Педагогикалық техника-педагог шеберлігінің элементі ретінде



Дата12.04.2022
өлшемі18.92 Kb.
#220523
Байланысты:
Педагогикалық техника


Педагогикалық техника-педагог шеберлігінің элементі ретінде.

  1. Жаңашыл мұғалімдердің табыстарының құпияларының астарына үңіле отырып, шебер қойылым және әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің дәлділігін аңғарамыз. Мұнда маңызды рөл кәсіби біліктіліктің үлесіне тимек, олар: интенсивті танымдық іс-әрекетке оқушыларды жегу, сұрақтар қою, жеке тұлғамен және ұжыммен қарым – қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысыңды, мимикаңды, қимыл-қозғалысыңды меңгеру.

“Тәрбиеленуші сіздің жан-дүниеңізді сізді көріп, сізді тыңдап барып қабылдайды” – дейді А.С.Макаренко.

Педагогикалық техника мұғалімнің іс — әрекетінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы әлпетінің үйлесімділік бірлігін сәйкестендіреді (способствует).

Педагог шеберлік – рухани мәдениет пен педагогикалық мақсатқа сәйкес сыртқы мәнерлілік бірлігінде.

Олай болса, техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сөйлеу және невербальные средства общения.

“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:

Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:


  • өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);

  • көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);

  • әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);

  • сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).

Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:

  • дидактикалық;

  • ұйымдастырушылық;

  • конструктивтік;

  • коммуникативтік біліктілік;

  • талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;

  • педагогикалық қарым-қатынасты басқару;

  • ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.

ұйымдастыру.

  1. Жас мұғалімнің типтік қателері.

Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты енді бастағандардың педагогикалық техникасындағы типтік қателердің болатындығын көрсетті. Мұндай педагогтардың басым көпшілігі біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен жақынырақ әңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу керісінше ашу-ызасын тудыру, сенімсіздік көрсету белең алған. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында былай деп жазады: сөйлеу мәнеріне көңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай сөйлеуге қорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан өткізуі, артық қылықтар көрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердің көпшілігі өздерінің сыртқы тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының төмен түсіп кетпеуіне, дәрменсіз қолдарының қимылыназейін аударады.

Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сөйлеудегі мәнсіздік, мәнерлеп оқу дағдыларының жоқтығы.



Сөйлеудегі көптеген жеке дара кемшіліктері– дикцияларының айқын, анық еместігі, дауыстап сөйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.

Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің барлығы кедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-тәрбие үрдісін басқара алатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса көңіл аударылғаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан