Пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет58/85
Дата14.09.2022
өлшемі1.42 Mb.
#290262
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
Байланысты:
Қазақ тілі силлабус
D4CECCD1-5F91-40D7-803E-928A5AE125CC, Орыс тілі жауаптары рубежка, Информ. письмо Шоқан оқулары - 26 (1), Ағылшын тілін мезгілі, Документ (1), Астана, Документ (2), 1606415888, Қандай қиын бауыр басу, Кожамберды Меруерт, Dream Vacation, Дильназ КА 111 менеджмент, Бекман Назерке ФИИ-204, 18.01.22, Химия-9 кл
3-тапсырма. 
Үзіндіден 
жайылма 
сөйлемдерді 
ажыратыңыздар. Әр сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін 
көрсетіңіздер. Тұрлаусыз мүшенің толықтауыш, анықтауыш, 
пысықтауыш екенін, әрқайсысының сөз таптары мен сөз 
тіркестері арқылы жасалу жолы мен басыңқы мүшеге бағынып 
байланысу тұлғасын айтыңыздар. 
Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан 
жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын
үлкен бетіне ұп-ұзын боп, дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, 
басы мен беті бір өңірдей. Соны Құнанбайдың жалғыз сау көзі 
ОНЫҢ 
көтеріңкі жал тұмсығының 
сол иығына шығып алып
қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған 
сияқтана-ды... 
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. 
Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия 
отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. 
Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді 
(М.Ә.). 
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 25], 2. [1.7: 26], 3. [1.7: 27]. 
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 14]. 
 
№ 13 семинар сабағы тақырыбы: Жай сөйлемнің 
құрлысына қарай бөлінетін түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас 
құрмалас сөйлем. 
Сұрақнама: 
Сұрақнама: 
1. Жалаң және жайылма сөйлемнің белгілері. 
2. Жақты және жақсыз сөйлем жасалу жолдары. 


83
3. Хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдерге мысал 
келтір. 
4. Атаулы сөйлем. 
Тапсырмалар: 
1-тапсырма. Мына болымсыз хабарлы сөйлемдерді оқып, 
тұрлаулы мүшелерін көрсетіңіздер. Болымсыз мағынадағы 
баяндауыштарды теріп жазыңыздар да, қайсысы локсикалық 
тәсіл арқылы, қайсысы грамматикалық тәсіл арқылы 
қалыптасқанын айтыңыздар. 
1.Кішіпейілділіктен қорлық көрген адамды естіген де, 
көрген де емеспін (Ә.Ә.). 2. -...Тіпті скрипкамыз да үндеуден 
қалды ғой!.. (М.Ә.). 3. Мен естімеген болып үндемеймін (3.Қ.). 4. 
...Сіз оған міндетті емессіз (Ғ.М.). 5. – Ибрагим Құнанбаев, 
бүгінде сіздің ісіңіз жаман... (М.Ә.). 6. Бірақ оны елейтін - Жұман 
жоқ (Ғ. М.). 7. Ал сол «шоң» деген сөздің түп төркіні, мен білсем, 
қазақ сөзі емес (М. Ә.). 8. Бұл жоқ болды (Ә.Ә.). 9. Нұрғаным 
аулы бір тамшы су ала алмай қойды (М.А.). 10. Басқаларға көз 
қиығын салған жоқ (Ғ.М.). 11. Мен мұның бірі де емен (М.Ә.). 
12. Қазақ жұмыскерінің арасында асып кеткен әнші де жоқ екен 
(Ғ.М.). 13. Мұндай өлеңді көргенім жоқ (М.Ә.). 14. ...Ол арасы 
маған белгісіз (Ә.С). 15. Бұл үй бұрынғысындай ағайын-туған, 
ел-жұртпен араласудан да қалды (Ғ.М.). 
2-тапсырма. Төмендегі болымды хабарлы сөйлемдерді 
көшіріңіздер; олардың қай мүшелері арқылы, соған сәйкес, 
қандай лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы болымды 
мағынада жұмсалғанын түсіндіріңіздер. 
1. Халықтық шығармаларды оқудан, көруден еш 
жалықпайды (Ғ.Мұст.). 2. Жылап көріскен, құшақ қосып 
қауышқан қалың қарындас арасында жырлап көріскен шешен 
ділмәр да аз емес (М.Ә.). 3. Шелапутиннің де ұшқыш боламын 
дегені бос сөз болмай шықты (А.Мак.). 4. ...ішіндегі қуанышын 
жасырып тұра алмады (Ғ. Мұст.). 5. – Алдияр, көшпейін деп 
отырған – біз жоқпыз... (Ғ.М.). 6. – Россияда түбі бір жақсылық 
тумай қоймай-ды (М.Ә.). Біз мұны ұмытуға тиіс емеспіз 
(Ә.Әлім.). 8. Бұның да есебі жоқ емес-ті (М.Ә.). 9. – Жаман емес 
екен (Ғ. М.). 10. Абай... Мағыштың сақтығын теріс көрген жоқ 
(М. Ә.). 11. – Ойбай, жеңге, біз сөгетін адам емеспіз... (Б.М.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде