Пән атауы: Менеджмент Оқу тобы: УиА-20-1 Орындаған


)Негізгі жобаларды іске асыру үшін стратегиялық серіктестерді тарту



бет3/4
Дата09.06.2022
өлшемі141.81 Kb.
#267319
1   2   3   4
Байланысты:
Компания

2)Негізгі жобаларды іске асыру үшін стратегиялық серіктестерді тарту.
Негізгі жобаларды іске асыру үшін стратегиялық серіктестерді тарту мақсатын жүзеге асыру шеңберінде Компания келесі стратегиялық бастамаларды жоспарлап отыр:
• Активтердің операциялық тиімділігін арттыру.
• Инвестициялық қызметті жетілдіру.
• Сандық бағдарлама.
• Теңдік және өзара тиімділік негізінде инвесторлар үшін икемді жағдайлар жасау.
• корпоративтік басқару деңгейін көтеру.
• адам капиталын дамыту.
• Тұрақты даму бастамалары.
Компанияның жекеменшік капиталы 2020 жылғы жағдай бойынша 696 млрд теңгені
құрайды. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның активтері 723,7 млрд теңгені құрады, таза пайда жылдың қорытындысы бойынша 72,1 млрд теңгеге жетті.
«Taỳ-Ken Samuryq» AQ тарихы
2009

  • Қоғамның мемлекеттік акциялар (63 650 дана жай акция) пакетін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ меншігіне беру жөніндегі процедура жүзеге асырылды. Қоғам Қордан жалпы сомасы 1 936 960 000 теңгеге (жарғылық капитал) сатып алынған 250 981 дана жай акция шығарылымын жүзеге асырды.

  • Мемлекет пен жалғыз акционер алдыға қойған міндеттерге сәйкес, компанияны дамытудың ұзақ мерзімдік стратегиясы әзірленді және қабылданды.

  • Бірінші еншілес компания – «Тау-Кен Алтын» ЖШС құру тұжырымдамасы әзірленді және мақұлданды.

2010

  • Әлеуетті әріптестерді тарту, жобаларды қаржыландыратын көздерді іздеу мақсатында, Компания әртүрлі компаниялармен ынтымақтастық туралы 14 меморандумға қол қойды.

  • Алтынның аффинаж өндірісін құру және геологиялық барлау жөніндегі операторды құру сияқты, бірқатар инвестициялық жобалар әзірленді.

  • Әлемдік тау-кен секторының әлеуетті әріптестерімен байланыс жолға қойылды.

2011

  • «Тау-Кен Самұрық» АҚ – «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеу, инвестициялық шешімдерді пысықтау, жобаларға мақұлдауды алу мәселелерін қоса алғанда, кейін іске асырылатын жер қойнауын пайдалану жобаларын әзіреу жүргізілді.

  • Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл ішінде аффинаж өндірісін құру жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылды.

  • Ілеспе метал ретінде күміс кездесетін, қорғасын концентратын өндіру үшін, 2011 жылғы 20 қазанда «Алайғыр» ЖШС кәсіпорны құрылды.

2012

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың индустриалдық жобалардың тұсауын кесу жөніндегі телекөпір аясында, «Астана – Жаңа қала» АЭА индустриалдық паркі аумағында 2012 жылғы 3 маусымда өткізілген, аффинаж зауыты құрылысының басталғанын айғақтаған, капсула салу мен алғашқы қазығын қағу жөніндегі ресми іс-шаралар Қоғам өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.

  • 2012 жылы Қоғам мен ҚР ИЖТМ арасында 4 объект бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттары жасалды.

  • Қоғамның жарғылық капиталы 7 862 266 000 теңге құрады.

2013

  • Компанияның 2013-2022 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясы әзірленді және бекітілді, ол бойынша миссия, болжамдар, мақсаттар мен міндеттер өзектендірілді.

  • 2013 жылғы 28 тамызда «Тау-Кен Самұрық» АҚ жарғылық капиталына «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі 29,82 % қатысу үлесі «Қазцинк» ЖШС жарғылық капиталына берілді.

  • Құзыретті органмен 4 жаңа объект бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттары жасалды.

  • По итогам 2013 года компания вышла на положительные финансовые показатели – чистый доход составил 1670 млн. тенге.

  • «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі рейтингі бойынша 2013 жылдың қорытындысында «Тау-Кен Самұрық» АҚ ҚР ұлттық компаниялары арасында үшінші орынды жеңіп алды.

2014

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк атына алтын құймалардың алғашқы партиясын жөнелту жүзеге асырылды.

  • «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша, «Тау–Кен Самұрық» ұлттық тау–кен компаниясы» АҚ, 2014 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша барынша тиімді ұлттық компаниялар тізімінде төртінші орынға тұрақтады.

  • Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың жалпы саны 9 жобаға жетті.

  • Жарғылық капитал 2014 жылғы 14 сәуірде 182 429 662 484 теңге құрады.

  • 2014 жылғы 11 шілдеде «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ 100% акциясы «Тау-Кен Самұрық» АҚ жарғылық капиталына берілді.

  • 2014 жылғы шілдеде «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Масальский ТБК» ЖШС 93% қатысу үлесін сатып алу жөніндегі мәмілені жапты және мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

2015

  • Жыл ішінде Қоғам өзінің дамуына белсенді инвестиция жұмсады, геологиялық барлау, жобалау, құрылыс жұмыстарын жүргізді, өндірістік қызметін жүзеге асырды. Жобаларды іске асыруға бағыт- талған игерілген инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 9 млрд. теңгені құрады.

  • Бір жаңа активті сатып алу шартына қол қойылды –«Солтүстік Қатпар» ЖШС.

  • Аффинаж және кремний зауыттарындағы қызмет жалғастырылды. Жылдың қорытындылары бойынша 10,1 тонна алтын, 11,25 мың тонна техникалық кремний, сондай-ақ 2,2 тонна күміс өндірілді.

  • Шалқия және Алайғыр жобалары бойынша дайындық және тау-кен-капиталды қжұмыстар жалғастырылды. «Масал» жобасы бойынша Тау-кен байыту кешені мен металлургиялық комбинат құрылысының алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

  • Кремний зауытында екінші рудотерми- ялық пешті қолданысқа енгізу және Астана қаласындағы аффинаж зауытында күмістің вакуумдық дистилляциясы технологиясын іске қосу барынша маңызды шаралар болды.

  • Қарағанды облысындағы Оңтүстік Мойынты алаңында алтынды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығы алынды.

  • 31.12.2015 ж. жағдай бойынша Қоғамның жарғылық капиталы 243 901 772,00 мың теңгені құрады.

2016

  • «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ компаниялары тобы үшін 2016 жылдың маңызды оқиғасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен Алматы облысындағы Тұйық кен орны барит-полиметал рудасы мен күмісін игеруге арналған және Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты кен орны вольфрам-молибден рудалы жер қойнауын бірлесіп барлау мен игеруге арналған екі келісімшарттың жасалуы болды.

  • Өндірістік қызмет аясында, жыл қорытындысы бойынша, тазартылған алтын (12 т) және металлургиялық кремний (19,5 т) өндіру бойынша алға қойылған мақсаттар орындалды.

  • 2016 жылғы желтоқсанда Қоғам «Қазақстаннның инвестициялық қоры» АҚ-тан үлесті «Silicon mining» ЖШС-қа сатып алды.

  • Қажықонған кен орны бойынша орташа мөлшері 1,8% болатын 98,5 мың тонна мыс ҚР Мемлекеттік баланс запасына енгізілді.

  • Жыл ішінде Металлургиялық тау-кен ісі ғылыми-зерттеу институтымен (CRIMM, г. Чанша) ынтымақтаса отырып, CNTIC (ҚХР) домендік балқыту концентратын алу бойынша Масальский рудасын байыту процесін технологиялық зерттеу жүзеге асырылды.

  • 2016 жылдың 31 желтоқсанында Компанияның жарғылық капиталы 252 874 907 мың теңге, өзіндік капиталы – 550 096 363 мың теңге құрады.

2017

  • Жылдың басты оқиғаларының бірі «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Даму стратегиясының жаңартылуы болды. Компания миссияысын және болжамдарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін елеулі түрде қайта қарады. Бекітілген Даму стратегиясына сәйкес Компания «Саланың катализатор» моделін таңдады және мынадай бизнес-моделді енгізді – стратегиялық инвесторларды тарта отырып, кейіннен сатылатын объектілер салу, іске қосу және жаңа объектілер құрылысын одан әрі қайта инвестициялау.

  • «2017 жылғы аффинаж өндірісі нәтижесінде «Тау-Кен Алтын» ЖШС үздік көрсекіштерге қол жеткізді, таза алтын өндірудің жоспары көрсекіштерін артығымен орындады, өндіру 18 тоннаны құрады.

  • Жыл ішінде Масалы жобасы бойынша, CNTIC компаниясымен бірге жартылай өнеркәсіптік сынақтар өткізілді, оның қорытындысы бойынша технологиялық регаменттер әзірленді. «Масальский ТБК» ЖШС әзіленген ТЭН «Мемлекеттік сараптама» РМК оң қорындыны алды, оған мыналар кіреді: бас жоспар, қорғаныс аймағы, инфрақұрылымдық шешімдер, автомобиль және темір жолдарды сыртқы электрмен- және сумен жабдықтау, суды пайдалануға, геодезиялық жұмыстарға және топырақ сынақтарына келісім алу.

  • Биылғы жылғы 12 маусымда «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ 350 миллион АҚШ доллары мөлшерінде бірлестірілген несие алу бойынша ЕҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.

  • 2017 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық комитетінің шешімімен, Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын бірлесіп игеру жөніндегі инвестициялық меморандум қаралды және мақұлданды.

2018

  • 2018 жылғы 4 қыркүйекте Компанияның 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілген, онда жаңа миссия, көрініс және стратегиялық мақсаттар айқындалған.

  • 2018 жылы тексеріп бұрғылау Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар кен орынында вольфрам мен молибден қорын растады.

  • Әлеуетті стратегиялық әріптесті тарту бойынша жұмыстар шеңберінде 22 қарашада Пекин қаласында (ҚХР) Компания мен Xiamen TungstenCo., Ltd арасында мәмілелердің негізгі шарттары туралы келісім (Term Sheet) жасалды.

  • 2018 жылы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты дайын өнімдерді өндіру және өткізу бойынша бастапқы жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады. Тазартылған алтын өндірісінің көлемі есепті кезеңде 22,7 тоннаны, өсім 14%-ды құрады.

  • 2018 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Алтын өндіруші кәсіпорындардың қауымдастығын құру туралы ұсыныс жасады. Бірлестіктің негізгі міндеті – мемлекеттік органдармен және салалық қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасай отырып, көптеген кәсіпорындар тобын шоғырландыру жолымен отандық алтын-металл саласының проблемалы мәселелерін шешу.

  • 2018 жылдың қорытындылары бойынша Ұлттық тау-кен компаниясы ақпарат ашу деңгейі мен сапасы бойынша қазақстан нарығының көшбасшылары қатарына кірді. Ірі отандық компаниялардың «ашықтық рейтингісінің» нәтижелері «Тау-Кен Самұрық» корпоративтік басқару саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибелерді ұстанатынын растады.

  • 2018 жылы 15 қарашада «Тау-Кен Прогресс» ЖШС жарғылық капиталындағы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 100% қатысу үлесін қазақстандық компания пайдасына сатып алу-сату шартына қол қойылды.

  • 2018 жылы «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ кен орынында тау-кен байыту кешенінің шаруашылық-тұрмыстық науаларын тазарту ғимараттары пайдалануға енгізілді.

  • Компанияның еншілес ұйымдарында, атап айтқанда, «Алайғыр» БК» ЖШС, «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «Tau-KenTemir» ЖШС, «SiliconMining» ЖШС, «Солтүстік Қатпар» ЖШС байқау кеңестері құрылды.

  • «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Кадрлық саясаты бекітілді.

20192 мамырда активті сатып алу-сату шартына сәйкес «Тау-Кен Прогресс» ЖШС тапсыру аяқталды.31 мамырда «SARECO» ЖШС-де 100% қатысудың сатып алу-сату шартына қол қойылды.

  • 17 қыркүйекте Қарағанды облысы Спасск мыс кенді аймағында мысты, алтынды және ілеспе компоненттерді барлауға келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылды.

  • 19 қыркүйекте «Тау-Кен Алтын» ЖСШ Good Delivery сертификаты алынды.18 қарашада Fortescue компаниясымен геологиялық барлау жобаларын бірлесе іске асыру жөніндегі келісім жасалды.

2020

  • «Тау-Кен Самұрық» «Қазмырыш» ЖШС-да қатысу үлестерінің тікелей иелігіне өтті.

  • SH Minerals компаниясымен жұмыс жасау аясында лицензия алынды.

  • «Фортескью Қазақстан» ЖШС-мен операторлық келісімге қол қойылды. Барлауға 48 лицензия алынды.

  • Scandivanadium-мен мәміленің негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды. Барлауға 4 лицензия алынды.

  • Ақтөбе облысында ГБЖ жобаларын дербес іске асыру үшін лицензиялар алынды.

  • Даму стратегиясы өзектендірілді.

  • К/о бойынша сатып алу-сату шарты бойынша 100% төлем жүргізілді. Прогресс. Алайғыр к/о бойынша ЕРС келісімшарт жасалды.

  • Тау-Кен Алтын 33,5 тонна алтын өндірді.

  • Фабриканың, Кеніштің, Шалқия к/о жер үсті объектілерінің «П» сатысын жобалау аяқталды.

  • Шалқия және Алайғыр к/о JORC стандарттары бойынша қорларды/ресурстарды бағалау аяқталды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы