Пəн: Психология Дайындаған: Түлегенова Диана,Құрманғалиев



Pdf көрінісі
Дата20.09.2021
өлшемі65.72 Kb.


Қиял

Пəн:Психология

Дайындаған:Түлегенова Диана,Құрманғалиев 

Дастан



Жоспар

1.Қиял туралы түсінік

2.Қиялдың физиологиялық негiздерi.

3.Қиял түрлері

4.Шығармашылық қиял əдістері

5.Қиял жəне жеке адам




Қиял туралы түсінік

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана

қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тiкелей қабылданбаған, мысалы, тарих

тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көрiп, бiлмеген, тiптi болуы

мүмкiн емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуi мүмкiн. Бейнелер арқасында адам

уақыт пен кеңiстiк аясындағы нақты болмыстан шығып, шексiздiк əлемiне есiк ашады. 

Адам тəжiрибесiн түрлендiрушi жəне өзгерiске келтiрушi тосын бейнелер қиялдың негiзгi 

сипатын құрайды.

Əдетте, күнделiктi өмiрдегi қиял не фантазия мəнi ғылымдағы осы сөздермен

берiлетiн ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста бiз шындыққа сай келмейтiн, практикалық

маңыз-мағынаға ие болмағанның бəрiн қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, 

шынында, қиял əрқандай шығармашылық iс-əрекеттiң негiзi ретiнде көркем-өнер, ғылыми

жəне техникалық ой туындыларына арқау болумен мəдени өмiрдiң барша салаларында

көрiнедi. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенiнен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мəдениет

əлемiнiң бəрi дерлiк қиял мен осы қиялға негiзделген шығар-машылықтың жемiсi.

"Əрқандай бейне, мейлi iрi, мейлi кiшi болсын, нақты қалыпқа келiп, орнықты

шындыққа айналудың алдын ойда түзiлген жаңа байланыстар мен қатынастар негiзiнде

жасалған қиял түрiнде iске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрiнiс бермесiн, 

(жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздiк ерекшелiгiн жоймайды əрi тек өзiне тəн ерекше

мазмұнға ие. Қиял бейнелерiнiң естегi суреттемелерден негiзгi айырмашы-лығы - олардың

нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелерi-өткен тəжiрибенiң

қайта жаңғыруы, сондықтан да естiң негiзгi қызметi өткен тəжiрибе нəтижелерiн

мүмкiндiгiнше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесiнде қай бейне болмасын, 

өзгерiске түседi, осынысымен де қиял əрқандай шығармашылық ұмтылыстың мiндеттi 

шартын құрайды.



Қиялдың физиологиялық негiздерi

Барша психикалық процесстер секiлдi қиял да үлкен ми сыңарлары қабығының

өнiмi. Қиял бейнелерi оң жəне сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда 

болады. 


Оң ми сыңары дүние көрiнiстерiн қарапайым түрге келтiрiп, олардың 

бiртұтастығы мен

үйлесiмдiлiгiнен, композициялық бiрлестiгi-нен хабар бередi, осыдан адамда 

əрқилы


бейнелер негiзiнде эстетикалық сезiмдер өрiстейдi. Ал сол тараптағы ми сыңары 

келiп


түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметiн атқарады, осыдан 

бейне


мен ой ажырамас бiрлiкте екенiн байқаймыз. "Ақылдан ажыратылған фантазия 

құбыжық


тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар бұлағы" (Ф. 

Гойя).


Қиялдың физиологиялық негiзi - жүйке байланыс-тарының iске қосылуы, 

бұзылуы, 

қайта түзiлуi мен жаңа жүйелерге бiрiгуi. Осының арқасында бұрынғы 

тəжiрибеден өзгеше, 

бiрақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келiп шығады. Қиялдың сонша 

күрделi 


болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиялдың 

көңiлкүймен

байланыстылығы қиял жасаушы тетiктердiң тек ми қабығында ғана емес, мидың

терең, тар бөлiктерiнде жайғасатынын пайымдатады.




Қиял түрлері

1.Енжар


а.Ниеттелген

б.Ниетсіз

2.Белсенді

а.Жасампаз

б.Шығармашыл



Шығармашылық қиял əдістері

Көп уақыттар ғылымда шығармашылық процестi заңдастырып, оны үйретiп

болмайды деген тұжырым сақта-лып келдi. Осыны қуаттаушы француз 

психологы Г. Рибо

кезiнде: "Мың сан пiкiр айтылып жүрген ойлап табу əдiстерiңiз" бос əңгiме, ал 

бола қалған

күнде жаңалық табушыларды қарапайым механиктер мен сағат жөндушiлер

дайындағандай, топтап, қолдан жасап алар едiк" - деп кесiп айтқан. Алайда, 

мұндай

көзқарас уақыт өте шайқала бастады. Шығармашылық iс кездейсоқ 



жаңалықтар ашудан

саналы ойлап табу жолына түстi, жаңа мiндеттердi шешу жоспарлы қалыпқа 

келдi. 

Ағылшын ғалымы Г. Уоллес шығармашыл еңбектiң 4 кезеңiн бөлiп, ұсынады:

1. Дайындық - идеяның пайда болуы;

2. Ой жетiлуi - қойылған проблемаға орай бiлiмдердiң жинақталуы, жетiспеген

деректердi iздеу, топтау;

3. Аян болу - дiттелген нəтиженi сезiммен қауып түсу;

4. Тексеру.



Қиял жəне жеке адам

Қиял өзiнiң дараланған күйiнде əр жеке адамның өте мəндi, ерекше қасиеттерiн

айқындайды. Қиял əрбiр жеке тұлғада бiрнеше белгiлерiмен дараланады. Фантазия

бейнелерi жаңалығы, қайталанбастығы жəне дəлдiгiмен бөлектенедi.

Шығармашылық қиялдың көрiнiсi осы процестiң тұрақтылығына да тəуелдi. 

Шығармашылық - ауытқуы мол, үздiксiз əрекет. Оның шарықтауы, тоқырауы жəне

құлдырауы алмасып отырады. Шығармашылықтың ең жоғары деңгейi - шабыт.

Шабыттың сипаты - көңiл күйi шарықтауы, ой жарқындығы мен дəлдiгi, қарқындылығы мен

жеке күйзелiс кемдiгi. П. И. Чайковский өзiнiң шығармашылық кейпi жөнiнде төмендегiнi 

жазады: "Кейбiрде ойда жоқ дербес жаңа күй əуенi аян болады. Оның қайдан 



келетiнiашылмас

сыр



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік