«Педагогика және психология» кафедрасы «Қазақстандағы психология ғылымының дамуы» пәнінен обсөЖ және СӨЖ сабақтарының

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі74.5 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Шымкент университеті
«Педагогика және психология» кафедрасы

«Қазақстандағы психология ғылымының дамуы» пәнінен

ОБСӨЖ және СӨЖ сабақтарының

әдістемелік нұсқауы

(3 кредит)


Шымкент 2017ж

«Қазақстандағы психология ғылымының дамуы» пәнінен ОБСӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы Шымкент университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында қарастырылды.

ОБСӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы «Педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, ұсынылған.
Хаттама №____ «_____» _______________2017ж.
Кафедра меңгерушісі ____________

Пәннің жалпы сипаттамасы

Пәннің мақсаты: Қазақстандағы психологиялық ғылымның қазіргі кездегі жағдайы мен құрылуы жайлы білімнің жүйесін қалыптастыру және студенттердің психологиялық даярлығын тереңдету болып табылады.

Міндеттері:


  • Қазақстандағы психологиялық ғылымның әлеуметтік, тарихи, ғылыми теориялық дамуының негізін қалыптастыру;

  • Қазақстандағы психологияның қазіргі кездегі тенденцияларының даму кезеңі және пайда болу сатысы туралы білімді қалыптастыру;

  • Студенттердің тарихи-психологиялық бейнелі ойлауын дамыту;

  • Қазақстандағы әр түрлі уақыт кезеңіндегі психологиялық ғылымның құрылу процесі арқылы студенттердің ғылыми көзқарасын дамыту;

  • Психологияның даму қисынының ұғынуын, тарихи негіздерімен жұмыс істеу икемділігін қалыптастыру.

Пәннің зерттеу объектісі: Қазақстандағы психологиялық ғылымның тарихи қалыптасуының толық процесі және оның негізгі кезеңдері мен бағыттары болып табылады. Пәннің негізгі зерттеу әдістері: тарихи психологиялық оқиғаларды талдау әдісі, салыстырмалы талдау әдісі. Бұл пән, әлеуметтік практикалық маңыздылығының және психологияның ғылым ретінде жан-жақты, толық қабылдауының жүйелі құраушы қызметін орындай отырып, психологиялық білім жүйесінде маңызды орын алады.

«Қазақстандағы психологиялық ғылым» ғылыми пән ретінде, Қазақстанның ежелден кезеңнен бастап Егеменді мәртебесіне ие болған уақытына дейін және оның басқа ғылымдардың арасының орнындағы психологияның дамуын ашатын жүйелеу және жалпылаудың қажеттілігімен пайда болды.



Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік ұсыныстар

- СОӨЖ кестесін басшылыққа алу;

- оқытушы өз бетінше орындауға ұсынған барлық жоспарлы тапсырмаларды орындау және практикалық сабақтарда, СОӨЖ-де түсініксіз болған сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңестер алу;

- тапсырмаларды СӨЖ кестесіне сәйкес дер кезінде орыдау;

- өз бетінше жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізуі керек;

- алынған ақпараттарға талдау жасау, қорыту және өз тұжырымдамасының болуы міндетті;

- тапсырманы оқытушыға тапсыру кезінде өз тұжырымдамаларын дәлелдей білу;

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар:


  • тақырып бойынша кішігірім зерттеу жүргізу, әдебиеттерге шолу жасау;

  • тақырып бойынша негізгі мәселені анықтау;

  • баяндаманың жоспарын құру;

  • жоспар бойынша бірізділікпен, қисындылықпен мазмұндайды;

  • өзінің тұжырымын жасау;

Тақырыптар бойынша реферат дайындалады.



Реферат дайындауға әдістемелік ұсыныстар:

  • реферат тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды;

  • керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.

  • реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады;

  • Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау;

  • пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет;

  • студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Рефератты талқылау шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығарумаңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
СӨЖ тапсырмасын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • тапсырманы қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады

  • Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.

  • Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс.

  • СӨЖ орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, студенттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.


7. Студенттердің білімін бақылау және бағалау

Ағымдағы бақылау

  • Ағымдағы бақылау пәннің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі және дәрісхана мен дәрісханадан тыс сабақтардағы білімдерді бақылауды қамтиды.

  • Әрбір тақырыпты өткеннен кейін студентке сұрақтар беріледі, студент бұл сұрақтарға ауызша жауап береді;

  • Ағымдағы бақылауда білім алушылардың оқу жетістіктері әрбір тапсырма үшін 100 баллдық шкаламен бағаланады.


Пән бойынша межелік бақылау

Межелік бақылау 7 және 15 аптада өткізіледі.



Студент:

  • барлық СӨЖ тапсырмаларын орындауы;

  • №1-7 дәрістер бойынша 1-ші аралық бақылау; №8-15 тақырыптар бойынша 2-ші аралық бақылау өткізіледі.

  • №1-5, №6-10 жеке сабақ тапсырмаларын орындауы,

  • коллоквиумды нәтижелі тапсыруы тиіс.

Коллоквиум алдын-ала бекітілген аралық бақылау сұрақтары бойынша практикалық сабақ барысында ауызша тапсырылады.

Білім алушыларды пән бойынша аралық аттестаттау

Пәнді оқып-үйрену емтиханмен аяқталады. Емтихан шығармашылық түрде қабылданады.

Емтиханға:


  • пән бойынша тапсырманың барлық түрлерін орындаған;

  • межелік бақылауды тапсырып, 30 баллдан кем балл алмаған студент жіберіледі.

Пән бойынша шығармашылық емтихан талаптары университеттің сайтында «емтихан сұрақтары» бөлімінде орналастырылған.
4. СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

4.3. Модульдер бойынша ОСӨЖ және СӨЖ нөмірі және атауы

1-модуль Қазақстанда психологиялық ойлардың пайда болуы мен дамуы

  1. Көшпелі халықтың тұлғасының адамгершіліктік-психологиялық үлгісін жетілдіру

  2. Қазақ ғалымдарының ауыз әдебиетіндегі қазақтың психологиясынң бейнелеуі жайлы үлестері

  3. Ақын-ойшылдардың қоғамдық психологияға тигізетін әсері.

  4. Жас және және педагогикалық психологияның дамуына қосқан үлесі.

  5. Психиканың жас ерекшеліктерін «Қара сөздер» арқылы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық негіздері.

2 модуль Еліміздің психологиялық ғылымының қазіргі кездегі дамуы

  1. Қазақ психологиясының дамуында ресей педагогтарының және психологтарының ролі.

  2. Қазақстандағы психология ғылымының дамуының қазіргі жағдайы

  3. Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғы шарттары

  4. Қазақстандағы психологиялық ғылыми жұмыстар

  5. Қазақстандағы психология ғылымының қазіргі жағдайы.



5.2. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Жарықбаев К. Қазақ тәлім-тәрбиесі: Қазақ ұлттық педагогикасы мен ұлттық психологиясының тарихы: Оқу құралы/ Жарықбаев, К., Қалиев, С.. - Алматы: Санат, 1995. - 349б.

2. Әдеп және жантану: Ұлттық тәлім-тәрбие: Хрестоматия: Орта мектеп.арн.оқу құралы/ құраст.Жарықбаев Қ.. - Алматы: Атамұра, 1996. - 221б.

3. Бап Баба С. Жантану негіздері [Электронный ресурс]: оқулық/ С. Бап Баба. - Электрон. текстовые дан.. - Алматы: Юрид.лит., 2003.

4. Бап Баба С. Жантану негіздері: Оқулық/ Бап Баба, С.; СәбетБалтаұлыБап-Баба(Бабаев). - Алматы: Заңәдебиеті, 2004

5. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология: Жантану негіздері: Оқу құралы/ Сәбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев). - Алматы: Дарын, 2003. - 273 б.

6. Жарықбаев Қ. Жалпы психология/ Қ. Жарықбаев. - 5-ші бас.өнделіп. - Алматы: Эверо, 2004. - 378б.

7. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық/ Жарықбаев Қ.. - 4-ші бас, өнделіп. - Алматы: Кітап, 2002. - 415б.

8. Құдиярова, А.М. Ортақтасу психология: Қарым-қатынас: Оқуқұралы/ Құдиярова, А.М.. - Алматы: Дарын, 2002. - 39б..: кесте

9. Ұлттық психология салаларынан арнаулы дәрістер: педагог.ин-тар мен ун-дің бағдарламалары/ жалпы ред. Қ. Жарықбаев. - Алматы: Б.к., 1992. - 82 б.. - Библиогр.: б. 79-80

10. Әубәкірқызы Б. Этнопсихология: Оқуқұралы/ БибісараӘубәкірқызы - Қарағанды: ҚарМУбасп., 2004. - 92 б.. - Библиогр.:б.90-92

11. ӘубәкірқызыБ. Психологиялық зерттеулердің әдістері: Оқуқұралы/ Әубәкірқызы Б.. - Қарағанды: Қар МУ басп., 2001. - 87б.

12. ӘубәкірқызыБ. Психологиялық терминдердің орысша-қазақшасөздігі/ Әубәкірқызы Б.. - Караганды: Қармубаспасы, 1998. - 79 б.

13. Айталы А. Ұлттану: Oқуқұралы/ Айталы, А.. - 2-ші бас. - Алматы: Арыс, 2003. - 223б.



Қосымша:

1.Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары: Студ.мен мұғалімдерге арналған көмекші құрал/ Жарықбаев Қ.. - Алматы: Білім, 2000. - 75б.

2.Жарықбаев Қ. Жантану пәнін орта мектептерде оқытудың мәселелері/ Жарықбаев, Қ.; Құдиярова, А. - Алматы: Дарын, 2004. - 107б.

3. Құсайынов А.Қ. Педагогика мен психология саласындағы диссертациялар:








Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...