Пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет29/85
Дата14.09.2022
өлшемі1.42 Mb.
#290262
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Байланысты:
Қазақ тілі силлабус
D4CECCD1-5F91-40D7-803E-928A5AE125CC, Орыс тілі жауаптары рубежка, Информ. письмо Шоқан оқулары - 26 (1), Ағылшын тілін мезгілі, Документ (1), Астана, Документ (2), 1606415888, Қандай қиын бауыр басу, Кожамберды Меруерт, Dream Vacation, Дильназ КА 111 менеджмент, Бекман Назерке ФИИ-204, 18.01.22, Химия-9 кл
Еліктеуіш сөздер деп – табиғатта ұшырасқан сан-алуан 
құбылыстармен 
заттардың 
бір-біріне 
қақтығысу-
соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-
жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі есіту 


43
қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер қабылдаудан болған 
және сол түсініктер қабылдаудан болған және сол түсініктердің 
атқаратын атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. 
Еліктеу сөз табының құрамындағы сөздер табиғи құбылыстарды 
бейнелегенде оның екі қасиетіне қатысты түрде бірі – 
дыбыстарға, екіншісі – табиғи бейнелерді сипаттай алатындай 
дәрежеде кездесетіндіктен, тіл білімінде еліктеу сөздерінің 
алғашқы тобын еліктеуіш, соңғы тобын бейнелеуіш деп аталып 
жүр. Еліктеу сөздері сөйлемдегі қызметтері ерекше болып 
келеді. Айталық, еліктеу сөздері етістікпен тіркескенде ет 
етістігімен еркін тіркесе алады. Жалт етті, сарт етті, шолп етті 
т.б. Сонымен бірге еліктеу сөздері толық мағыналы етістікпен 
тіркесінде тек өзінің мағынасына орай етістіктермен ғана тіркесе 
алады: Ол кілт тоқтады. Ол жалт қарады. Еліктеу сөздері сын 
есім, үстеу, шылаулармен тіркеспейді. Ал сөйлем мүшесі 
турасына келсек, негізгі қызметі пысықтауыш болу. Кейде 
еліктеу сөздері қай сөзбен, яғни сөз табымен тіркесуіне орай әр 
түрлі сөйлем мүшелері бола алады. Тарс-тұрс төбелес басталды 
десек зат есіммен тіркесінде анықтауыш, ол елең етті дегенде 
етістікпен тіркесіп баяндауыш, субстантивтеніп толықтауыш 
бола алады: Бір кезде шаң-шұңның бәрі болады. Ол қазір сыбыр-
сыртыңнан оралған еді. 
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19]. 
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 16]. 
 
№ 11 дәріс тақырыбы: Синтаксис. Синтаксис туралы 
жалпы түсінік. Сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық белгілері. 
Сөйлемнің құрлысына қарай жай және құрмалас сөйлем 
болатыны. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері. 
Синтаксис – (грекше syntaxis) – грамматиканың морфология 
сияқты өзекті саласының бірі. Синтаксис грамматикалық ілім 
ретінде екі салаға бөлінеді: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда 
сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі мен тіркесу тәсілдері, 
формалары, 
сөз 
тіркесінің 
құрамы, 
олардың 
түр-түрі 
қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің 
құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түрлері 
қарастырылады. Сөйлем синтаксисі іштей екі салаға бөлінеді: 
жай және құрмалас сөйлем синтаксисі. Орта мектепте: 


44
“Тиянақты бір ойды білдіретін сөздердің тобын сөйлем”, – дейді. 
Негізінде, бұл дұрыс, бірақ өте жалпыланып айтылған. 
Кемшілігі: анализ жақтарын кіргізбеген. Сөздердің тобы деген 
жеткіліксіз, оны сөздердің қарым-қатынасына, сөздердің 
грамматикалық 
байланысына 
бағындырып 
беру 
керек. 
Сондықтан сөйлем дегеніміз белгілі бір тиянақты ойды 
білдіретін, өзара қарым-қатынасы бар, өзара грамматкалық 
байланысы бар сөздер деуіміз керек. Бұл да жеткілікті емес. Сөз 
бен сөздің қарым-қатынасы дегеніміз жай сөйлемге ғана 
қатысты, шынында, сөйлем дегеніміз сөйлем мен сөйлемнің 
(құрмалас сөйлемге, диалогты сөйлемге қатынасты) қарым-
қатынасы да енеді. 
Сөйлем – сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің, іс пен істің, 
ой мен ойдың қатынасын көрсетіп, белгілі бір ойды білдіреді 
десек, сөйлемді дұрыс түсінген болар едік. 
“Тиянақты ой” дегеніміз относительді нәрсе ғана. Өйткені 
ойдың қыры көп. Алдыңғы сөйлем мен артқы сөйлем мағына 
жағынан байланысты. Кейде алғы, кейде артқы сөйлем өздігінен 
тиянақты болмайды, бірін-бірі толықтырады, кейде екеуінің 
бірлігі бір я бірнеше сөйлемнің бірлігі бүтін бір ойды 
тиянақтайды. Олай болса, тиянақтылықтың да шегі бар 
екендігінде дау жоқ. …Ой өте кең нәрсе, олай болса, үнемі бір 
сөйлеммен абсалют тиянақтап қалады деуге болмайды, тек 
относительді тиянақты дейміз. Өйткені кейбір құрмаластағы, 
диалогтағы бір сөйлем субъектінің бір жағын ғана көрсетеді. Жеке 
сөз де СТ тәрізді болып келген конструкциялар да сөйлемге тән 
грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға – сөйлемдің 
сапаға ие бола алады. Осыдан шығатын қорытынды – сөйлем 
өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы 
бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық 
формасын құрайтын мыналар: Сөйлем бір, екі сөзден, тіпті 
көптеген сөзден де құрала береді. Сөйлем пікірді, яғни 
болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады. 
Бастауыш-баяндауыштың қатынасы предикативтілік деп аталады. 
Предикативтік қатынас – сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. 
Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік 
қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады. 


45
Екіншісі – жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың 
қатысуын ескеріп құрылады. 
Үшіншісі – рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің 
болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде