Педагогикалық институтының директоры



бет4/5
Дата10.09.2017
өлшемі487.5 Kb.
#20014
1   2   3   4   5

Дәріс 10

Тақырыбы: Өзіндік жұмыс, оның сипаты, функциясы және міндеттері.

Дәрістің мазмұны:


  1. Өзіндік жұмыс

  2. Өзіндік жұмыстың сипаты, функциясы және міндеттері.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді өзіндік жұмыс, оның сипаты, белгілері, функциясы және міндеттерімен таныстыр, олардың мән-мағынасын ашып көрсету.

Әдебиеттер:



  1. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. II бөлім Алматы 1996ж

  2. Бастауыш мектеп журналы

  3. Шағын мектеп журналы

1-сұрақ. Өзіндік жұмысқа шағын комплектілі мектептерде үш сынып қатар оқытылатын кезде 1/3 бөлігі, екі сынып қатар оқығанда 2/1 бөлігі келеді. Сондықтан оқыту үрдісінде өзіндік жұмысын жүйелі таңдап сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты, тиімді ұйымдастыру қажет.

Кейбір ғалымдар өзіндік жұмысты оқыту әдісінің бірі деп қараса, екіншілері оны оқыту қағидаларының бірі деп есептейді. Оқушылардың өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Оның себебі, мұндай жұмыстардың өзі әртүрлі әдістер арқылы іске асады. Мысалы: кітаппен жұмыс жасау, бақылау, есеп шығару, зерттеу жүргізу, т.б.

Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті – оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге баулу. Өзіндік жұмыстың өз алдына оқыту қағидасы бола алмайтынының тағы бір себебеі оның өзі басқа қағидаларға тәуелді, дәлірек айтқанда білім алудағы оқушылардың дербестігін, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Яғни оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау, эксперимент жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері, бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз оқушының қандай да болмасын жұмысы нәтежелі болуы мүмкін емес.

Сонымен оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту қағидасы да емес, ол оқушының күрделі әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады.

2 – сұрақ. Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттамаларды анықтап беру қажет. Ол күрделі болғандықтан бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқарумен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер, т.б.

Сонымен оқушылардың өзіндік жұмысыныа мұғалімнің тапсырмасы бойынша олардың өздері жоспар жасап, оның тәсілін анықтап, нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Және де оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасы олардың өз еркімен жаңа амал – тәсілдер қолданып жасайтын творчестволық жұмыстары жатады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін оның атқаратын қызметі мен міндеттерін атап өткен жөн: Олар:


  1. Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру;

  2. Олардың алған білімінің сапалылылғы мен беріктігін қамтамасыз ету;

  3. Оқушыларға оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету.

  4. Оқушылардың таным, ақыл – ой қабілеттерін дамыту;

  5. Оқушыларды сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу;

  6. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету.

Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Өзіндік жұмыс оқыту әдісі ме, әлі де оқыту қағидасы ма?

  2. Өзіндік жұмыстың екі сипатын атаңыз.

  3. Өзіндік жұмыстың функциясы мен міндеттерін атаңыз.



Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бақылау дегеніміз не?

2.Бақылау әдістерін атаңыз.

3.Оқушы білімін бағалауда ескеретін мәселелерді атаңыз.

4.Жазба жұмыстарды бағалау тәртібін атаңыз.

Дәріс 11

Тақырыбы: Өзіндік жұмыстың түрлері және оларды ұйымдастыру, өткізу жолдары.

Дәрістің мазмұны:


  1. Өзіндік жұмыстың түрлері.

  2. ШКБМ жағдайындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыру және өткізу жолдары.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді өзіндік жұмыстың түрлерімен таныстырып, ондай жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу жолдарын, әдіс – тәсілдерін көрсету.

Әдебиеттер:



  1. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. II бөлім Алматы 1996ж

  2. Бастауыш мектеп журналы

  3. Шағын мектеп журналы

1 – сұрақ. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оларды топтастыру өте күрделі мәселе. Оқытудың мақсаты – міндеттеріне және пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, оқушылардың міндетті түрде немесе өз еркімен істейтін жұмысына т.б. белгілеріне қарай өзіндік жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оқушылардың өзіндік жұмысы білім мен дағды қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан, В.А.Сухомлинский оқушылар оқуға қажетті білім мен дағдылар жүйесін меңгері қажет деді. Ол үшін:

1. Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу

2. Ойәлай білу: нәрселерді салыстыру , қарама – қарсы қою, түсініксіз нәрселерге жауап іздеу, таңырқау.

3. Оқушының көргенін, байқағанын, істегенін, ойын тұжырымдап айта білуі.

4. Оқыған материалдардың мағынасына қарай логикалық бөліктерін айыра білу, олардың өзара байланыстарын ажырата білу.

5. Өзіне керекті кітапты таба алу

6. Өзіне керекті мәселеге тиісті материалдарды кітаптан таба алу

7. Оқу үстінде текстке алғашқы логикалық талдау жасай білу

8. мұғалімді айқындай білу және оның әңгімесін қысқаша жазып алу

9. Тексті оқи отырып, мұғалімнің сол текстке қалай жұмыс істеу туралы берген нұсқаларын ескере білу

10. Көрген – білгендері туралы шығарма жаза білу.

Өзіндік жұмысқа мынандай талаптар қойылады:



  1. Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалу керек

  2. Өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілу керек (8-15 мин ұзақ емес)

  3. өзіндік жұмысты міндетті түрде тексеру керек.

  4. өзіндік жұмыс сабақтың мақсатына байланысты: (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімін тексеруге) таңдалады.

  5. Өзіндік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті өту керек.

  6. өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әртүрлі уақыт жұмсайтындығын ескеріп, тақтаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

  7. ескертпе, түсініктеме – карточкалар, перфографиялар дайындай керек.

Тапсырманың түрлері:

  1. оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын

  2. мұғалімнен алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ мұғалімнің басқаруы мен пайдаланған жағдайда.

  3. Алған білім, білік дағдысын басқа жағдайда пайдалану

  4. оқушылардан ойлаудан, шығармашылықты талап ететін байқау,талдау арқылы жаңа қортынды, анықтама шығаруға болатын тапсырмалар

2 – сұрақ. Қазір заманның талабы бастауыш мектептен , тіпті бастауыш сыныптан бастап оқушылардың оқудағы дербестігін арттыруды керек етеді.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі үрдіс болғандықтан, жай қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай дамиды. Оның қалыптасуына алдымен сыртқы факторлар әсер етеді: оқытудың маңызы мен міндеттері, оның әдістері,мұғалімнің талаптары, т.б. Содан бірте – бірте оқушының белсенді таным әрекетіне байланыты өздігінен жұмыс істеуі оның қажетіне айналады. Егер мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар және оның мазмұнын, жасау әдістерінің бәріп мұғалім өзі айтып берсе, онда оқуға тек орындаушы ретінде жұмыс істейді. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты шоқа жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Бұндай жағдайда оның дербестігі, өздігінен істейтін әрекеті арта түседі.

Бұдан шығатын әдістемелік қортынды: мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрену қажет.

Оқушылардың өзіндік әрекетін ұйымдастыру үшін мұғалім мынандай үш жағдайды ескергені жөн:



  1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мазмұнын анықтау

  2. өзіндік жұмысты ұйымдастыдың жоспарын жасау, қолданылатын амал – тәсілдерді белгілеу.

  3. оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға дұрыс бағыт беріп көмектесу.

Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Өзіндік жұмысты қалыптастыру үшін қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін анықтаңыз.

  2. Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарды анықтаңыз

  3. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды келтіріңіз.

Дәріс 12

Тақырыбы: ШКБМ жағдайындағы математикадан сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері.

Дәрістің мазмұны:


  1. ШКБМ жағдайындағы математикадан сыныптан сыныптан тыс жұмыстар.

  2. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді шағын кешенді мектеп жағдайындағы математикадан сыныптан тыс жұмыстар түрлерімен таныстыру

  1. Әдебиеттер: Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. II бөлім Алматы 1996ж

  2. Бастауыш мектеп журналы

  3. Шағын мектеп журналы

1 – сұрақ. Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үрдісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қызығушылықты дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды баларды көрсете білу, олрдың ой - өрісін әрі қарай дамуына көмектесу, математикадағы қызығушылығын арттыру, балаларды қызықты жұмыстарға тарту, соның арқасында табандылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сыныптан тыс жұмыстың сыныптағы жұмыстардан өзгешілігі – еріктілік принцинінде құрылуында мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі тапқырлық, есептеу шапшандығы, есеп шығарда ұйымды әдістерді пайдалануы мадақталуға тиіс. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешілігі – ол математикалық ойын есептер, ойындар, жарыстар сипатында болып келеді.

Шағын кешенді мектепте сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикалық білімдерін жетілдіріп, толықтырып қана қоймай, ол балалардың ойлау қабілеттерін дамытады, тапқырлыққа, шапшандыққа, ұқыатылыққа тәрбиелейді. Шағын кешенді мектепте сабақ кезінде оқушыларға қызықты жаттығулар, қосымша материалдар пайдаланып оқыту өте қиын. Бұл тек сыныптан тыс жұмыстарда ғана мүмкін.

2 – сұрақ. Сыныптан тыс жұмыстың алуан түрі бар. Олар сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыш, газет, кеш, апталық, үйірмелер және конкурстар, олимпиадалар болып табылады.

Сыныптан тыс сабақтар немесе «қызықты математика сабағы» деп те атайды, әдетте бүкіл сынып үшін ұйымдастырылады. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 20 минуттан 45 минутқа дейін. Мұндай сабақ айына 1 – 2 рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы тиіс, алайда қиынырақ есептер, т.с.с.

Математикалық бұрыш. Бұл сынып бөлмесінің бір бұрышында орналасқан материалдар. Онда болуы мүмкін: математикадан дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін мәліметтер, газет қиындыларынан жасалған альбомдар, бағалардың, жылдамдықтың егіс нормаларының, өнімділік нормаларының озықтығысы, математикалық газеттер, оқушылардың өз беттерімен құрастырған есептері.

Математикалық газет – математикаға қызығушылықтарын, сондай – ақ бүкіл мектеп оқушыларының айнасы. Оның бетінен үлгерімі тәуір оқушылардың суреттерін, қызықты есептерді, белгілі қазақ математиктерінің өмірбаяны, математика тарихынан материалдар т.б. табылады.

Математикаға ерекше әуестік байқатқан балалармен жұмыс жасау үшін 2 – 4 сыныптардан бастап математика үйірмесі ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 1-2 рет өткізіледі. Математикалық кеш жалпы мектеп оқушылары үшін жылына бір рет 4 тоқсан кезінде өткізіледі. Кештің болатын күні, орны және жоспары алдын ала хабарланады. Кешті мүғалім басшылығымен үйірме мүшелері ұйымдастырады. Оқушылардың математикалық білімдерін, қабілеттерін анықтау үшін конкурстар мен олимпиадалар өткізіледі.

Әрбір сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу тәсіл – жолдарына арнайы тоқталамыз.

Тексеруге арналған сұрақтар.



  1. Шағын кешенді мектеп жағдайындағы сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктерін айтыңыз.

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін айтыңыз.

Дәріс 13

Тақырыбы: ШКБМ жағдайындағы математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жолдары.

Дәрістің мазмұны:


  1. Математикалық бұрыш, математикалық газета, математикалық апталық және кештерді ұйымдастыру және өткізу жолдары.

  2. Математикалық үйірме.

  3. Математикалық конкурстар мен олимпиадалар.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді математикадан сыныпытан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу жолдары, әдіс – тәсілдерімен таныстыру.

Әдебиеттер:



  1. 1. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. II бөлім Алматы 1996ж

  2. Қ.Жұмалыұлы Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Ақтөбе 2000ж

  3. Шағын мектеп журналы

  4. Бастауыш мектеп журналы.

1 – сұрақ. Сынынптан тыс жұмыстар түрлеріне өткен дәрісте тоқталдық.

Математикалық бұрыш жұмысын оғаг оқушылардың газеттерден, кітаптардан, айналадағы тұрмыстан немесе басқа пәндербі оқығанда тапқан сан материалдарын өздері әкеліп айтарлықтай етіп ұйымдастыру керек, кейін бұл материалдар есеп құрастыруға пайдаланылатын болады. Әрбір тоқсан аяғында бұрышта оқушылардың бақылау жұмыстары мен математика дәптерлерінің көрмесі, оқушылардың математикадан үлгерімдері кестесі ілінеді. Сонымен қатар бұрышта математикалық газет ілінеді. Математикалық газет шығарудағы мақсат балаларды математикаға ынталандырып, қызықтыру болады. Газет үйірме мүшелерінен тұратын педколлегияның бастаулығымен басқа оқушыларды материал жинауға қатыстыру арқылы шығарылады.

Газеттің бірінші данасын ерекше әдемі, мазмұны қызықты етіп шығарған дұрыс болады. Оқу жылының аяғына қарай яғни төртінші тоқсанның ортаңғы шамасында үйірме мүшелері және белсенді оқушыларды қатыстыра отырып математикалық кеш ұйымдастырылады. Оны кейде математикалық апталықты ұйымдастырудан бастайды. Апталық жоспары алдын – ала хабарланады. Онда аптаның әр күнінде қандай шаралар өтетіні көрсетіліп, математикалық кешпен аяқталады.

2 – сұрақ. Математика үйірмесі оған әуес және қабілеті бар оқушылардан ұйымдастырылады. ШКБМ – де оны ұйымдастыру оңай да, қиын да. Оңай болатыны оқушылар құрамын анықтау. Ал қиындығы, оқушылар саны аз болғандықтан екі – үш сынып оқушыларын біріктірудің қажеттігі, олардың сыныптары әртүрлі болғандықтан материалдар табу, жас ерекшеліктерін, білім деңгейлерін ескеру, т.б. Үйірменің бірініш отырысында айрықша дайындық жасап, оны қызықты етіп өткізу керек. Сонда балалар онан былайғы жерде де үйірме сабағына ынталы қатысады. Үйірме отырысы айына 2 рет болғаны тиімді. Үйірме отырысында балалар әртүрлі қызықты есептер, басқатырғыштар, жұмбақтар шешеді, тез есептеуге, тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиеленеді. Үйірмеде математика тілін па йдалану арқылы тіл мәдениетін дамытуға, салыстыру, талдау, синтездеу, дедукция мен индукция, аналогия ұқсастық арқылы тұжырым жасауға үйренеді.

3 – сұрақ. Оқушылардың математикалық білім деңгейін, қабілеттерін айқындау үшін математикалық конкурстар мен олимпиадалар өткізіледі. Конкурстың тақырыбы және өткізетін күні, уфақыты алдын – ала хабарланады. Мұғалім конкурстың міндеттері мен мақсаттарымен оқушыларды таныстырады. Дайындау жұмыстары жүргізіледі. Конкурс тапсырмалары жазбаша орындалады және ұпайлармен бағаланады.

Олимпиаданың мақсаты да конкурстың мақсаты сияқты, бірақ мында мектептегі параллель сыныптардан неғұрлым математикаға қабілеті жоғары оқушыларды іріктеп алуға мүмкіндік болады. Олимпиада жеңімпаздары қалалық, не аудандық, ал кейде облыстық олимпиадаларға жіберіледі. Алайда шағын кешенді бастьауыш мектеп оқушыларының олимпиадаларға қатысуы өте сирек. Оның себебі әртүрлі, ең негізгісі қажетті орта мен әдебиеттер жоқтығы.

Тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Математикалық бұрыш, газет және кешті ұйымдастыру жолдарын айтыңыз.

  2. Үйірме жұмысының мақсаты неде?

  3. Конкурстар мен олимпиадалардың мақсаттары мен міндеттерін айтыңыз.


Дәріс 14

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектеп жағдайындағы математиканы оқытуда көрнекілікті қолдану.

Дәрістің мазмұны: 1.Математиканы оқытуда қолданылатын көрнекі құралдар.

2.Шағын кешенді бастауыш мектепте көрнекі құралдар пайдалану.



Дәрістің мақсаты: Студенттерді шағын кешенді бастауыш мектеп жағдайындағы математика сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану жолдарымен таныстырып, оларды пайдалануда қойлатын талаптарды көрсету.

Әдебиеттер:

1.Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі№ 1-2 бөлім, Алматы 1995-96 ж.ж

2.Қ.Жұманұлы. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана 2000ж.
1.Бастауыш мектепте математиканы оқыту жұмысының барлығы да көрнекі, бейнелі, нақтылы болуы керек. Көрнекіліктің ерекше зор маңызы баланың бейнелі түрде, нақты түрде ойлайтындығына байланысты. Бала көрнекі, нақты нәрселерді жақсы ұғады, керісінше дерексіз ойлар ол үшінтүсініксіз болады.

Көрнекілік баланың сан жөніндегі бастапқы ұғымын қалыптастыру үшін және сан жөніндегі түсінігін кеңейиіп, математикалық ойын дамыту үшін де қажет.

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғаоім оларды дұрыс іріктеп таңдап алуына және оларды оқу кезінде тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Көрнекілік оқу құралдары табиғи және суретті жасанды құралдар деп бөлу қабылданған. Математика сабақтарында көрнекі құралдардың мынадай түрлері қолданылуы мүмкін: нәрселік кескіндік және графикалық көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі нәрселер мен фигуралар қағаз бен картоннан жасалған кесіінділері.

Графикалық көрнекі құралдар көбінесе есеп шығару кезінде қолданылады (әртүрлі чертеждер)№ суретті көрнекі құралдардың тағы бір түрі шартты (символдық) құралдар болады. Математикалық символдардың (цифрлар, амалдар таңбалары «<», «>», «=» қатынастары таңбалары) белгілері жатады.

Ал табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, денелер (геометриялық) т.с.с жатады.

Қазіргі кезде көрнекі құралдарды қажеттілігіне қарай компютер көмегімен қолдан жасап алу мүмкіндігі мол. Әрине, қолдан жасалатын құрал күрделі болмауы тиіс және эстетика жағынан гигиена талабына сай болуы керек.

2.Бастауыш мектепте математиканы оқытудағы негізгі мақсаттың бірі баланы дерексіз түрде ойлауға дағдыландыруға болады. Бірақ баланың санасында нақтылы бір бейне болмайынша ешқандай дәлелсіз ой тууы мүмкін емес, сондықтан математиканы дұрыс оқытудың негізгі – нақтылы нәрседен бастап бірте-бірте дерексіз қорытындыға көшу болады.

Көрнекілікті қолдану оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырады және оларды пайдалана отырып балалардың өздігінен қорытындылар жасауына мүмкіндік туындайды. Оқылатын материалды көрнекі құралдармен түсіндіргенде баланың зейіні басқа жаққа бөлінбей, барлық ынта-жігері сабаққа ауады, оның белсенділігін, ынтасын арттырады.

Білімдер мен білімдерді бекіту кезінде алуан түрлі жаттығулар үшін анықталған таблицалар (кестелер), ауызша есептеу кестелері, суреттер, схемалар, оқушылардың есептер құрастыруына қажетті чертеждер кең түрде қолданылады.

Көрнекі құралдарға қойылатын жалпы талаптар: көрнекі құралдарды бала психологиясының ерекшеліктеріне, әсіресе образдық ойлауға байланысты қолдану керек.

1)құрылысы, формасы, бояуы жағынан қарапайым болуы керек.

2)математиканың бастауыш курс бағдарламаларына сәйкес болғаны дұрыс.

3)балалар орындарында отыроып көре алатындай үлкен болуы крек.

4)бір орыннан екінші орынға көшіріп апаруға лайықты болғаны дұрыс.

5)жеке бөліктері оңай қозғалатындай болғаны дұрыс.

6)құрамды бөліктерінің ажыратылуы қажет.

7)мазмұнының ғылымилығына тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлу керек

8)қағаздарға мәтін жазғанда немесе цифр салғанда 1-2 сыныптар үшінпішіні 4-5 см, ал 3-4 сыныптар үшін 2,5-3,5 см, ал ені 1-1,4 см болуы керек.



Тексеруге арналған сұрақтар.

1.Көрнекілік құралдардың түрлерін атаңыз.

2.Көрнекілік құралдарды қолдануға қойылатын талаптарды атаңыз.

Дәріс 15

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектеп жағдайында математиканы оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заман педагогикалық технологиялары.

Дәрістің мазмұны:1.Шағын мектептерде білім сапасын арттырудың жолдары.

2.Математиканы оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын қолдану.



Дәрістің мақсаты: Студенттерді шағын кешенді бастауыш мектепте оқыту сапасын арттыру жолдары мен оқыту технологияларын қолданудың іс-тәжірибелерін көрсету.

Әдебиеттер:

1.Шағын мектеп журналы.

2.Бастауыш мектеп журналы
Шағын кешенді мектептер мәселесін шешу үшін 2002 жылы мамыр айында Шымкент қаласында республикалық семинар ұйымдастырылды. Сонда қабылданған шараларға тоқталсақ:

Шағын кешенді мектептерде:

1.Оқытудың негізіне алынатын дамыта оқыту идеясын, оның қағидаларын, ұсыныстарын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану әдістемесін жете меңгеру.

2.Оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын көтеру.

3.Сынып кешендерінде сабақты оқу пәнінің мазмұнына байланысты біріктіру.

4.Шағын кешенді мектептегі тәрбиенің мазмұны мен түрлері білім мазмұнымен үйлесімді ұштастырылуып ұлттық санаға азаматтық негідерін игеруге бағыттау.

5.Оқушылардың өздігінен дамуына қажетті моральдық-психологиялық ахуал құру.

6.Шағын кешенді мектептің оқу-материалдық базасын нығайту.

7.Шағын кешенді мектептің іс-әрекетін ұйымдастырумақстаныда оның төмендегі типтері анықталады. Олар жөнінде біз бұрынғы дәрістерде айтқан болатынбыз.

Сонымен қатар, шағын кешенді бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ескеретін жағдайлар:

1)сыныптарды біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы.

2)сабақ кестесінің дұрыс жасалуы.

3)тәрбие мен оқытудың тиімді әдістері мен түрлерін таңдау.

4)сабақтың белгіленген мақсатқа сай неғұрлым тиімді құрылымын анықтау.

5)оқу-тәрбие жұмысының сабақтың және сабақтан тыс түрлерін дұрыс ұйымдастыру.

6)оқушылардың өзіндік жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы.

7)оқушылардың бойында білім алу және өздігінен білім жинай білу дағдыларын қалыптастыру.

8)оқушылардың білім, біліктерін ізгілікті педагогикалық ұстанымдарға негізделген жүйелі бақылау.

9)әр түрлі жастағы балалардан құралған сыныптарды ұтымды басқару.

10)оқытудың ақпараттық технологиясын, техникалық құралдарды пайдалану.

11)оқу-тәрбие үрдісін тұлғалық-бағдарлық ұстаным негізінде құру.

12)ата-аналарға мектеп жұмысты тарту.


2.Оқытудың қазіргі таңдағы басты міндеті – мұғалімнің білім беру жәнеоқыту қызметін басымдаық етіп, оның ақыл ой-өрісін дамытуға білім беру жүйесінің жұмысын бағыттауға тиіспіз. Бұл дегенің әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім алып қана қоймай, оны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуды қалайды. Қазіргі кезде білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология өолданып жүр. Мыс: Ж.Караевтың «Деңгейлік саралап» технологиясы, М.Жанпейісованың «Модульдік технологиясы» Б.Эльконин, В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, т.б.

Бұл технологияларды оқыту үрдісінде қолдануға практикалық сабақтарда тоқталамыз. Алайда бір сабақ түрін ұйымдастыруүлгісін қарастырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді