміз. Оны зерттейтін философия саласын аксиология (aksіos,- құнды, logos,- ілім) дейді. Жалпы алғанда, құндылықтар деп адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің бәрін жатқызуға болады. Құндылықтар әлемінің өмір сүруінің терең себептері – адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағнасын іздеуінде жатса керек. Өйткені, адам – ерікті пәнде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды.

Дегенмен де, құндылықтар әлемін, негізінен, екіге бөлуге болады. Олар – материалдық және рухани құндылықтар.

Бірінші орынға өмір, бүкіл тіршіліктің құндылығын жатқызуға болар еді. Ал оның ең биік шыңы – сана сезімі, рухы бар адам. Сондықтан ұлы И.Канттың моральдық императивтерінің бірі – адамды әрқашанда мақсат-мұрат тұт, оған ешқашанда құрал ретінде қарама,- деген терең ойы еді. Ал бұл талаптан “адам бүкіл тіршіліктің патшасы болуы керек”,- деген тұжырым шықпау керек. Керісінше, ол бүкіл тіршіліктің ең жетілген түрі болғаннан кейін, бәрін өзімен бірге гүлдетіп, үндестікте өмір сүруі қажет.

Адам өмірінен шығатын келесі құндылық - денсаулық, - оны дана бабамыз “бірінші байлық”,- деп кеткен. А.Шопенгауер айтып кеткендей, “адамның бақытты болуының 9/10-ы оның денсаулығымен байланысты”. Расында да, тек денсаулықтың арқасында ғана өмірде кездесетін ауыртпалықтарды көтеріп жеңуге, ішкі табиғи дарындарды дамытып, шығармашылық деңгейіне көтерілуге болады.

Келесі қоғамның құндылықтары – еріктік пен теңдік. Біріншіден назар аударатын нәрсе - әрбір қоғам өз даму деңгейіне сәйкес еріктік пен теңдіктің белгілі бір мөлшерін анықтап, өмірге еңгізеді. Әрине, еріктік – адамның тектік қасиеті, адам еріктікке жаратылған пенде. Еріктіктің негізінде ғана адам шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өз бойындағы қабілеттерін, талантын іске асыра алады. Сонымен қатар, адамның теңдікке деген ұмтылысы да тарихтың қозғаушы күштеріне жататынын ескерген жөн. Теңдік рухы кең етек алған қоғамдарда адамдар өз абыройын, намысын жоғары деңгейде сезінеді. Яғни, ол сезім де адамның шығармашылық іс-әрекетіне жол ашады.

Аксиология (грек тілінде «ахіа» - құндылық және «логос» - ілім) құндылықтар жаратылысы туралы ілім. Оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы, яғни, әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі кұндылықтық байланыстар туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология XIX - ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты. «Игілік дегеніміз не?» деген аксиологияның басты сұрағын алғаш болып Сократ қойды. Аксиология - этикалык, эстетикалық, діни және өзге де құндылықтардың өзара байланысын және әлеуметтік-мәдени орта мен жеке тұлғаның құрылымына қатынасын зерттейді. Аксиологияның басты міндеті – құндылықтардың болмыстың жалпы құрылымындағы орны мен табиғатын анықтау.

Құндылықтар жүйесіндегі ең жоғары құндылық - адам және оның өмірі болып табылады. Ең жоғары құндылықтарға жалпы адамзат құндылықтары – адамгершілікті, мейірімділікті, әділеттілікті, сұлулықты, ақиқатты жатқызуға болады. Бұлар жеке адамның әлеуметтенуінде маңызды роль атқарады. Бұлардың жүзеге асуы жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің тұңғиығында жатқан мүмкіндіктерді жүзеге асырумен бара-бар. Осыларды түсінбейінше және оларды жүзеге асырмайынша адам баласының жеке тұлға болып қалыптасуы қиынға соғады. Мұнсыз өмір өз мәнін жоғалтады.

Тек жоғары құндылықтар ғана емес, сонымен бірге жеке адамның әлеуметтенуіне құндылық құралдары да елеулі ықпалын тигізеді. Олар ең жоғары құндылықтарға бағынып, соларға негізделген. Мәселен адам әділеттілікті орнату жолына түссе ол осы жолда ешқашан әділетсіз әрекеттерге бармайды. Құндылық құралдарынсыз ешқандай игі істерді жүзеге асыру мүмкін емес. Қоғам әртүрлі қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесін құрайды. Қоғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар біздің санамыздан тыс тәуелсіз өмір сүреді. Ал рухани қатынастар адамдар санасынан өту арқылы қалыптасады. Олардың арасындағы байланыс аралық сипатқа ие. Материалдық қатынастар қоғамдық санада бейнелене отырып, белгілі бір рухани құндылықтарды туындатады. Ал мұндай құндылықтар рухани қатынастардың негізі болып табылады. Рухани өмір бай мазмұнға ие атмосфераны, қолайлы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастырады. Ал өзге жағдайларда рухани өмір жұтаңдау болып келеді. Мұндай қоғамда рухани азғындық белең алады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнында оның шынайы адамгершілік мәні көрінеді. Рухани өмірдің басты элементтері - рухани қателіктер, рухани құндылықтарды жасап шығару жолындағы іс-әрекеттер, рухани азық және адамдар арасындағы рухани қарым - қатынастар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік