Пән: «Жұқпалы аурулар» №6 Клиникадағы тәжірибе сабағының барысы Тақырыбы


Медициналық қызметкерлерге арналған ұсыныстар



бет4/8
Дата30.12.2022
өлшемі273.21 Kb.
#404928
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Клиникалық тәжірибе №6

    Бұл бет үшін навигация:
  • Емдеу
Медициналық қызметкерлерге арналған ұсыныстар
ДДСҰ медицина қызметкерлеріне бетперделерді науқасқа күтім жасау кезінде, ал респираторларды ауада сұйықтықтардың шашырауы мүмкін емшараларды орындау кезінде пайдалануды ұсынады. ДДСҰ медициналық маскалар медицина қызметкерлері үшін сақталуға тиіс екенін атап өтті. Халық арасында олар қауіпсіздіктің жалған сезімін тудыруы және басқа да алдын алу шараларын елемеуге әкелуі мүмкін, ал медициналық қызметкерлер үшін маскалар қажетті болып табылады. Ауруханаішілік инфекцияның, оның ішінде медицина қызметкерлерінің арасында таралуын болдырмау үшін медициналық қызметкерлердің сақтық шараларыды сақтауы маңызды болып табылады. ДДСҰ ұсынымдарындағы негізгі принциптерге кіреді:
• қол гигиенасы мен респираторлық гигиенаны сақтау; • пациенттердің бетперделерді, медицина қызметкерлерінің — жеке қорғану құралдарын алып жүруін, тазалық пен қалдықтарды бақылауды қоса алғанда, стандартты сақтық шараларын ұстану; • қосымша сақтық шаралары, соның ішінде бөлмелерді тиісті желдету, медициналық маскаларды, қолғаптарды және көзді қорғауға арналған құрылғыларды кию, пациенттердің байланыстарын шектеу, мүмкіндігінше оларды теріс қысымдағы палаталарға орналастыру; • ауадағы контаминирленген сұйықтықтардың тозаңдануы мүмкін рәсімдерді орындау кезінде сақтық шараларын сақтау;
Емдеу
SARS-CoV - 2 вирусына қарсы қандай да бір спецификалық вирусқа қарсы терапия жоқ. Вирустарға қарсы антибиотиктер пайдасыз және емдеуде қолданылмайды. Бірақ олар бактериялық екінші инфекция анықталған жағдайда тағайындалуы мүмкін. Негізінен емделушілер симптоматикалық және демеуші ем алады. Ауыр жағдайларда емдеу ағзалардың өмірлік маңызды функцияларын қолдауға бағытталған. Егер қандай да бір себептермен стационарда емдеу мүмкін болмаса, өкпеде қауіпті белгілерінсіз және созылмалы аурулар болмаған жағдайда, науқасқа үй жағдайында күтім жасауға болады. Алайда ентігу, қан қатуы, қақырықтың жоғарылауы, гастроэнтерит белгілері немесе психикалық жағдайының өзгеруі кезінде ауруханаға жатқызу көрсетілген. Бұл ретте ДДСҰ мен Қытайдың клиникалық ұсыныстары бір-бірінен ерекшеленеді. Қытай ұсынымдарында, ДДСҰ ұсынымдарына қарағанда, кортикостероидтарды қолдану, антибиотиктер және вирусқа қарсы дәрілер сияқты даулы емдеу әдістері енгізілген. ДДСҰ, сондай-ақ, темекі шегу, халық емдеу шараларын қолдану, соның ішінде шөп негізінде және антибиотиктерді қоса алғанда, өзін-өзі емдеу инфекциямен күресуге көмектеспейді, керісінше, денсаулыққа тек зиян келтіруі мүмкін деп ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет