Пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет25/85
Дата14.09.2022
өлшемі1.42 Mb.
#290262
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Байланысты:
Қазақ тілі силлабус
D4CECCD1-5F91-40D7-803E-928A5AE125CC, Орыс тілі жауаптары рубежка, Информ. письмо Шоқан оқулары - 26 (1), Ағылшын тілін мезгілі, Документ (1), Астана, Документ (2), 1606415888, Қандай қиын бауыр басу, Кожамберды Меруерт, Dream Vacation, Дильназ КА 111 менеджмент, Бекман Назерке ФИИ-204, 18.01.22, Химия-9 кл
Ортақ етіс қимыл бір емес, бірнеше ие арқылы жүзеге 
асатынын білдіріп, -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы жасалады: әкел-
іс-ті, хат жаз-ыс-ты т.б.
Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен, сөйлемде 
көбінесе әрекет иесінің пікірі, іс-әрекеті шындыққа қаншалықты 
қатысты екенін көрсетіп, модальділік мәнге ие болып отырады. 
Мұны етістіктің райлары дейді. «Ауа райы» деген тіркесте де, 
байқасақ, ауаның райы, яғни мінезі туралы мәлімет береді. 
Ендеше етістіктің райы дегеніміз әрекеттің мінезі, яғни бір 
нәрсені қалау, бұйыру, шарт қою дегенді білдіреді. Қазақ тілінде 
етістіктің төрт райы бар: шартты рай, бұйрық рай, қалау рай, 
ашық рай. 
Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауы 
шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, 
болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -са, -се жұрнағы жалғану 
арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады: бар-са, кел-се, 
сөйле-се т.б. 
Бұйрық 
рай 
қимылдың, 
іс-әрекеттің 
орындалу-
орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты 
мағыналарды білдіреді. Бұйрық райдың арнаулы жұрнағы жоқ. 
Сондықтан бұйыру түбір етістіктің өзінен көрінеді: кет, кел, 


39
сөйле т.б. Ал бұйрықтың кімге бағытталғанын білдіру үшін 
бұйрық сөзге, яғни етістікке тікелей жіктік жалғауы жалғанады. 
Сонымен, бұйыру мәні ІІ жақта айқын болады да, ІІІ жақта 
бұйыру-өтіну, қозғау салу мәні басым болады да, ал І жаққа 
бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп 
орындайтынын білдіреді: 
І жақ. Бар-айын, бар-айық; 
ІІ жақ. Бар, бар-ыңдар; 
Бар-ыңыз, бар-ыңыз-дар
ІІІ жақ. Бар-сын, бар-сын т.б. 
Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға 
бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын, үмітін білдіріп, етістік 
түбірлері мен етіс, күшейткіш, болымсыз етістік тұлғаларына -
ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, олардың үстіне тәуелдік 
жалғауы -м, -ң, -сы, -мыз, -міз, -лары, -лері қосылып кел көмекші 
етістігі тіркесіп немесе етістік түбір -са, -се игі еді, -ғай, -гей, -
қай, -кей, еді , -са, -се екен тәрізді күрделі форматтар арқылы 
жасалады: бар-ғы-м келеді, бар-ғы-сы келеді, бар-ғы-мыз келеді
бар-ғы-лары келеді немесе бар-ғай еді, бар-са екен т.б.
Ашық рай қимылдың, іс-әрекеттің белгілі бір мезгілде болу-
болмауын нақты көрсетіп, осы, өткен және келер шақта тұрады. 
Сондықтан ашық рай етістіктің шақ категориясынан көрінеді. 
Олар қазақ тілінде үшеу: осы шақ, келер шақ және өткен шақ
Есімше, бірінішіден, жіктеліп келіп, шақтық мағынаны 
білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының 
бір көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп, қатыстық-
анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет 
атқарады. Есімше деп аталуы да сондықтан болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде