Педагогикалық институтының директоры


Тексеруге арналған сұрақтар



бет3/5
Дата10.09.2017
өлшемі487.5 Kb.
#20014
1   2   3   4   5

Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шағын кешенді мектепте математика сабағының ерекшеліктерін атаңыз.

2.Оқу-әдістемелік топтама құралын келтіріңіз, сипаттама беріңіз.


Дәріс 5

Тақырыбы: ШКБМ жағдайындағы пәндерді біріктіріп, оқыту кестесін тиімді ұйымдастыру.

Дәрістің мазмұны:


  1. Пәндерді біріктіріп, кешендер құрастыру.

  2. ШКБМ – те оқыту кестесін тиімді ұйымдастыру.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді ШКБМ жағдайындағы пәндерді біріктіріп, кешендер құрастыру және сабақ кестесін тиімді ұйымдастыру мәселелерімен таныстыру, үлгілерін көрсету.

Әдебиеттер:

  1. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина – Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. II бөлім Алматы 1996 ж.

  2. Шағын мектеп журналы.

  3. Бастауыш мектеп журналы.

1 – сұрақ. ШКБМ – де оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан – жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10 – нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір кешенді мектеп, ал 12 оқушы болса, екі кешенді, ал 15 – тен артық болса, үш кешенді, төрт кешенді болып есептеледі.

Егер мектепте барлық сыныпқа бір мұғалім болса, кешен құрастыру қажет болмайды, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады.

Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптағы оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі, жас ерекшеліктеріне байланысты 1 сыныпқа ерекше көңіл бөлу керек болады.

Бір кешенге әр түрлі жастағы балаларды біріктірген тиімді көрінеді. Мысалы: «1-3» «2-4» сыныптарын біріктіргенде бір стандарттық сабақтар ұйымдастыру мүмкіндіктері көбірек болады. Ал 1-2, 2-3, 3-4 сыныптарын біріктіру қалай болғанда да оқушылардың жасына емес, сыныптағы балалар санына байланысты. Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін мұғалімдер қандай пәндерді біріктіргенде өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін қағиданы есте ұстауы керек.

Алайда, сабақ кестесін жасауда бір пәнділік жүйесін сақтаған тиімді. Себебі, бірнеше сыныпты сабақтың кейбір кезеңдерінде біріктіріп оқыту арқылы оқытушының басшылығымен жүргізілетін уақыты ұзартылады. Мысалы: Математика сабағында барлық сыныпқа ортақ ауызша есептеу, арифметикалық диктант, қызғылықты есептер, дидактикалық ойындар, жүргізуге болады. Бір пәнді, бір тақырыпты сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады.

2 – сұрақ. Шағын кешенді мектептің төрт сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін сабақ кестесінің жобасы қалай болмақ? Мына сабақ кестесі сол мақсатта беріледі: Аптасына 6 күн оқытатын төрт кластық мектеп кестесі:


Күн

аттары


Сабақ

реті




Сыныптар

I

II

III

IV

Дүйсенбі

1

2

3



4

5

6



Қазақ тілі

Жазу


Матем

Дене


Ана тілі

Ана тілі


Матем

Дене


Матем


Дене

Ана тілі


Қазақ тілі

Матем


Дене

Ана тілі


Қазақ тілі

Сейсенбі

1

2

3



4

5

6



Қазақ тілі

Жазу


Матем

Еңбек


Орыс тілі

Ана тілі


Матем

Еңбек


Матем


Еңбек

Ана тілі


Орыс тілі

Матем


Нңбек

Ана тілі


Орыс тілі

Шағын кешенді мектептің бәрінде бірдей мұғалім үш сыныпты немесе төрт сыныпты қатар оқыта бермеуі де мүмкін. Кей жерде бірінші, екінші сыныптар немесе бірініші мен екінші, сол секілді бірінші мен үшінші сыныптар болады.

Сабақтың мазмұнды болуы оған мұғалімнің қалай дайындалуына байланысты. Сондақтан сабақ кестесі дұрыс жасалып, күнделікті сабақ мүқият дайындықпен өткізілген жерде оқу үрдісві жақсарып, оқушылар білімінің сапасы артады. Әр сыныпта өтілетін сабаққа тиісінше уақыт бөлінуі оқушылардың өзіндік тапсырмаларды ұқыпты орындауына көмектеседі. Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру – сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені бұл жұмыста оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды.

Тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Шағын кешенді мектеп қандай жағдай, 1, 2 немесе одан артық кешенде құралады?

  2. Сыныптарды біріктіру түрлерін келтіріңіз,

  3. 4 жылдық мектептер үшін кестелер түрін көрсетіңіз.

Дәріс 6

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектептегі математика сабағы және оның түрлері: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар, олардың ерекшеліктері.

Дәрістің мазмұны:1.Бір пәндік, әр пәндік сабақтар, олардың ерекшеліктері.

2.Бір тақырыптық сабақтар, олардың ерекшеліктері.



Дәрістің мақстаы: Студенттерді бір пәндік, әр пәндік және тақырыптық сабақтар және олардың ерекшеліктерімен таныстыру.

Әдебиеттер:1.Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. 2-бөлім, Алматы 1996 ж.

2.Шағын мектепт журналы.

3.Бастауыш мектепт журналы.
1.Көптеген шағын кешенді мектептерде бастауыш 1 мен 3 немесе 2 мен 4 сыныптары қосылып оқытылады. 45 минуттық сабақта 2 сыныпты қатар оқыту, түсіндіру, меңгерту, бекіту өте қиын. Себебі, олардың жас ерекшеліктері де әр түрлі. Бір тобына түсіндіру кезінде екіншісі өз бетімен даярланады. Сондықтан көбіне бір пәндік сабақтар өткізіледі. Оның тиімділігі оқытушы сабақ жоспарын бір бағытта жасайды. Бір сабақтың үлгісін келтірейік.

Математика

Сабақтың тақырыбы:Кестелік қосу және азайтуды қайталау (1-сынып). Кестеден тыс қос мен азайту және көбейту мен бөлуді қайталау (3-сынып)

Сабақтың мақсаттары: 1)Кестелік қосу мен азайтуды, тыс қосу мен азайтуды және көбейту мен бөлуді қалай меңгергені бойынша білім, білік, дағдысын тиянақтау. Қатесіз есептеуге дағдыландыру.

2)Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында балалардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

3)Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Деңгейлік тапсырмаларға арналған үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың түрі: жаңа технология (саралап, деңгейлеп оқыту)

Әдісі: Пысықтау, жинақтау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Кіріспе. Оқушыларға өздігінен жұмыс істей отырып шығармашылық қабілетін арттыру барысында осы сабақта деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының деңгейлік тапсырмаларын орындау барысында әр оқушының жеке қабілеті анықталатынын, оны арнайы бақылау жүйесімен бағаланатын ұпай санымен ерекшеленетінін түсіндіру. Әрқайсысы есеп шығару барысында өзін-өзі бағалау кестесіне (+) белгісін белгілеп отырады.

3.Өздік жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
2.Бір тақырыптық сабақтың үлгісі. 2-ші және 4-ші сыныптар.

Тақырыбы: Уақыт өлшемдері

Сабақтың мақсаты: 2-ші сынып: Оқушыларды уақыт бірліктерімен таныстыру, уақытты қадірлей білуге үйрету, логикалық ойлауын дамыту, бірліктерді ауыстыруға үйрету.

4-ші сынып: Бір бірліктен басқа бірлікке көшуге дағдыландыру, уақытты қадірлей білуге үйрету,ойлауын дамыту.



Әдістері: Сөйлеу, көрнекілік, практикалық.

Тәсілдері: Мұғалімнің түсіндіруі, сұрақ-жауап түрінде, жаттығулар орындау, диктант жазу, өзін-өзі тексеру.

Сабақ түрі: 2-сынып хабарлау (түсіндіру); 4-сынып білімді жалпылау.

Құралдар: бор, тақта, оқулықтар, тілі бар сағаттар, топшамалар.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2-сынып: мұғаліммен жұмыс.

4-сынып: өздік жұмыс

2-сынып: сандарды жаз: 3 онд,8 бір;8 онд.3 бір;3онд;8 онд;3 бір.8 онд.5 бір. Бір ондықта неше бірлік бар?

4-сынып: орында:

650 бір= онд

448 бір= онд,бір

5846 бір= мың,жүзд,онд,бір

575 мм= см мм


4.Сабақ тақырыбын хабарлау. (Кіріспе)

Сабақ тақырыбы: Уақыт өлшемдері

Әңгіме, оқушылардың уақыт жөніндегі түсініктеріне сүйене отырып сұрақ-жауап түрінде.

Сабақ қорытындылау.

2-сынып: Сабақта не білдіңдер? Үйге тапсырма №6 38 бет

4-сынып: Сабақта не білдік? Дәптерлерді тапсыру. Үйге тапсырма№ Уақыт жөнінде бір мақал. 41 бет №9, №8


Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бір пәндік сабақтардың ерекшелігі неде?

2.Бір тақырыптық сабаққа материалдар жинау.

Дәріс 7

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектеп жағдайындағы сабақ кесетесінің түрлері және оларды құру технологиясы.

Дәрістің мазмұны: 1.Сабақ кестесі және оның түрлері.

2.Сабақ кестесін құру технологиясы.



Дәрістің мақсаты: Студенттерді шағын кешенді мектепте сабақ кестесін жасау ерекшеліктерімен таныстырып, әр түрлі сабақ кестелерін құру тәсілін көрсету.

Әдебиеттер: 1.Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. 2-бөлім, Алматы 1996 ж.

2.Бастауыш мектеп журналы

3.Шағын мектеп журналы.
1.Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін кешен құру пәндерді біріктіру мәселесі негізгі сұрақ болып табылады.

Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері оқушылардың жоғарғы деңгейінде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабаққа оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Сонымен қатар шағын кешенді бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің тиісті дәрежеде жүогізідуі, оның материалдық базасына, мұғалімнің біліктілігіне, сынып кешендерінің санына байланысты. Қандай жағдайда да екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп өткізудің өзіндік кемшіліктері барын ескеріп, сабақ кестесінің түрлерін жасауға болады.

Сабақ кестесінің барлық түрлерінің негізгі мақсаты 1 сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, сабақ құрылысын ескеріп 1 сынып қандай, неше, сыныппен біріктіргенде де негізгі пәндерді 30 минуттан бөлек өткізіп, келесі сыныптарды үшінші сабаққа жүргізу.

Әр мектеп, жеке мұғалім мектептің ішкі жағдайына, білім деңгейіне, әрбір сабақтың тақырыбы мен мақсатына қарай пәндерді біріктіру жүйесін өзгертуіне болады. Мысалы, бақылау жұмысын, диктант сабақтарын біріктіріп немесе үш сыныпты да математика сабағын бірге өткізу барлық жағдайдатиімді бола бермейді, қиын тақырыпты қарастыру керек болса еңбек, бейнелеу пәндерімен біріктіріп өткізуге болады. Жалпы күндік оқу кестесі 1,5 ауысымға жасалғаны дұрыс. 1 жартыжылдықта бірінші сыныпты, 2 жартыжылдықта төртінші сыныпты бөліп оқытуға да болады.

2.Шағын кешенді бастауыш мектептің 1 мен 4 сынып кестесін келтірейік:

Күн аттары


Сабақ реті



1-сынып

4-сынып

Дүйсенбі


1

2

3



4

5

6



Әліппе

Математика

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

Математика

Ана тілі



Сейсенбі


1

2

3



4

5

6



Орыс тілі

Әліппе


Математика

Әліппе


Математика

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ана тілі



Енді сабақ ұзақтығына байланысты кесетні көрелік:
Дүйсенбі


Сабақ реті

Сабақ ұзақтығы

1-сынып

2-сынып

3-сынып

1

2

3



4

5

6



30 мин

30 мин


40 мин

40 мин


45 мин

45 мин


Сауаттылық

Математика

Жазу

Сурет


Ана тілі


Математика

Ана тілі


Еңбек

Ана тілі


Математика

Ана тілі


Еңбек

Сейсенбі



Сабақ реті

Сабақ ұзақтығы

1 сынып

2 сынып

3 сынып

1

2

3



4

5

6



7

30

30

40



40

45

45



45

Сауаттылық

Математика

Жазу

Сурет


Әлем тану

Дене шынықтыру

Математика

Ана тілі (грам)


Әлемтану


Дене шынықтыру

Математика

Ана тілі

Ана тілі



Тексеруге арналған сұрақтар.

1.Сабақ кестесін жасаудың қандай ерекшеліктері бар?

2.Әр түрлі сабақ кестесін «бір күндік) мысалдар келтіріңіз

Дәріс 8

Тақырыбы: Топтастырылған сыныптарда әр түрлі нұсқадағы сабақ жоспарларын дайындау, өткізу және талдау.

Дәрістің мазмұны:


  1. Бір пәндік, бір тақырыптық жоспар.

  2. Біріктірілген және сараланған бөлімдерден тұратын сабақ.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді бір пәндік, бір тақырыптық және біріктірілген – сараланған бөлімдерден тұратын сабақтармен таныстыру.

Әдебиеттер:



  1. Шағын мектеп журналы.

  2. Бастауыш мектеп журналы.

1 – сұрақ. Бір пәндік, бір тақырыптық сабақ. 2 және 3 сынып математика.

Тақырыбы: Амалдардың орындалу реті.

Мақсаттары:

Білімділік: амалдарды орындау ретін меңгеру.

Дамытушылық: Оқуыларды білімділікке, сауаттылыққа, тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сұрақтар жазылғын жазбақағаздарғ магниттік тақта, деңгейлік тапсырмалар.

I кіріспе:

1. Математикада неше амал бар?

2. Қосудың аталуы.

3. Азайтудың аталуы.

4. Көбейтудің аталуы.

5. Бөлудің аталуы.

6. Жақшалы өрнектегі амалдар қалай орындалады?

7. Жақшасыз өрнектегі амалдар қалай орындалады?

8. Мысалдар келтіру.

Жақшалы өрнек:

(40+10)-30 = 50 – 30 = 20

(160 + 240) + 200 = 400 + 200 = 600

(2500 + 500) – 1000 = 3000 – 1000 = 2000

Жақшасыз өрнек:

30 + 4*5 = 30 + 20 = 50

48 / 6*5 = 8*5 = 40

4200 – 200 + 3600 = 4000 + 3000 = 7000

II тарау.


  1. Ережені қайталау. (әр топ бойынша)

  2. Тақтамен жұмыс (әр топқа жеке тапсырма)

  3. Ауызша жаттығуларды жүргізу.

  4. Деңгейлік тапсырмалар. (1-ші міндетті деңгей)

  1. Оқушылардың білімдерін бағалау. Топ жетекшісі ұпай қояды. Егер оқушы 5 – 6 ұпай жинаса «3», 7 – 8 ұпай жинаса «4», 9 – 10 ұпай жинаса «5» алады.

V. Үйге тапсырма.

3 мысал жақшалы өрнекке, 3 мысал жақшасыз өрнекке.


2 – сұрақ. ШКБМ – ге бір мезгілде бірнеше сыныпты қосып оқытатын әрбір сабақ бір сыныптың бірнеше жеке сабақтарынан құралады. Мұндай жағдайда бір сыныпта жаңа сабақ өту үшін келесі сыныптарға өздігінен орындауға тапсырма береді. Түсіндіріп болған соң оларға өзөдік жұмыс тапсырып, келесілерге көшеді. Сонда 45 минуттың бір сабақтың ішінде шағын кешенді мектеп мұғалімі3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 – ке 4 сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады.

Сонымен мұндай сабақ екі кезеңнен: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең: «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Егер ортақ тақырыптық қағида ұстансақ, яғни белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірсе. Содан соң жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындауды ұсынады. Сол уақытта сабақ мынандай екә кезеңнен біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған бөлімнен тұрады. Енді осы екі сабақты салыстырайық:



2 сынып

3 сынып

4 сынып

мұғалім

өздік

өздік

өздік

мұғалім

өздік

өздік

өздік

мұғалім



2 сынып

3 сынып

4 сынып

Біріктірілген (ортақ) бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру (кіріспе бөлім)



Сараланған бөлім (негізгі бөлім)

Біріктірілген (ортақ) бөлім (қорытынды бөлім)

Сонымен бірініші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4 – сыныпта сабақтың ең соңында түсуң мүмкін екен. Ал психологиялық еңбектерден бастауыш сынып оқушылары жаңа материалдарды сабақтың шамамен алғашқы 10 – 15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны белгілі. Екінші жағдайға келсек, мазмұны, идеясы жақын тақырыптарды алдын ала іріктеп, оны барлық сыныпта бір мезгілде өту барысында мұғалім жаңа материал жайлы кіріспе әңгімелеп, тіпті материалдың өзін барлығына бірдей түсіндіре алады, оқушыларды қатыстыра отырып талдап, сұрап алады. Содан кейін барып әрбір сыныпқа жас ерекшелігіне лайықты тапсырмалар орындалады.

Тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Бір пәндік, бір тақырыптық сабақтың тиімділігі неде?

  2. Біріктірілген (ортақ) және сараланған бөлімдері бар сабақтың ерекшелігін атаңыз.


Дәріс 9

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін бақылау және есепке алу.

Дәрістің мазмұны:1.Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу.

2.Математикадан оқушылардың білімін бақылау.



Дәрістің мақсаты: Студенттерді оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін математика сабақтарында бақылау, бағалау және есепке алу жолдарымен таныстыру.

Әдебиеттер: 1.Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыг оқыту әдістемесі, 2-бөлім Алматы 1996 ж.

2.Шағын мектеп журналы.

3.Бастауыш мектеп журналы.
1.Оқыту үрдісінің маңызды компонеттерінің бірі – бақылау, баға қою және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні мен ерекшелігі бар.

Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциячы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялы педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамытуы тиіс. Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті (білікті), дағдыны игеруі тексеріледі.

Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы кезіне бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.

Қорытында бағалау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі.

Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар машинасыз және машиналы бақылау әдістері болып бөлінеді.

Оқыту үрдісінде бақылаудың жаппай, топтық және дербес түрлері бар. Жаппай бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақта тапсырмалар алып орындайды.

Бақылаудың дербес түрі әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау деп жұмысындағы дербестігі, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімін, іскерлігін және дағданың сапасын анықтауды айтады.

Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.

Үлгерімді есепке алғанда мынадай мәселелерді еске ұстаған жөн:

1)оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек.

2)әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығару керек.

3)жалпыоқушы текүлгілі емес, бұрынғы оқу үлгерімі жөнінде барлық мәлімен болғаны дұрыс.

2.Оқушылардың білімін бақылаудың түрлері: ауызша жауап беру, ауызша бақылау жұмысы, математикалық диктант, парақшамен жұмыс, өзіндік және бақылау жұмыстары, сынау тапсырмалары, т.б.

Үй тапсырмасын тексеру мен ауызша жауап беру көптеген сұарақтарға кездеседі. Үй тапсырмасын тексеру оқушылардың білімін жүйелі түрде байқау мен бақылауға мүмкіндік туғызады. Ауызша бақылау жұмысы оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін жеделтейтін есептеу білігін дамытуға ықпал етеді. Өздік жұмыстың мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту, жалпылау, жүйелеу, келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.

Математикалық диктант оқушылардың білімін болжау, білімдегі кемшіліктердің алдын алу үшін жүйелі түрде қолдануға болады. Диктантқа енгізілген сұрақ, тапсырмалар анық және қысқа болғаны дұрыс.

Диктантта 3 сұрақтан 10 сұраққа дейін болып, ұзақтығы 8-15 минутқа созылады. Болжау жұмысы – алған білімді тексеру мен есепке алудың маңызды құрамдас бөлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді