Педагогикалық институтының директоры



бет2/5
Дата10.09.2017
өлшемі487.5 Kb.
#20014
1   2   3   4   5

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізінен оқу материалдары түсіндірілетін және есеп шығарудағы практикалық дағдыларды қалыптастыратын дәріс және практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша коллоквиум және жазбаша бақылау жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар және үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер беріледі.


Студенттерге қойылаты талаптар:

Қатысу:


Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде жұмыспен өтеді.
Аудиториядағы тәртіп:

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:

1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

2. Сабақтан сұрануға;

3. Бос әңгімеге;

4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге;

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

1. Өз пікірін дәлелдесе;

2. Сабаққа белсенді қатысса;

3. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.



Үй тапсырмасы:

Үй жұмысының орындалуына міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған он үй жұмысыңыздан сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.


Жеке семестрлік тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс, жұмыста қателер табылған жағдайда ол студентке қайта қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.


Өзіндік жұмыс:

Сабақта орындалып, сабақ соңынды тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.


Коллоквиум:

Коллоквиум әрбір топқа жеке қойылған кесте бойынша тапсырылады. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



3 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тексеру нәтижесі.




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен

мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу

Мерзімі және тапсыру уақыты



Балл

Бақылау түрі

1.

Баяндамалар, рефераттар жазу

Дәрістерде алған теориялық білімдерін толықтырады және тереңдетеді.

ШКБМ жағдайындағы оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері.

2.ШКБМ-дағы бір пәндік, әр пәндік, топтастырылған сабақтарды ұйымдастыру

3.ШКБМ-да сабақ кестелерін құру мәселесі.

4.ШКБМ жағдайындағы сабақтар жоспарын құру, сабақ үлгілерін жазу.


«Шағын мектеп» журналы-20032008 «Бастауыш мектеп» журналы.

-//-//-


-//-//

-//-


3 апта

6 апта


8 апта

11 апта





Тапсырманы тексеру, тыңдау-талдау.

-//-//-


-//-

-//-


2

Коллоквиум

1.ШКБМ-да оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтар, олардан шығу жолдары.

2. ШКБМ-ның бүгіні мен ертеңі



-//-
-//-

5 апта
10 апта




Ауызша жауап беру

-//-





  1. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы






Әдебиеттер атауы

Барлығы

кітапханада

кафедрада

студенттердің

Электронды

түрі


ескерту

1

Негізгі әдебиеттер

Стрезикозин В.П.Организация занятий в малокомлектной начальной школе М.1969 г.



-

-

-

-

Кітапханаға түспеген

2

Самостоятельная работа учащихся на уроках в малокамплектной школе под.ред.М.А.Мельникова и А.М.Пышкало М.Педагогика 1974 г.

-

-

-

-

-

3

Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектный школе М.1975 г.

-

-

-

-

-

4

Т.К.Оспанов, Ш.Х.Курманалина математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі.Алматы 1996 ж.2-бөлім.қосымша әдебиеттер

-

-

-

-

-

1

Ш.Х.Құрманалина ж/е т.б.математикадан дидактикалық материалдар.1-сынып Алматы 1997 ж.

-

-

-

-

-

2

Б.М.Қосанов ж/е т.б.Математикадан дидактикалық материалдар.2-сынып Алматы 1998 ж.

-

-

-

-

-

3

«Шағын мектеп» журналы

2 дана

-

80%

-




4

«Бастауыш мектеп» журналы

2 дана

-

80%

-






5 Пән бойынша дәрістердің конспектісі
1-дәріс.

Шағын кешенді (комплектілі) бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы оқу пәні ретінде.

Тақырыбы: Шағын кешенді (комплектілі) бастакуыш мектепте (ШКБМ) математиканы оқыту технологиясы оқу пәні ретінде.

Дәрістің мазмұны:

  1. Курстың объектісі, пәні, мақсаты мен мазмұны.

  2. Курстың мазмұны, әдістері және басқа оқу пәндерімен байланысы (психология, педагогика, т.б)

Дәрістің мақсаты: Студенттерді шағын кешенді бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы пәнінің объектісі, мақсаты және міндеттерімен таныстырып, оның педагогика, психология және математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәндерімен байланысын көрсету.

Әдебиеттер:

  1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. Алматы 2002 ж.

  2. ҚР бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. Алматы 1998 ж.

  3. Т.К.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі 2-бөлім, Алматы 1996 ж.

  4. М.Сайпин Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. Алматы 1984 ж.

1.Шағын кешенді бастауыш мектепте оқу-тәрбие ісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан шағын кешенді бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау орны ерекше. Себебі, еліміздегі бастауыш мектептердің көпшілігі шағын кешенді мектептер.

Курстың объектісі – бастауыш сынып мұғалімінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсіби білімнің құралды ретінде әдістемелік білім.

Курстың пәні – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің БОПӘ мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес шағын комплектілі бастауыш мектеп математиканы оқыту технологиясынан берілетін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру барысы.

Оқу пәнінің мақсаты – болашақ мұғалімдерде шағын кешенді бастауыш мектепте жағдайында математикан оқыту үрдісін ұйымдастыруға қажетті білім, білік және дағдылар қалыптастыру.

Курстың негізгі міндеттері:

  • шағын кешенді бастауыш мектеп мұғалімдеріне тән кәсіби білім қалыптастыру;

  • шағын кешенді бастауыш мектеп жағдайында іс-әрекетке қажетті біліктерді қалыптастыру.

Бұл пәннің бағдарламасы негізінде анықталған мазмұны мен құрылысы ШКБМ-тің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби дайындаудың сапасын көтеруге бағытталған.

2. Курстың негізгі мазмұнына мынандай сұрақтар кіреді:

Шағын кешенді бастауыш мектеп математиканы оқу пәні ретінде.

Шағын кешенді бастауыш мектеп математиканы оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері.

Шағын комплектілі бастауыш мектептерде математикалық білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру.

Курсты оқытудың әдістері: Ғылыми-педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді, бағдарламаларды, математикадан оқулықтар мен оқу-құралдарын теориялық талдау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау, бақылау, анкета, тест және т.б.

ШКБМ-те математиканы оқыту технологиясы бастауыш мектеп және ШКБМ педагогикасымен, психологиясымен, математикамен, бастауыш мектептегі оқыту теориясы және технологиясымен тығыз байланысты.

ШКБМ-те математиканы оқыту технологиясы бастауыш мектепте математиканы теориясы және технологиясының дамуымен тығыз байланысты. Кеңес дәуірінде шағын кешенді мектептерді көптеп ашылуы аталмыш ғылымның даму жолын анықтады. Осы ғылымның қазіргі даму тенденцияларына соңғыонжылдықта жабылып қалған Қазақстандағы ШКБМ-ді қалпына келтіруді, аталмыш мектеп оқулықтарын оқытуды ұйымдастыру үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді, ШКБМ-де қазіргі заман педагогикалық технологияларды дайындау және қолдануды , сыныптарда бір тақырыптың және бір пәнді математика сабағын өткізуді жатқызуға болады.

ШКБМ жағдайында математиканы оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заман педагогикалық технологиялары.

Курсты оқытып-үйрету педагогикалық-психологиялық пәндерді, бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту теориясы және технологиясы курстары оқытылып-үйретілгеннен және педагогикалық сарамандар өткізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес студенттердің білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар:



  • ШКБМ-тің мән-мағынасын,оның ерекшеліктері, мақстатымен міндеттері, математиканы оқыту үрдісін ұйымдастыру жайында теориялық білімдері болуы тиіс;

  • Оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыратын сабақ және өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалы әдіс-тәсілдерін білуі тиіс;

  • Әр түрлі нұсқада топтастырылған сабақтарды жоспарлай өткізе және оларды талдай білулері керек.

Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. ШКБМ-тің мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.

  2. Курстың әдістері және басқа оқы пәндерімен байланысын анықтаңыз.

2-дәріс.

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектепте математиканы оқытудың қазіргі жайы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Шағын кешенді бастауыш мектепте оқытудың ерекшеліктер.

  2. Шағын кешенді бастауыш мектепте математиканы оқытудың қазіргі жайы.

Дәрістің мақсаты:Студенттерді шағын кешенді бастауыш мектепе математиканы оқытудың ерекшеліктерімен таныстырып, оның бүгінгі күнгі жайын көрсету.

Әдебиеттер:

  1. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. 2-бөлім, Алматы 1996 ж.

  2. Шағын комплектілі мектеп. Мазмұны мен әдістері. Мақалалар жинағы. Бастауыш мектеп журналы №7, 2002 ж.

1.Шағын кешенді мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі шағын кешенді мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғаны белгілі.

Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде халықты тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады.

Елімізде шағын кешенді мектептің үш түрі бар: 1)бастауыш шағын кешенді мектеп. 2) негізгі шағын кешенді мектеп. 3) жоғарғы сатылы (орта) шағын кешенді мектеп.

Олардың бәріне тән қасиеттер:



  • тек біріктірілген сынып-кешендердің болуы (бұл ШКБМ-де басым)

  • тек біріктірілген сынып-кешендердің және бала саны аз жеке сыныптардың болуы;

  • тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орта шағын мектептерде басым)

ҚР «Білім туралы» заңында шағын кешенді мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-кешендері бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетілген.

Сонымен қорыта келгенде, шағын кешенді мектептің басты ерекшелігі:

а) мектепте және сыныптағы бала санының аздығы;

ә) біріктірілген сынып-кешендердің болуы;

б) бір мұғалімнің басшылығымен бір оқу бөлімінде екі (үш, төрт) сынып оқушыларымен бір мезгілде сабақ өтуі.

в) педагогикалық ұжым аздығы;

г) негізгі және орта мектепте білім берудегі көппәнділігі.

2 Бүгінде шағын кешенді мектеп тек білім аздығы ғана емес, руханият аздығы да болып отыр. Шағын кешенді мектептің соның ішінде бастауыш шағын кешенді мектептің бүгінгі күнгі түрлері:

1) шағын кешенді мектеп-балабақша.

2)шағын кешенді мектеп кәсіпорын (фермерлік)

3)шағын кешенді мектеп-бизнес;

4)шағын кешенді мектеп-гимназия;

5)шағын кешенді мектеп-лицей;

6)шағын кешенді жекеменшік мектеп;

7)шағын кешенді модульдік мектеп.

Басқа оқу орындары секілді бұл мектептерге, ондағы білім мазмұнына да талаптар қойылады:

Біріншісі:

а)Оқу үйіне қойылатынталаптар;

ә)ауласына қойылатын талаптар;

б) мектеп жағдайына қойылатын талаптар;

в)жарық жүйесіне қойылатын талаптар;

г)су, әсіресе таза мәселесі;

д)санитарлық талаптар;

е)тамақты ұйымдастыру.

Екіншісі: Білім мазмұны.

а)оқу жоспарының дәстүрлі пәндері (базалық білім)

ә)кіріктірілген (интеграцияланған) курстар;

б)қызығушылыққа сай дәстүрлі емес пәндер;

в)пәндерді тереңдетіп оқыту;

г)профильдік оқыту;

д)авторлық бағдарламалар.

Үшіншісі: Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру:

а)оқытудың негізіне алынатын дамыта оқыту идеясы, оның қағидаларын, ұсыныстарын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану әдістемесін жете игеру;

ә)шағын кешенді мектептің оқу-тәрбие деңгейін көтеруге көмектесе алатын негізгі дидактикалық және әдістемелік тұжырымдарды, теорияларды, идеяларды сұрыптап алу;

б)шағын кешенді мектептерде оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану;

в)материалдарды беруде блоктік-модульдік принципті қолдану;

г)шағын кешенді мектептегі тәрбиенің мазмұны мен түрлері білім мазмұнымен ұштастырылып, ұлттық, тарихи сананы, ұлағаттылықты,халық өнері мен мәдениетінің негіздерін үйренуге бағыттау,

д)оқушылардың өздігінен дамуына қажетті моральдық-психологиялық ахуал құру.

1997-98 жж оңтайландыру нәтижесінде бастауыш шағын комплектілі мектеп саны қысқарды. Атап айтқанда, 1996-1932 ж, 2000-1200 болды.

Бірақ соңғы жылдары шағын кешенді мектептің дамуы динамикасының тұрақты өсуі байқалады. 2002 жылғы мәліметке қарай елімізде бастауыш шағын кешенді мектеп-1206 (оның 1178-і ауылдық, 28-і қалада) негізгі мектеп – 1022 (оның 1002-і ауылда, 20-сы қалада), орта – 2001 (оның 1893 ауылда, 108 қалада)



Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Шағын кешенді бастауыш мектепте оқытудың ерекшеліктерін атаңыз.

  2. Шағын кешенді бастауыш мектептерге қойылатын талаптарды атаңыз.


3-дәріс

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектеп мәселелері және оларды шешу жолдары.

Дәрістің мазмұны:

  1. Шағын кешенді мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары.

  2. Шағын кешенді мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылығы.

Дәрістің мақсаты:

Студенттерді шағын кешенді мектептерде кездесетін қиындықтармен таныстырып, оларды жеңу жолдары мен шағын кешенді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылығын көрсету.



Әдебиеттер: Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. 2-бөлім, Алматы 1996 ж

Бастауыш шағын жинақталған мектептердің проблемалары және оларды шешу жолдары. Бастауыш мектепт журналы №7, 2002 ж


Шағын кешенді мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар кездеседі. Жалпы білім беретін мектептердегідей шағын кешенді мектептерде де құжаттар мен талап бірдей қойылады.

Сондықтан да мектептердегі мұғалімдердің жұмысы ауыр. Бірнеше пәннен біріктірілген сабақтар беруге, 1-4 сыныптарда 4 мұғалімнің орнына 2 мұғалім сабақ береді. Егер бірінші сынып оқушылары ең болмағанда екі тоқсан жеке оқыту қажет болса, 4 сынып оқушыларын жеке оқытқан тиімді. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты музыка, дене тәрбиесі сабақтарын біріктіріп оқытуда келесі мәселелер жоқ емес, біріктіріп оқытуға болмайтын мәселелер де кездеседі.

Келесі қиындық – шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы. Оған ең бірінші себеп жүктеменің жеткіліксіздігі.

Орта арнаулы мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде жіберген кемшіліктері мен жетістіктерін бір сабақ жоспары мен бірнеше сыныпқаенгізгендіктен бір күнге ғана білсе шағын кешенді мектеп мұғалімдері үш жылда біледі.

Келесі қиындық шағын кешенді мектепте мұғалім әр түрлі жастағы оқушыларды оқытатындықтан бірнеше деңгейдегі бағдарламамен жұмыс істеуі керек. Берілген оқу бағдарламасымен әрбір сыныпты бөлек оқыту мен біріктірілген сыныптарды оқытудың арасындағы қиындықтар өте көп.

Келесі қиындық, шағын кешенді мектептерде көпшілікке араласпағандықтан оқушылардың мінезі ұяң келеді.

Бұл қиындықтар материалдыққиындықтар дақосылады.

2.Шағын кешеді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылық жақстары да баршылық:

1) Аыул мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Ата-аналармен қатынас орнату, сол арқылы оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл аудару.

2)Оқушының тілек-талабы және қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай мол.

3)Оқу материалын толық меңгеру – оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктеріннақтылы ескере отырып оқу ісін жақсартуға мүмкіндік бар.

4)Шағын кешенді мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білуге үйрету мүмкіндіктері мол.

5)СЫныптағы оқушылардың аздығы олардың әрқайсысының оқу материалын меңгеріп, білім сапасын, дағды-біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті.

6)Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға бағыт беруге жағдай бар.

7)Шағын кешенді мектепте оқушыларға табиғатты қорғауға, оны аялау, эстетикалық тәрбие, патриоттық тәрбие беру мәселелеріне жағдай жақсы.

Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шағын кешенді мектептегі негізгі қиындықтарды атаңыз.

2.Шағын кешенді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылықтарын келтіріңіз.
4-дәріс.

Тақырыбы: Шағын кешенді бастауыш мектепте математиканы оқыту мәселелері.

Дәрістің мазмұны:

1.Шағын кешенді мектепте математика сабағының ерекшеліктері.

2.Шағын кешенді мектептергі математиканы оқыту құралдарына сипаттама.

Дәрістің мақстаы: Студенттерді шағын кешенді мектептегі математика сабағының ерекшеліктерімен таныстырып, ондағы оқыту құралдарына сипаттама беру.

Әдебиеттер:

1.Т.Оспанов, Ш.Құрманалина Математиканың ьастауыш курсын оқыту әдістемесі. 2-бөлім, Алматы 1996 ж.

2.М.Сайпин Шағын кешенді мектепте математиканы оқыту. Алматы 1984 ж
1.Шағын кешенді мектептің бастауыш сыныптарда математика пәнін оқыту үрдісі кәдімгі мектептің сыныптарында математика пәнін оқыту үрдісінен бірқатар өзгеше. Бұл шағын кешенді бастауыш мектептерде педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың ерекшеліктерінен туындайды.

Бірге оқитын сыныптардың болуы, яғни бір оқу бөлмесінде бір мезгілде мұғалімнің жетекшілігімен екі, үш тіпті төрт сынып оқушылары оқиды.

Сондықтан оқу үрдісін ұйымдастыруда мұғалім ескеруге тиісті:


  1. 2-4 сыныпты қатар оқытатындықтан сабақ кестесін, сабақ жоспарын жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс тиімді пайдалану қажет.

  2. Бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен мұғалімге бірдей, ол бірнеше сыныппен істегенде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады, сондықтан да оқушы мен мұғалім бұл сабақтарды әр түрлі қабылдайды. Мұғалім «үлкен» сабақтың кезеңдеріне көбірек көңіл бөліп, «кішкентай» сабақтарға дұрыс көңіл бөлмейді, ал оқушы «үлкен» сабақтан гөрі, өзі қатысатын сабағының әрбір кезеңі «кішкене» сабақтарды қабылдайды. Сондықтан мұғалімге бір күнде 8-16 сабаққа оның әр бөлігін санағанда 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы керек.

  3. Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас мұғалім бір сыныппен жұмыс істеп,екінші сынып жұмысын бақылап, дер кезінде көмек көрсетуі керек.

  4. Мұғалім әр сыныппен жұмыс істегеннен кейін оның міндетті түрде логикалық жалғасы өз бетімен жұмысты ұйымдастыруы қажет болады.

  5. Бір сабақтың үстінде мұғалім түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан балалар психологиясын жақсы білуі қажет болады.

  6. Шағын кешенді мектептер орта мектептерден қашық орналасады. Сондықтан мұғалімнің басқа әріптестерінің сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, осының салдарынан өсуден гөрі жауапкершіліктері төмендеу қаупі туады.

  7. Мұғалім сабақтың барысында ұйымдастырылатын өз бетімен жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне қарай лайықтап, орындау уақытын тиянақты болжауды ойластыруы керек.

2.Ағымдағы оқу әрекетін ұйымдастыру үшін мұғалім оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) пайдалана алады.

Оқулық – математикалық білім беру мазмұнын айқындайтын негізгі оқу құралы.

Оқулықтың ерекшеліктері:


  • онда әр сабаққа сәйкес келетін материалдар беріледі. Яғни оқулықты құрастыруда сабақтық принцип сақталады.

  • Жаттығулар білімді жүйелі түрде меңгертуге, білік пен дағдыны жетілдіруге бағытталған.

Жаттығулар жүйесі бастауыш мектеп математика курсының нақты мәселелерін оқыту әдістемесін анықтайды. Оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыста жүргізуге арналған материалдарды тиімді таңдап алуды ескерген.

ОӘТ құралына тағы мынадай құралдар енеді.

Математиканы бастауыш оқыту бағдарламасы үш бөлімнен тұрады:

1)бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері оқыту мазмұнына сипаттама;

2)математикалық білім мазмұнының сыныптарының бөлінуі оқулықтаржың математикалық дайындығына қойылатын талаптар.

«Математика дәптері»

«математикадан дидактикалық материалдар», «Дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар».

«Математика оқулығына әдістемелік нұсқау». Әрбір сынып үшін дайындалған, онда математикалық білім мазмұны, математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу, сабақтарға нұсқаулар, сабақтың үлгі мазмұны келтіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді