Пән: Сақтандыру СӨЖ №4 Орындаған



Дата21.02.2021
өлшемі24.36 Kb.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Экономика және құқық факультеті

Мемлекеттік басқару,қаржы және маркетинг кафедрасы



Пән: Сақтандыру

СӨЖ №4



Орындаған: Қайырбек Зарина 3ФК k_zar1n@mail.ru

Қабылдаған: Аймагамбетова Жулдыз Кожаевна

2020-2021 оқу жылы



Бекіту сұрақтары:

  1. Брутто- сыйлық?

  2. Тәуекел сыйлығы?

  3. Сақтандыру тарифтері ?

Брутто- сыйлық – сақтандырушының тарифтік қойылымы. Алдын алу шараларын жүргізу, жарнама және насихат, сақтандарудың зиянды түрлерінің шығындарын жабу және басқалармен байланысты жеткілікті жарна мен шығындарды жабу үстемдерінен құралған. Брутто- қойылымға кіретін әрбір үстемелік элемент, тарифтік қойылымныңставканың өсуіне әкеледі.

Нетто- сыйлық – сақтандырудың берілген түріне белгілі уақыт аралығында сақтандыру төлемдерін жабуға қажетті сақтандыру жарнасының бөлігі. Нетто-сыйлық көлемі тәуекел дамуына тура тәуелді. Нетто-сыйлық тәуекел сыйлығына тең болады, егер тәуекел дамуының жалпы жоспарлығы орын алса. Бірақ сақтандыру жарнасы берілген төлемдердің орташа мөлшері болғандықтан, оның оң және теріс ауытқулары болуы мүмкін. Кепілдік үстемесі мүмкін ауытқулардың орнын толытыруы тәуекел сыйлығына жасалады.

Тәуекел сыйлығы – тәуекелді жабуға арналған ақшалай түрде сақтандыру жарнасының бір бөлігін білдіретін таза нетто- сыйлық. Тәуекел сыйлығының көлемі сақтандыру оқиғасының ықтималдық дәрежесіне тәуелді. Тәуекел жарнасының тәуекелдің уақыт және кеңістікте болуы ықтималдығының туындысы ретінде қарастыруға болады.

Жинақтау сыйлығы өмірді сақтандыру шарттарында болады. Ол сақтандыру мерзімі аяқталғанда сақтандырушының төлемдерін жабуға арналған. Жинақтау сыйлығының көлемі сақтандыру шартының жұмыс атқару мерзімінде өзгеруі мүмкін. Тәуекел сыйлығы мен жинақтау сыйлығын үйлестіру және сақтандыру жағдайларын нетто-сыйлық сақтандыру шартының жұмысын атқару мерзімінде өзгермейтіндей құру қажет. Нетто-сыйлығының белгіленген көлемі уақыт өткен сайын тәуекелдің өсуіне байланасты тәуекел сыйлығы көбейеді, ал жинақтау сыйлығы азаяды. Мұндай жағдайда нетто- сыйлық құрылғыларының жалпы тепе-теңдігін қолдайды.



Сақтандыру тарифтері - сақтандыру жарналарының (төлемдерінің) мөлшерлемесі, сақтандыру қызметінің көрсетілгені үшін осы мөлшерлеме бойынша ақы алынады. Сақтандыру тарифтері сақтандыру өнімінің бағасы ретінде қолданылады және шарттың сақтандыру сомасының немесе сақтандырылатын объекті құнының үлесі (%-ы) түрінде белгіленеді. Сақтандыру тарифтері құрамы бойынша сыныпталады және құрылымы, айқындау тәсілдері мен қолданылу шарттары бойынша міндетті және ерікті түрлерге ажыратылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшері немесе құрылымы міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес белгіленеді, ал ерікті түрлері бойынша сақтандырушы дербес есептейді. Сақтандыру жарнасы үш тұрғыдан қарастырылады: экономикалық, заңнамалық және математикалық. Сақтандыру жарнасының экономикалық мәні жағымсыз оқиғалардың зиянды әсерінен өз мүдделерін сақтау мақсатында сақтанушымен бөлінетін ұлттық табыстың бөлігі ретінде көрінеді. Заңнамалық тұрғыдан сақтандыру жарнасы сақтандыру жауапкершілігінің ақшалай көрінісі деп анықталған, сақтандыру шартын жасасушылармен расталады. Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі. 

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде