Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру Риза Маней, әдіскер Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, 2013 жыл



бет1/12
Дата22.11.2022
өлшемі156.31 Kb.
#360882
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Педагогтерді аттестаттауды
КТП 10-сынып ЖМБ қаз.т 545, Lab work 13 egov, КТП 2022-2023 барлық сынып, түсінік хат 5-11 cыныптар информатика 2022-2023

Педагогтерді аттестаттауды
ұйымдастыру жұмыстарын
тиімді үйлестіру

Риза Маней, әдіскер
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, 2013 жыл
Жинақта педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай мектепішілік аттестаттау шаралары, аттестаттау жұмысында қолданылған құжаттар үлгілері берілген. Жинақ мектепішілік аттестаттау комиссиясы мүшелеріне аттестатталушы мұғалімдерге арналған.
Аттестаттау материалдары құрастырылғаннан кейін практикада, іс-жүзінде апробациядан өткен, сондықтан мектепішілік аттестаттауда, мектепішілік басқаруда пайдалы болады деген сенімдеміз. Жинақтың практикалық маңыздылығы: аталған үлгі-кестені әр білім беру ұйымында қолдануға лайықты.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысындағы туындайтын проблема көп: білім беру ұйымдарында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру жұмыстарының тиімді үйлестірілмеуі, осы тақырып аясында мемлекеттік тілде басылған әдістемелік құралдың аздығы, аталған мәселенің әдістемелік тұрғыда зерттелмеуі.
Білім беруді жаңғырту стратегияларын жүзеге асыру педагог кадрлардың сапасына тікелей байланысты. Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталды. Ол маңызы жағынан, К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». Бұл жаңа жүйе – біз үшін 12 жылдық білім беруге көшу болып отыр.
Жаңа мектеп мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білу, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс. Ы. Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік шығармашылық дамуы жөнінде В.А. Афанасьев, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, А.А. Бейсенбаева, М.Ә. Құдайқұлов, А.К. Ахметов және т.б. ғалымдар педагогикалық кәсіби шеберлікті шыңдау жөнінде көптеген еңбектер жазған [7, 65-б., 18, 298-б., 27, 31-б., 33.]. Аталмыш ғалымдардың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік ұстанымы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділік деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П.П. Блонский, М. Жұмабаев, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацский, В.А. Сухомлинский қарастырған [20, 6-б., 27, 64-б., 122, 6-7-б.]. Қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде тыңғылықты мәселелерге тоқталады. Олар өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек дейді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді [77].
Ал, педагогтердің кәсіптік деңгейін көтерудің бірден-бір тәсілі педагог кадрлардың аттестациясы болып табылады.
Педагогтерді аттестаттау – педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің квалификациялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тұтас бір жүйесі. Аттестаттау білім беру ұйымдарында кезең кезеңдерімен өткізілетінін бәріміз білеміз. 1-кезеңінде мұғалім аттестацияаралығында жасаған педагогикалық әрекетіне, өз білімі мен біліктілігін арттыру бағытында жүргізген жұмысына ішкі сараптама жүргізіеді, бұл кезеңде педагог өзінің педагогикалық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасайды, іс-тәжірибесін жинақтайды, жинақтаған тәжірибесі мен педагогтерді аттестаттау ережесінің талаптарына сай келетін жетістіктерінің негізінде білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының төрағасының атына біліктілігін көтеру жөнінде (немесе растау) өтініш жазады, 2-кезеңі сыртқы сараптама деп аталады, мұнда білім беру ұйымындағы аттесттаттау комиссиясы педагогтің іс-әрекетіне талдау жасайды, 3-кезеңінде аттестаттау комиссиясы аттесттаттау ережесі негізінде педагогтің өтінген санатына сәйкестігіне баға беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені