Пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет39/85
Дата14.09.2022
өлшемі1.42 Mb.
#290262
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Қазақ тілі силлабус
D4CECCD1-5F91-40D7-803E-928A5AE125CC, Орыс тілі жауаптары рубежка, Информ. письмо Шоқан оқулары - 26 (1), Ағылшын тілін мезгілі, Документ (1), Астана, Документ (2), 1606415888, Қандай қиын бауыр басу, Кожамберды Меруерт, Dream Vacation, Дильназ КА 111 менеджмент, Бекман Назерке ФИИ-204, 18.01.22, Химия-9 кл
Кезектес салалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлем деп 
құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-
әрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын 
білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Кезектес салалас 
сөйлем компоненттері бір-бірімен бірде, біресе, кейде деген 
кезектестік мәндегі жалғаулықтар арқылы құрмаласады Мысалы: 
Біресе бұл-бұл нақышты, көп ырғақты «жиырма бесті» созады, 
бірде назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады.  


58
Түсіндірмелі салалас сөйлем. Түсіндірмелі салалас 
сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады да, 
кейінгі қомпонентте оның мәні, себептері сараланып ашылады, 
талданып 
түсіндіріледі. 
Компоненттердің 
мағыналық 
қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы 
сол, соншама, соншалық, сондай деген есімдіктер мен үстеу 
сөздерден болған сөйлемдер де осы түсіндірмелі салалас 
сөйлемге жатады, өйткені мұнда да бірінші компоненттің сыры 
кейінгі компоненттерде ашылады, түсіндіріледі. 
Салыстырмалы салалас сөйлем. Жалғаулықсыз салалас 
сөйлемнің бұл түріне бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде 
алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-
күйлерін 
салыстыра 
баяндайтын 
сөйлемдер 
жатады. 
Салыстырмалы салалас сөйлем мақал, мәтелдерде өте жиі 
кездеседі. шартты салалас сөйлем
Шартты салалас сөйлем. Компоненттер мағыналары өзара 
шарттас болып келетін салалас құрмалас сөйлем шартты салалас 
сөйлем деп аталады. Шартты салалас сөйлемдер екінші 
компоненттегі әрекеттің болу-болмауына бірінші компоненттегі 
әрекет шарт болып келеді. 
Сабақтас құрмалас сөйлем. 
Құрмалас сөйлем жасаудың екінші түрі – жай сөйлемдерді 
бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру тәсілі. Бұл тәсіл 
салаластыра құрмаластырудан кейін және соның негізінде 
қалыптасқан. Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуге арналған 
әдебиеттердің барлығында да сабақтас сөйлем деп компоненттері 
грамматикалық жақтан өзара теңдік қатынаста болмай, бірі 
екіншісіне тәуелді, бағынышты болып келетін құрмалас сөйлемді 
айтады. Сабақтас құрмалас сөйлем ең аз болғанда екі, болмаса 
одан да көп компоненттерден құралады. Бағыныңқы компонент 
тұлғалык жақтан да, көпшілігі мағыналық жақтан да тиянақсыз, 
тиянақты компонентке тәуелді болады, соған меңгеріліп, соның 
жетегінде тұрады. Оның бағыныңқы, тәуелді болатын себебі 
баяндауышының 
етістіктің 
тиянақсыз 
түрінде 
айтылатындығынан. Компоненттерінің мағыналық қатынастары 
жағынан алғанда, қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
қарсылықты салалас сөйлемге ұқсас: екеуінің компоненттері де 
мағыналары бір-біріне қайшы келетін оқиғаларды баяндайды, 


59
өзгешеліктері тек құрмаласу тәсілдерінде ғана: бірінің салаласа, 
екіншісінің сабақтаса байланысатынында.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті 
бағыныңқы сөйлем деп аталады да, оны өзіне бағындырып, 
жетектеп тұратын тиянақты компонент басыңқы сөйлем деп 
аталады. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізгі ой басыңқы 
сөйлемде айтылады да, бағыныңқы компонент соны түрлі 
жағынан толықтырып, айқындап ашып тұрады. Сабақтас 
құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен сабақтастыра 
құрмаластыратын негізгі тәсіл – бағыныңқы компонент 
баяндауыштарының формасы. Олар мыналар: 1. Көсемше 
формалы етістіктер. 2. Есімше формалы етістіктердің кейбір 
септікті немесе септеулік шылаулы түрлері. 3. Шартты рай 
формалы етістіктер. 4. Кейбір септік жалғауында, болмаса 
септеулік шылауларға тіркесе айтылатын -у, -ыс, -іс формалы 
қимыл есімдері. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде