Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін атқаратын лауазымы бойынша жұмыс өтілі не әдістемелік кабинетте (орталықтарда) жұмыс өтілі ескеріледі



бет24/34
Дата19.01.2023
өлшемі3.25 Mb.
#417126
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
Аттестатция жаңа ереже
КөктемКөктемде табиғат ана оянады, phpOZEoiW saba-zhospary-6, Критериалды бағалаудың артықшылығы неде, Критериалды бағалаудың артықшылығы неде, 6ә-сынып, масса және, масса және, 1, 1, 5 ктж әд, 1587976446, 10-synyp-gumanitarly-bayt-arnalan-saba-zhosparlary, 554301 Жолан Мадияр, І бөлім, картатека
Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін атқаратын лауазымы бойынша жұмыс өтілі не әдістемелік кабинетте (орталықтарда) жұмыс өтілі ескеріледі.
155. Кезекті аттестаттау кезінде басшының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) орынбасарлары, әдіскерлер келесі деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы не осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияға немесе ақпараттық жүйеде лауазымда болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін қолда бар біліктілік санатын растау туралы өтініш береді.
156. Комиссия осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағына тиісті балл қоя отырып, ақпараттық жүйеде аттестатталушының ұсынылған материалдарын немесе профилін зерделейді.
157. Ұсынылған бағалау парақтарының негізінде аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
158. Аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары қорытынды көрсеткіштер кезінде (осы Қағидаларға 23-қосымшада белгіленген өлшемшарттарға сәйкес ең жоғары қорытынды баллдар) білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарлары білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының кадр резервіне қабылданған сәттен бастап екі жылға қабылданады.
159. Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
160. «Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына немесе аттесталушы профиліне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту туралы негіздемемен жазбаша хабарлама жібереді.
161. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған кезде білім беру ұйымы басшысы орынбасарының, әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің бар біліктілік санаты қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
162. Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары қайта аттестаттаудан осы Қағидаларға сәйкес тиісті деңгейдегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жылдан кейін өтеді.
163. Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
164. Қайта аттестаттау кезінде Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылдаған жағдайда, бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
165. Аттестатталушы комиссияның шешімімен басшының профилінде танысады.
166. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан Комиссия хатшысы мен мүшелері қол қояды және басшы профилінде жарияланады.
167. «Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негіздемесі бар, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған жазбаша хабарламаны аттестатталушының электрондық поштасына немесе басшы профиліне жібереді.
168. Аттестатталушы Комиссия шешімімен танысады.
169. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталушылардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.
170. Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы жеке іс парағында немесе аттестатталушының бейінінде сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне енгізіледі.
171. Комиссия шешімі аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді.
Тиісті бұйрықтың негізінде осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау туралы куәлік беріледі.
172. Біліктілік бере отырып (растай отырып) аттестаттау туралы куәлік осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі және аттестатталушының профилінде жарияланады. Бұл ретте біліктілік санатын беру туралы еңбек кітапшасына жазба талап етілмейді.
173. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) педагогіне, басшыларына, басшыларының орынбасарларына, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша ақы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті деңгейдегі комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен немесе 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
174. Басшының орынбасары (басшы) бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына басқа лауазымға ауысқан жағдайда (басшының орынбасары немесе басшы лауазымына) басшы орынбасарының өзінде бар үшінші санаттағы басшы орынбасары немесе екінші санаттағы басшы орынбасары немесе бірінші санаттағы басшы орынбасары немесе басшы-ұйымдастырушы немесе басшы-менеджер немесе басшы-көшбасшы біліктілік санаты мерзімі өткенге дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан