Педагогикалық диагностика және білім сапасы мониторингі жүйесі

Loading...


Дата15.09.2020
өлшемі60.5 Kb.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫ МОНИТОРИНГІ ЖҮЙЕСІ
Педагогикадағы қазіргі кезең «ғылыми тектес демагогия мен ауызша эквили-бристикадан түпкі нәтижені шынайы болжамдауға» қарай өтумен сипатталады. Оған білім беру саласын ақпараттандыру мен ақпараттық технологияларды енгізудің нәтижесінде қол жетіп отыр. Бүгінгі күні педагогиканың маңызды бір саласы педагогикалық диагностика болып саналады. Диагностикада дәстүрлі түрде білімі мен біліктілігін тексеруден гөрі анағұрлым кеңірек әрі тереңірек үңіле қарау басым. Оқытып-үйретуді, оқуды меңгерудегі табыстарын, білім нәтижесін және т.б. сараптауды айырып көрсетеді. Тексеру нәтижелерді сарап-тап - талдап қарамайды, тек қана баяндап береді. Диагностика жүргізу нәтижелерді оған қол жеткізудің жолдары және тәсілдерімен байланыстыра отырып қарастырады әрі сол саладағы үрдістерді, оқушыларды қалыптастырудың динамикасын анықтайды.

Қазіргі танда Қазақстанның білім беру кеңістігінде білім беру сапасын бағалау саласында іс жүзіндегі зерттеулер елеулі дамып отыр. Дегенмен, диагности­ка мен бағалаудың әдіснамалық негіздерін, Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуды басқару мен болжаудың базалары ретінде білім сапасы саласында мониторинг зерттеулер жүргізу жүйесін әзірлеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. К.Н. Нәрібаев атап көрсеткендей «кез келген, әсіресе білім беру жүйесі саласындағы реформа ең алдымен ғылыми негізделген болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда неге апарып соғары белгісіз. Бұл білім беру жүйесін реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың рөлін жоққа шығарғандық емес. Әңгіме қоғамдық мәні үлкен білім беру реформасының тиімділігін, сенімділігін және нәтижелілігін арттырудың қажеттілігінде болып отыр».

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу туралы мәселені ҚР Білім және ғылым министрлігі көтерген болатын. Еуропалық кеңес пен ЮНЕСКО 1997 жылы Лиссабон қаласында қол қойған Жоғары білім туралы халықаралық конвенция Қазақстанда мамандарды даярлаудың сапасына кепілдік беру тетіктерін дамы-ту мен жетілдірудің өзектілігін арттыра түсті.

Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда білім сапасы кепілдігінің белгілі бір ме­ханизм! қалыптасты. Ол: мемлекеттік деңгейдегі лицензия беру, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау, ұлттық бірыңғай тестілеу (¥БТ), жоғары оқу орындары студенттерінің оқудағы жетістіктерін аралық мемлекет-тік бақылау (АМБ) қызметтері. Осы жылдар аралығында қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы алты орталық пен Қадағалау комитеті атқаратын Білімді бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Барлық жоғары оқу орындарында сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) енгізілуде, алайда көп жағдайларда ол сертификатталуға тиісті ИСО 9000-2000 талапта-рына сай құжаттама түрінде ұсынылып отыр. Сапа менеджментінде диагнос­тика және аудит процестері (педагогикалық, психологиялық, социологиялық), мониторингжүйесі, бағдарламалық қамтамасыз ету және білім беру процестері мен құбылыстары сапасын тексерудің нәтижелерін көрсететін деректер қорын құру барынша маңызды. Қазіргі кезде жоғары оқу орнындағы (колледж немесе мектептің) сапа менеджменті жүйесінің ұзақ мерзімді бағдарламасының жұмысы ең алдымен ақпараттық қамсыздандыру және диагностикалық аппарат пен оның құралдарын жасап шығару жөніндегі мақсатқа бағытталған дәйекті істі жүргізудің қажеттілігімен байланысты. Бұл білім беру ісіндегі күллі үрдістер мен өнім (бітірушілер, ғылыми, оқу, әдістемелікжәне басқалар) сапасының ахуалы туралы неғұрлым объективті ақпараттарды алып тұруға мүмкіндік жасайды.

Алған тәжірибемізге қарап, ҚР Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінде маңызды компоненттің, яғни педагогикалық диагностика мен оның құралдарының ғылыми тұрғыдан жеткілікті өңделмегенін көрсетіп отыр. Аталмыш мәселе білім сапасын бағалаудың нәтижелері сапаны басқару мен білім жүйесін дамытудың жолдарын болжамдаудағы базасы болып табылатын мо­ниторинг зерттеулердің объективті болуына байланысты болмақ.



Білім сапасы көрсеткіштерінің бірыңғай стандартталған жүйесі және оның бағалары, сондай-ақ білім сапасын басқарудың жүйесі Қазақстанда енді ғана қалыптасып келеді. Педагогикалық диагностиканың дамуы диагностикалық рәсімдердің елеулі күрделілігіне, ғылыми-теориялық негізі мен оның қызмет ету қағидалары, білім нәтижелерінің өлшемдері мен бағалауындағы ғылыми әдістерінің, стандартталған бақылаушы құралдар қорын құрудың әзір болмауынан тежеліп тұр. Бұл тұста білім беру ісіндегі күтулі және қалаулы нәтижелерді стандарттаудың, өлшемдік және сандық бағалануға тиісті педагогикалық про-цестер эталондарын, нормаларын анықтау мәселесініңтөтенше маңыздылығы көрінеді. Білім беру ісін стандарттау мен білім сапасын анықтау өзара тығыз байланысты процестер. Стандарттар білім беруде нысанаға алған істердің же-тістіктерін бағалаудың өлшемдік негізі және «нормасы» болып табылады. Онда оқу орындарындағы іс-әрекеттің қорытынды нәтижелері салыстырылуға тиісті. Кез келген ел тек білім саласын шынайы түрде бағалап, білім сапасы деңгейін білім берудегі жетістіктердіңхалықаралықдеңгейімен салыстыра отырып қана, әлемдік қоғамдастықтағы толық құқылы және көп аспектілі әріптестікке қол жеткізе алмақ. Тестілеу, диагностиканың бір әдісі ретінде оқушылар мен білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау үшін кеңінен пайдаланылады.

Алайда, бұл диагностика нәтижелерінің объективтілігі бағалаушы құралдар немесе тест тапсырмаларының сапасы жоғары болса ғана мүмкін жайт. Қазақстандағы диагностика құралдарын әзірлеушілердің ғылыми және іс жүзіндегі тәжірибесі тест тапсырмалары қорын жасауға мүмкіндік берді. Онда негізінен фактологиялық пәндік білімін тексереді. Жалпы немесе жеке неме­се сараптамалық қызметіндегі салыстыру, анықтау қабілеттілігін, пәнаралық білімді ұштастыру логикалық ойлау жүйесінің мүмкіндіктерін, кестелерді, диа-граммаларды, сызба материалдарын сараптау мүмкіндіктерін айқындайтын өлшеуіштер өте аз. Бұл біліктілік пен құзыретін тексере алатын өлшемдердің жаңа түрлерін айтпағанда, әрине.

Қазір ұлттық бірыңғай тестілеуде пайдаланатын оқу жетістіктері өлшеуіштеріне ескертулер көп. Оқушылар мен студенттер, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері тарапынан аппелляцияға берудің көптігі осыған байланысты. Англия мен АҚШ-та және басқа елдердегі тестологияның даму тарихына 200 жылдан астам уақыт болған екен. Онда тек диагностика (психологиялық, педагогикалық және социологиялық) жағынан ғана емес, осы елдердегі тестілеу ісінің түрлі мақсат, міндеттерін, сондай-ақ алынған деректердің математикалық және статистикалық өңдеулерін ескере отырып, тест тапсырмаларын құрастыру жұмыстарында да орасан зор тәжірибе жинақталғаны мәлім Қазақстанда бұл зерттеулер жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау міндеттемесіне байланысты бақылап-қадағалаушы құралдар қорын жасаудың қажеттілігі ке-ліп туындағанда, тек 1988 жылдан кейін дами бастаған еді. Тестілеуді бақылау нысаны ретіндегі алғашқы ендіру жұмысының дамуы Қазақстанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастау алды. 1992 жылы сапа жүйесі жасалып, оған факультеттер, кафедралар және жалпы университеттің дәйекті түрде өз-өзін аттестаттауы енген болатын. Бағалаудың негізі ретінде жан-жақты амал-тәсілдер алынды, дегенмен оқытудың нәтижелік көрсеткіші студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау арқылы жүргізілді. Осыған байланысты білім берудің диагностика жүйесі мен сапасын бағалауды қамтамасыз етудің бағдарламасы әзірленіп, университет оқытушылары күшімен факультеттердің өзін-өзі аттестаттауына және тестілеу емтихандарына (қабылдау және сессия) арналған тест тапсырмаларының қоры жасалды.

Соңғы жылдардағы талапкерлерді кешенді тестілеу жұмысының онды ерекшеліктерімен қатар ақсап жатқан жерлері де бар. Мәселен, рәсімдерге, өлшемдерге және қорытынды нәтижелерге қатысты негативті баға беріліп, оның соңы оқушылар мен ата-аналарының сансыз аппеляцияға жүгінуіне әрі тестілеу ісіндегі келеңсіздіктер жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына әкеп соқты.

Мектептегі оқу үлгерімін тестілеуде алғашқы із салған ағылшын Джордж Фишердің шамамен 1864 жылы пайда болған «sсаіе bоокs» кітабы болды. 1894 жылы американдық Дж.М. Райс өзінің орфография жағынан білімін тексеруге арналған кестелерін дидактикалық амалдардың тиімділігін үйрену үшін пайдаланған. Біліктілікті анықтауға бағытталған диагностикалық іс-әрекет көбінше тиісті қоғамдық құрылымдар мен талаптарға байланысты.

Білімді тексеру мен бағалау мәселелерінің ахуалын талдай келе, оның көп қырлылығын, зерттеушілердің оны әралуан аспектіде қарастырғанын атап өткен орынды. Бұл мәселенің қызметін, әдістерін, қағидаларын және бағалаудың жалпы және жеке жағдайларын зерттеуге байланысты негізгі бағыттарын көрсетіп беруге болады.

Педагогикалық диагностика бүгінгі күні педагогиканың маңызды бір саласы ретінде білім сапасына кепілдік беретін барлық механизмдердің, білім беруді сыртқы (халықаралық, ұлттық) және ішкі (институттық) бағалаудың, сондай-ақ білім сапасы саласында сапа менеджменті мен мониторингтік зерттеулер жүйесі жүргізілуінің негізгі өзегі болып табылады.

Қазіргі замана дамуы кезеңінде білім сапасына диагностика жасау өзекті мәселе. Ол білім беру жүйесі оқыту процесіндегі ахуалдың статистикалық және динамикалық сипаттамасын айқындауға арналған. Тағы да ол оқу процесі не­месе білім беру жүйесінің көлемі мен құрылымдық күрделілігіне байланысты, зерттеліп отырған білім деңгейі мен педагогикалық процестің нәтижесін сан жағынан сипаттайтын критерийлер мен параметрлер кешенін анықтауға негізделген.

Педагогикалық диагностика - бұл бақылау түрлерінің жүйесі. Онда өлшемдік тетіктер көмегімен оқу процесінің (тестер және өзге де құралдар) сандық, сапалық сипаттамасын белгілеп, қол жеткен табыстарын анықтауға болады. Педагогикалық диагностиканың мақсаты қай қырынан алғанда да сандық және сапалық көрсеткіштерді белгілеу, бұл жүйедегі істердің нәтижелі әрі тиімді болуы үшін қажет. Білім сапасына диагностика жасағанда оқыту процесінің нәтижесіне үңіліп, мамандар даярлығына мониторинг жүргізбей болмайды. Немесе керісін-ше, өйткені сандық, сапалық көрсеткіштерді жинау және байқап отыру объек-тивті даму заңдылықтары мен жүйедегі хал-жағдайға барабар бағалауды бел-гілеуге арналған база болып табылады. Білімдегі сапа бағалаудың (бағаның) критерийлік базасы ұғымымен байланысты.

Педагогикалық диагностиканың кейбір қағидаларын 1991 жылы Е.А. Михайлыч бір қисынға келтірді:



  • жүйелілік және нақтылық;

  • диагностика теориясы мен әдістемесінің ғылыми негізділігі;

  • диагностиканың белгілейтін және түзететін қызмет түрлерін үйлестіру;

  • диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы;

  • диагностикалық әдістемелер мен рәсімдерінің оңайлығы; і

  • диагностиканың түрлері мен әдістерін оңтайландыру;

  • диагностиканың болжамдылығы.

Институционалдық деңгейдегі білім сапасына диагностика жасау мен бағалау жүйесін әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ білім беру ісін дамытудың қазіргі жағдайында педагогикалық диагностиканың мәселелері жөніндегі көптеген дерек көздерді талдау барысында, оның келесі қағидаларын атап көрсетуге болады:

  • жүйелілігі және біртұтастығы;

  • білімді тексерудің көп деңгейлілігі;

  • білім беру нәтижесінің сапасына диагностика жасаудың ауқымдылығы;

  • диагностикаға қатысты квалиметрикалық тәсіл;

  • диагностикаға қатысты өлшемдік-бағалау тәсілі;

  • өлшемдік аспаптардың стандартталуы;

  • пайдаланған кезде диагностика тетіктерінің, диагностикалық рәсімдердің, әдістердің, нәтижелерді математикалық және статистикалық аппаратпен өңдеудің әдістемелерінің ғылыми негізделген мазмұнда болуы (тапсырма-лар, тестер, сауалнамалар және т.б.) - диагностиканың объективтілігі және растығы;

  • жүйелілік - дидактикалық процестің барлық кезеңінде диагностика жасау| - білімді қабылдай бастағаннан оны ісжүзінде пайдаланғанға дейін;

  • ақпараттандыру (диагностика жүйесін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету және зерттеу нәтижелерін өндеу; деректер қоры, ақпаратты жеткізу);

  • диагностика нәтижесі динамикасына мониторинг немесе бақылап отыру;

  • жеке критерийлер бойынша жүргізілетін диагностиканың ашық, көрнекі түрде болуы;

  • жариялылық - бағаны жариялау және негіздеу;

  • кері байланыс - диагностика нәтижелерін білім берудің сапасын басқару үшін пайдалану.

Педагогикалық, психологиялық және социологиялық диагностика әлемдегі білім беру жүйесін реформалаудың қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесіндегі, білім беру ұйымдарының өзін институттық деңгейде бағалаудағы, мониторингтік зерттеулердегі, сапа менеджменті жүйесіндегі анықтаушы процестер болып қалыптасып отыр.

Білім берудің тұлғаға бағдарланған жаңа парадигмасы оны жан-жақты дамытуға бағытталған. Білімнің сапасы ең алдымен уақыт талабына жауап бере алатындай тұлғаның қалыптасуына оқу процесінің қаншалықты ықпал ететіндігімен бағаланады. Үздіксіз білім алудың қорытындылаушы нәтижесін бағалауға тек ғылыми негізделген диагностика (педагогикалық, психологиялық және социологиялық) мен оның тетіктері болған жағдайда әрі мониторинг зерттеулер жүргізілгенде қол жетпек.

Диагностика мен тетіктердің барлық түрін дамыту білім сапасын бағалау жүйесінде өте маңызды орын алады. Ол білімнің ұлттық, институтиционалдық және тұлғалық немесе жекелік деңгейлерінде білім сапасына кепілдіктің негізі болып табылады. Бұл ретте білім сапасын бағалауда, мониторингте, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиларды (АКТ) және де білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін дамытуда

диагностиканың маңызы зор.
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК,



арнайы пәндер оқытушысы Мустафина Ардак Карымсаковна

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...