Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру Риза Маней, әдіскер Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, 2013 жыл


Мұнда ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтермен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр



бет2/12
Дата22.11.2022
өлшемі156.31 Kb.
#360882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Педагогтерді аттестаттауды
КТП 10-сынып ЖМБ қаз.т 545, Lab work 13 egov, КТП 2022-2023 барлық сынып, түсінік хат 5-11 cыныптар информатика 2022-2023, №8 Cybersecurity.
Мұнда ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтермен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр.
Білім беру ұйымында (мектеп, мектептен тыс мекеме, балабақша, т.б.) жылдық жұмыс жоспарындағы педагогтердің біліктілігін жетілдіру тармағы негізінде ағымдағы оқу жылының басында және келесі оқу жылының басында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу іс-шараларының жоспары жасалынады (5 жылдық перспективалық жоспардың негізінде). Жоспарлау – білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқарудың тиімді әдістемелерінің бірі [5, 10-б.]. Сондықтан педагогтің құзыреттілігінің үздіксіз артуы, аттестацияға сапалы дайындығы білім беру ұйымында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар мазмұны мен түрінің өнімділігіне тікелей байланысты.
Жұмыс жоспары бойынша педагогикалық ұжым нормативтік-құқықтық құжаттармен (айталық, Педагогтерді аттесттаттау ережесімен) толық танысқан болу керек (біріншіден, мектеп басшылығы бұл нормативтің мазмұнын жақсылап оқып, зерделеп, таныған болу). Егер нормативтің мазмұнын педагог толық білмесе, оның аттестацияға дайындығы сауатты болып табылмайды.
Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік бірлестіктің жетекшілері ұжымдағы әр педагогтің аттесттациядан өту мерзімін 5 жылға арналған перспективалық жоспар бойынша ашық және көрнекі түрде бақылап отыру міндет. Егер ақпарат ашық әрі көрнекі түрде болса, әр педагогтің бойында жоспарлы жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Әрі оқу жылының соңындағы педагогикалық кеңесте келесі оқу жылында аттестталатын педагогтердің, тегі, аты-жөні анықталып, нормативтік құжаттармен таныстырылады. Аттестаттау ережесінде, әсіресе, жас мамандар үшін түсінуге ауырлық танытатын педагогикалық терминдер бар, сондай термин сөздердің глоссарийін жасау басшылықтың міндетіне жатады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аттестатталатын педагогтердің аттестациядан өту кестесі жасалған болу керек.
Келесі кезекте педагог білім беру ұйымының басшысына немесе аттестаттау комиссиясы төрағасының атына санат алу немесе санатын көтеру бойынша өтініш жасайды.
Осы сәттен бастап білім беру мекемесінің аттестаттау комиссиясының ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогпен жұмысы (2-кезең) басталады. Оқу жылы басында аттестаттау комиссиясы мүшелері аттестаттау комиссиясының қызметімен, міндеттерімен танысады. Аттестаттау комиссиясы педагогтердің өтініштерін қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлердің мәліметтер базасын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылауды жүргізеді. Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттары үшін екінші кезең өткізіледі. Педагог қызметкерлерді тестілеудің оң нәтижесі екінші кезеңге жолдама алуға негіз болып табылады. Екінші кезең соңында аттестаттау комиссиясы Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарына беру немесе растау туралы шешімді шығарады. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы педагог қызметкерлерге екінші санатты бекітуді қарастырады және бекітеді. Педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын аудандық аттестаттау комиссиясына қарастыруға ұсынады. Аттестаттау комиссиясы жоқу жылы басында жұмыс жоспарын құрады және жүзеге асырады. Жұмыс жоспары аттестатталатын педагогтің өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, аналитикалық талдау жұмыстарымен қатар жүреді. Жұмыс желісі мынадай болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені