Пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет13/85
Дата14.09.2022
өлшемі1.42 Mb.
#290262
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Байланысты:
Қазақ тілі силлабус
D4CECCD1-5F91-40D7-803E-928A5AE125CC, Орыс тілі жауаптары рубежка, Информ. письмо Шоқан оқулары - 26 (1), Ағылшын тілін мезгілі, Документ (1), Астана, Документ (2), 1606415888, Қандай қиын бауыр басу, Кожамберды Меруерт, Dream Vacation, Дильназ КА 111 менеджмент, Бекман Назерке ФИИ-204, 18.01.22, Химия-9 кл
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 10]. 
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 9], 2 .[1.7: 10]. 
№ 6 дәріс тақырыбы: Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен 
сөздік құрамы туралы түсінік. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер. 
Терминдер. Көнерген сөздер, олардың түрлері. Неологизмдер 
және олардың жасалу жолдары.
Бірнеше ғасырлар бойы жинақталып, дамып, өсіп, жетіліп 
келе жатқан сөздік құрамның арнасы да көлемі де ұшан-теңіз 
екені белгілі. Тіліміздегі сөздердің тұтас жиынтығын сөздік 
құрам немесе лексика деп атадық. 


24
Сөздік құрам тілдегі мыңдаған, сан алуан сөздерді қамтып, 
бірнеше салалардан, лексикалық қат-қабаттардан тұрады. Сөздік 
құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күн көріс 
тіршілігін, кәсібін, шаруашылығын, мәдени-тарихи өмірін 
түгелдей қамтып көрсетеді. Бұған бірден-бір дәлел «Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі» (10 томдық) 100 мыңға жуық сөзді қамтиды 
екен, кірмей қалған сөздер қаншама.
Қазақ тілінің лексикалық құрамына ұрпақтан ұрпаққа сол 
қалпында жетіп, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы, 
төл сөздер, кірме сөздер, лексикамызды байытып отыратын 
неологизмдер, термин сөздер, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән 
қарапайым сөздер де, диалектизмдер, көнерген сөздер және сан 
алуан кәсіп түрлеріне байланысты туындаған кәсіби сөздер де, 
жалпы айтқанда тіліміздегі барлық сөздер кіреді. Осыншама мол 
сөздің қолдану аясы, қалыптасу тарихы, атқаратын тілдік 
қызметі, мүмкіншілігі бірдей емес. Кейбір сөздер сөздік 
құрамымызды байытып жатса, кейбір сөз қолданыстары 
қолданылу аясы тарылып сөздік құрамымыздан шығып та 
жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамының өз ішінен бірнеше топқа 
бөлінуі де осыған байланысты. Сөздік құрамдағы сөздер қолдану 
ерекшелігіне қарай актив сөздер және пассив сөздер деп екі 
салаға бөлінеді. 
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана 
қоймай, жиі қолданатын сөздер жатады. Актив сөздер тіл 
дамуына қарай осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ 
қызмет етеді және күнделікті өмірімізде ауызекі тілде, әдеби 
тілімізде, ғылым тіліндегі пікір алысуда қолданып жүрген көпке 
таныс сөздердің бәрін жатқызамыз. Ал пассив сөздерге түсінуін 
түсінгенімізбен, тілімізде онша қолдана бермейтін, аракідік қана 
қолданыста жүретін сөздер кіреді. Бұларға көбіне әр ғылым 
саласының өзіне ғана тән тар көлемде қолданылатын термин 
сөздер, әсіресе көркем шығармаларда көп кездесетін көнерген 
сөздер, тарихи сөздер, диалектизмдер, кітаби сөздер және басқа 
тілден енген (араб, парсы, монғол және т.б) сөздерді жатқызуға 
болады.  
Негізгі сөздік қор – сөздік құрамның ең басты бөлімі, негізгі 
ұйытқысы, қайнар бұлағы болып табылады. Негізгі сөздік қор 
тұрақты болады және ұзақ өмір сүреді. Негізгі сөздік қордың 


25
көлемі де шағын, оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғамдағы 
жалпыхалыққа түсінікті әрі олар қолданатын жалпыхалықтық 
сөздер ғана кіреді.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам, яғни лексика бір-бірін 
толықтырып, дамытып, жаңартып отырады. Тіл дамуының бір 
кезеңіндегі негізгі сөздік қордағы сөздер, оның екінші бір 
кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Қазақ лексикасындағы кірме 
сөздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде