Пән: Делопроизводство на казахском языке Тақырыбы

Loading...


бет1/2
Дата21.09.2021
өлшемі18.94 Kb.
  1   2

Пән: Делопроизводство на казахском языке

Тақырыбы: Құжат және оның қызметі, құжаттау тәсілдері. Құжаттама жүйесінің қалыптасуы.

Мақсаты: Құжат толтыруға дайындық және құжатты дұрыс толтыру.


  1. Берілген оқу материалын мұқият оқыңыз


Құжат және оның қызметі, құжаттау тәсілдері. Құжаттама жүйесінің қалыптасуы.
Құжат сөзі «ооси епіи» деген сөзінен шыққан ( дәлел, куә) деген мағынаны береді.

Кейінірек бұл сөздің 2 жаңа мағынасы туды: 1) тар көлемді, күнделікті – төл құжат, жекелік күәлігі; 2) ұлғаймалы, тасмалды бір нәрсеге куә болатын, дәлел болатын: шығарма өнері, сызу, сурет, магнитті баспа т.б. Қызмет сөзінің өзі құжат немесе құжаттың бір түрі екенін көрсетіп тұр. «Қызмет құжаты» түсінігі мыналарды қамтиды:

1.Деректі және басқаратын құжаттар (нұсқаулар, заңдар, шешімдер, бұйрықтар).

2.Әкімшілікті ұйымдастыру құжаттары (жоспар, ереже, акт, хаттама, есеп беру).

Еңбеккердің жеке құрамы туралы құжат (арыз, өмірбаян т.б.)

Финанстық құжаттар.

Есепке алу құжаттары (мемлекетаралық іс-қағаздар).

Құжат мазмұны. Құжат мазмұны – оның жауапты бөлігі болып табылады. Құжат мазмұны заңдық қатынаста мінсіз, объективті болуы керек. Ол құжат ретінде құбылыс, оқиға, фактілерді анықтауға қызмет етеді. Дәлсіздік, ңін айналдыру, түсініспеудің құжат сапасын төмендетіп, оның заң жүзінде күшін әлсіретеді.

Құжат қысқа әрі нақты жазылып, кейбір «шындығында жұмыс істейді», «білдіретін» және тағы басқа артық сөздер экспрессивті – эмоциональді сөздер мен эпитет, метафора, гипербола қолданылмайды.

Құжат маөмұны мүмкіндігінше қысқа болуы қажет. Көп сөзділік құжатты тым сенімді ете алмайды. Құжат қысқалығы оқуға да, түсінуге де жеңіл. Бірақ қысқалықты жиі қолдануға, оны өзіндік мақсатқа айналдыруға болмайды. Құжатта айтылғандар дәлелдеуді, толық талдауды талап етеді.

Құжатта айтылғандар сұрақтарда ешқандай күдік, түсінісу пікірлері болмай, бәрі айқын баяндалуға тиіс. Мәселен, егер бір азаматқа жұмыс орнынан анықтама берілетін болса, онда қайда және қандай мақсатпен берілетіні туралы көрсетілуі керек. Егер қандай да бір бөлімнің қызметкеріне алғыс жариялау туралы бұйрық шықса, онда соған байланысты қандай жағдайда мадақтауға ие болған еңбегі көрсетілуі тиіс.

Мазмұнның түсініктілігі – құжаттағы барлық ойдың әдеби тілмен тұжырымды баяндалғанын дәлелдейді, әрбір адамның оңай түсінетіндігін білдіреді. Ұзақ көп цифрын, есімше, көсемше тіркестерінен аулақ болған жөн. Сөйлемдегі сөздерді грамматика ережелеріне сәйкес орын – орнына қоя білу керек.

«Құжат» – латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағана береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынысы бар: 1) қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын құжат (төлқұжат); 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар). Іс жүзгізу құжаттары хабар-мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады. Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т.б. қолданылады. құжаттарда мелекеттік құрлым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және тұлғалар арсындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Материалданған (құжат түріндегі) заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бір фактінің негізгі дәлелі ретінде қызмет етеді.

Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени – тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс.

Құжат толтырудың біртұтас ережесін Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің архивтері мен құжаттарды басқару комитеті белгілейді. Мұндай соңғы ереже 1992 жылы 30 маусымда ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық – құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері» деп аталатын № 562 қаулысы болып табылады. «Ережелерде» құжаттарды толтырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалған. Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді.

Толытыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

Шығу түріне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінді.

Жариялықтың дәреджесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Жасалу қатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей отпуск – шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка – құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат, құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.

Сақталу мерзіміне қарай құжаттардың мынадай түрлері болады: 10 жылдан жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын.

Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы, оларды толтырудың біркелкілігі нақты жұмысқа көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл – құжаттарға мүлде көңіл бөлмеу керек деген сөз емес. Фирманы басқарудағы жазба құжаттардың үйлесімді жүйесі бірте-бірте қалыптасады және ол тұрақты түрдегі заңдылықты жолға қояды.

Қоғам дамуына байланысты тілдің тек грамматикалық құрлысы жетіліп, тарының ерекшеліктерін де атап өттік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...