Пәнге кіріспе. Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері.
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсы 5В012000 «Кәсіптік білім» мамандарын даярлайтын мемлекеттік стандартқа және оқу жоспарына сәйкес жасалынған.
Курстың негізгі мақсаты: — жоғарғы оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу бағытын таңдау негіздерімен және кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасымен таныстыру.
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсының негізгі міндеттері:
Ғылыми таным мен шығармашылық негіздері туралы түсінік қалыптастыру;
Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру;
Кәсіби педагогикадағы ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және ғылыми зерттеу әдістерін қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.
«Кәсіптік білім (профиль бойынша)» мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім стандартына сәйкес студенттер келесі білімді игеруі тиіс:
Ғылымның даму заңдылықтары. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау негізі.
Ғылым – шындық жөніндегі объективтік заңдарды жасап шығару және ториялық жүйеге келтіру жүретін іс-әрекет ауқымы.
Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы.
Ғылымның ауқымындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу — таным процесінің ерекше формасы. Ғылыми зерттеу барысында объектілерді жүйелі және мақсатты зерттеу, онда құралдарды және ғылыми әдістерді пайдалану және зерттелетін объектілер жөніндегі білімдерді қалыптастыру мен қорытындылау жүргізіледі.
Ғылыми таным: танымдық іс-әрекетті арнайы адамдар тобы жүзеге асырады. Жүзеге асыру түрі – ғылыми зерттеу. Ғылым тарихында арнайы таным құралдары, ғылыми зерттеу әдістері шығарылып, жасалады. Ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатқа бағытталған болады.
Ғылыми-зерттеу қызметі – зерделеніп отырған объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшеліктерді, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеу және алынған білімді практикада пайдалануға байланысты қызметтің түрі.
Іргелі ғылыми зерттеулер – табиғат, қоғам адам дамуының және олардың өзара байланысының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған теориялық және тәжірибелік қызмет.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет.
Болжам — құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады. Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру. Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
Ғылыми абстрактілеу — заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру. Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.
Ғылыми педогогикалық хабар — пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.