Пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет43/85
Дата14.09.2022
өлшемі1.42 Mb.
#290262
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Байланысты:
Қазақ тілі силлабус
D4CECCD1-5F91-40D7-803E-928A5AE125CC, Орыс тілі жауаптары рубежка, Информ. письмо Шоқан оқулары - 26 (1), Ағылшын тілін мезгілі, Документ (1), Астана, Документ (2), 1606415888, Қандай қиын бауыр басу, Кожамберды Меруерт, Dream Vacation, Дильназ КА 111 менеджмент, Бекман Назерке ФИИ-204, 18.01.22, Химия-9 кл
Бөгде сөз. Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің 
ішінде берілуін төл сөз дейміз. Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа 
біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап беруін 
төлеу сөз дейміз. Төл сөзді де, төлеу сөзді жеткізіп, оған түсінік 
беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз. 
Орфографияның ережелері. Орфография – жазба тілде 
пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі 
және біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін 
жасайтын, зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің 
белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын 
айқындайды. Орфографияның ережелер жүйесі: 
1) дыбыстарды әріптермен беру;
2) сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;
3) сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;
4) бас әріпті пайдалану;
5) тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды.
Орфографияның негізгі принциптеріне мыналар жатады: 
1. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай 
жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. 
Мысалы: жаздыгүні, қыстыгүні, жазса – жасса, жанбасы – 
жамбасы, тонға – тоңға т.б., яғни айтылуындай жазылады да, 
фонемалық транскрипцияға жақындайды. 
2. Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық 
құрамын ескеріп, сөз бен қосымша құрамында болатын дыбыс 
алмасуларды елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: 
қолбасшы, басшылық асшы, тұзсыз т.б. сөздердің түбір тұлғасы 
сақталып (қолбашшы, башшылық, ашшы, тұссұз) жазылады. 
Морфологиялық принципті фонемалық принцип деп те атайды. 
Мұнда бір фонема әр түрлі құбылғанына қарамастан үнемі 
әліпбидегі бір-ақ әріппен белгіленеді.
3. Дәстүрлік принцип – сөздің бір кезде жазылып 
қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап, жазу. Мысалы: хан, 
хош, хат, хабар, халық, мұхит, қаһар, жиһан, жиһаз, жаһан
т.б. сөздердегі х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. 


64
Дәстүрлік принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, 
келмеуі де мүмкін. 
4. Дифференциялаушы немесе саралаушы (лат. differentia – 
айырым) принцип – дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-
бірінен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл 
білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік принцип бойынша: 
хабар, хал, халық, хан, хат, хош түрінде жазып жүргендеріміз, о 
баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, қош
орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну керек. 
Қазақ тілінде 2,5 мың омоним сөз бар, 10-15 сөзді түрлендіріп 
жазу арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес. 
Осы принциптердің негізінде “Қазақ тілі орфографиясының 
негізгі ережелері” жасалған. 
Тілдік норма – ауызекі және әдеби тілдің қалыптасқан 
үлгісі, халықтың бәріне түсінікті, бәрі де қолданатын тілдік 
амалдардың (сөз қолдану, сөйлем құрау т.б.) жиынтығы. Тілдік 
норма негізінен әдеби тілдің барысында жүйеге түседі, орнығып 
сіңісті болады. Тілді нормалау – тіл мәдениетін арттырудың 
шарасы. Ол тек жазба тілде ғана емес, сөз қолдануда, сөздің 
айтылуында, грамматиканың сөз тұлғаларын пайдалануда жүзеге 
асып отырады. Әдеби тілдің сараланып, жазу мәдениетінің 
белгілі жүйеге түсуі ұзақ жылдар бойы жүріп жатады 
Алфавиттің, 
орфография 
мен 
орфоэпияның, 
терминологияның ресми түрде ретке келтірілуі, оқулықтар мен 
оқу құралдарын жазу, әр алуан сөздіктер шығару, баспа орнында 
бірізділікті ұстану тілдік норманы қалыптастыруға көмегін 
тигізеді.
Әдеби тілдің нормалары тілдің структуралық элементтеріне, 
соған сәйкес тіл білімінің салаларына байланысты 4 түрге 
бөлінеді: фонетикалық-фонологиялық норма; лексикалық-
семантикалық норма; морфологиялық норма; синтаксистік норма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде