3. Құқықтану мамандығы бойынша ДББЖ маңыздылығын сипаттаңыз.
Деректер базасын басқару жүйесі – бұл қолданушыларға деректер базасын анықтауға, құруға және сүйеуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге оған қадағаланытын рұқсатты беретін бағдарламалық қамтама. ДББЖ қолданушының қолданбалы бағдарламалары және деректер базасымен өзара әрекеттесіп, келесі мүмкіндіктерге ие:
Деректер базасын анықтау, әдетте деректер базасын анықтау тілі (DDL — Data Definition Language) арқылы іске асырылады. DDL тілі қолданушыларға деректер типін және олардың құрылымын көрсету құралдарын, сонымен бірге деректер базасында сақталатын ақпараттар үшін шектеулер қою құралдарын ұсынады.
Деректер базасына ақпарат қою, жаңарту, жою және басқа да амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Әдетте бұл амалдар деректерді басқару тілі (DML — Data Manipulation Language) арқылы орындалады. Барлық деректер және олардың сипаттары үшін ортақтандырылған қойманың болуы DML тілін сұраныстарды ұйымдастырудың жалпы қүралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Деректер базасына қадағаланатын рұқсатты келесі құралдар арқылы пайдалануға береді:
-бекітілмегін қолданушыларға деректер базасына рұқсат бермейтін қауіпсіздікті қадағалау жүйелері;
-сақталатын деректердің өз-өзіне қайшы келмейтін күй-жағдайын қамтамасыз ететін бүтіндікті сақтау жүйелері;
-деректер базасына ортақ рұсат беру үрдісін қадағалайтын қосымшалардың параллель жұмысын басқару жүйелері;
-аппараттық не бағдарламалық қамтаманың жұмыстан шығу нәтижесінде бұзылған деректер базасын алдыңғы қайшы келмеу жағдайына дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қалпына келтіру жүйелері;
-деректер базасында сақталатын ақпараттардың сипаттамалары енгізілген қолданушылар үшін каталог.
Билет № 11 1. Құқықтану мамандығы бойынша МҚБЖ маңыздылығын сипаттаңыз
МҚБЖ (Мәліметтер қорын басқару жүйесі) – мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік, бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталынатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады
2. MS SQL және MySQL практикасына талдау жасаңыз.
3. Деректер базазында құжаттармен жұмыс процессін сипаттаңыз. (Мақсаты мен міндеті)