Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиеті,тіл дамыту, айналамен танысу, жапсыру. Сөздік жұмыс



Дата02.01.2022
өлшемі0.75 Mb.
#19762
түріСабақ


Мақсаты: 1. Қазақ ертегісі бойынша өткізілген сабақта балалардың жыл мезгілі, ай-апта күндері туралы түсінігін нақтылау, ертегі мазмұны бойынша ұлттық салт-дәстүрді үйрету, сөздік қорын байыту, тілдік-дыбыстық мәдениетін жетілдіру, қарама - қарсы (антоним) сөздерді пайдалана білуге үйрету.

2. Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту, ой-қиялын, шығармашылық қабілетін шыңдау, әр кейіпкерлердің өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге үйрену.

3. Балаларды достыққа, адал болуға, мейдлылікке, қайырымдылыққа, жанашырлыққа баулып, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан – үйреніп, жаманнан – жиренуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиеті,тіл дамыту, айналамен танысу, жапсыру.

Сөздік жұмыс: Көрсету,түсіндіру, әңгімелеу.

Тәрбиеші:Балалар бүгін ерекше күн! Бүгін бізге қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шашу шашылсын,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басығой.

Ал,қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Қане, балалар күнделікті шаттық шеңберімізге тұрайық.



Шаттық шеңбері

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға.

Шапалақта шапалақ,

Бишілерше бұралып.

Домбыраны шертейік,

Жақсы көңіл күйімен,

Сабақты біз - бастайық !



Бейне таспа: Алдар көсе келе жатыр.

Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы, бізге біреу келе жатқан сияқты. Қане кім болды екен.

Балалар: Алдар көсе.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, Балалар! Қанеки балалар онда Алдар көсе атамызды қонаққа шақырайық, қалай қарайсындар?

Балалар: Ия, шақырайық.

Тәрбиеші: Олай болса қонақ күту ережесін білесіндер ме? Қонақты қалай күтеміз?

Балалар: Амандасамыз төрге шығарамыз, тамақ береміз.

Үн таспа ойнайды, Алдар көсе стол басына келіп отырады.



Алдар көсе: Ал, балалар, қонаққа шақырған екенсіндер, балабақшаларын өте әдемі екен, сендер балабақша туралы тақпақ, жұмбақ білесіндер ме?

Ақерке: Балабақша есігін,

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйеміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз сол үйдің гүліміз,

Біз сол үйдің сәніміз.


Елиза: Мамаңа еріп келдін сен,

Папаңа ерңіп келдің сен.

Қаладағы ең жақсы үй,

Бала бақша мен білсем.

Себебі мен себебі,

Себебі мен себебі,

Барлық мама келеді,

Барлық папа келеді,


Кәдірхан: Үлкен көрсе иіліп,

Кішіні көрсе иіліп.

Жақсы бала ісіне,

Ұстаздары сүйсінген.

Сабақты ылғи жаттаған,

Үстін кірден сақтаған.

Жақсы бала белгісі,

Ата үмітін ақтаған.



Толғанай:

Ана тілді ағатын,

Бос өткізбей сағатын.

Жақсы бала үйдегі,

Шамшырақ қой жанатын.
Сухарап: Қазақстаным – атамекенім,

Алыс кетсем,аңсап жетемін.

Елімді сендей мақтан тұтамын,

Ауаңды жұпар аңсап жұтамын.

Өзіңсін менің айтар ұраным,

Тәуелсіз бейбіт Қазақстаным!


Тәрбиші: Ал, енді балалар, жұмбақтар шешейік.
Әсел; Ертемен күнде сен,

Қолыңа сүйкейсің.

Кетіп кір, ласың,

Тап-таза баласын.

Бұл не? (Сабын)
Арман:

Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ сөзі жоқ.

Бірақта тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

Бұл не? (тарақ)



Алдар көсе: Балалар, жарайсындар! Көп нәрселер біледі екенсіндер.

Ой, бұл не болды екен? Ой апырай ә?


Тәрбиші:Балалар қалай ойлайсындар, бұл не екен?

Балалар: Бұл қапшық.

Тәрбиші: Ия, бұл қапшық екен. Бұл қапшықтың ішінде не болды екен?

(Теңге сылдырлайды)

Балалар: Теңге

Тәрбиші: Ия теңге екен. Олай болса, балалар біз сендермен «Теңге алу» ойынын ойнап жіберейік. Балалар бері қараңдар, мен сендерге ойынның шартын таныстырайын. Түсі,пішіні.

Балалар қапшықтың ішінде тағы затттар бар сияқты, қане көрейік, не болды екен?

Түрлі-түсті қағаздарекен, мақта жіне қарлығаштың суреттері екен.

А, балалар, біз қарлығаш тобы болғандықтан , бізге қарлығаштың суретін жіберіпті. Олай болса, балалар біз Алдар көсе атамызға қонақ кәде жасап жіберейік.

Балалар, қонақ кәде дегеніміз не екенін білесіңдер ме?

Балалар: Сыйлық

Тәрбиші: Өте жақсы. Жарайсындар, дұрыс айттындар!

(Музыка ойнап тұрады, балалар жұмыстарын жасайды.)



Үн таспа: алдар көсе өз сыйлығын алып,

Алдар көсе: Балалар сендарге үлкен рахмет, меніңде сендерге сыйлыгым бар, қабыл алыңдар. Кездескенше, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиші: Мінеки, балалар, Алдар көсе өзінің сыйлығын тастап кетті. Оны алу үшін, біз не істегенімізді еске түсірейік. Қандай ойын ойнадық?

Балалар: Теңге алу, сыйлық жасадық.

Тәрбиші: Жарайсындар, балалар! Бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстындар. Ал енді сыйлығымызды алып, тобымызға барып, сыйлығымызды ашып көрейік.

Олай болса, балалар, қонақтарымызға сау болыңыздар дейік.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді