46.Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. «Әліппені» неше кезеңге бөліп оқыту қамтылған?
үш кезеңге бөліп оқытылады
«Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі, сондай-ақ «Әліппеден» кейінгі кезең
«Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі
екі кезеңге бөліп оқытылады
«Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі, сондай-ақ «Әліппеден» кейінгі кезең және «Қорытынды» кезең
47.Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. «Әліппе» оқулығы арқылы қандай кезеңдер іске асырылады?
«Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі
бастапқы екі кезеңі
«Қорытынды» кезең
«Әліппеден» кейінгі кезең
үш кезең толығымен оқытылады
48.Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. «Әліппе» жаңа оқу бағдарламасы А.Байтұрсынұлының ұстанымдары негізінде жасалды. Сол ұстанымдардың бірі:
дыбыспен жаттығу, себебі оқуға келген балалар сөйлеуді білгенімен, олар өз сөздерінің дыбыстан тұратынын білмейді
дыбысты білмей тұрып, сөздің ішіндегі дыбыстарды тізбей тұрып, оқу мен жазуға үйрету қиын
бірінші әріптерді үйретіп, содан соң дыбысқа көшу
бірінші жазу дағдыларын жетілдіріп, содан кейін ауызша сөйлеу дағдыларына басымдылық жасау
ойын әрекетіне баса назар аудару
49.Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. Жақтың қатысына қарай қандай дыбыстар айтылады?
ашық
қысаң
еріндік
езулік
ұяң
50.Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
жуан
жіңішке
еріндік
ашық
үнді
51.Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. Буын түрлері:
ашық
тұйық
бітеу
қысаң
еріндік
Достарыңызбен бөлісу: |